Денисов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 қазандағы № 53 "Денисов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2017 жылғы 3 ақпандағы № 82 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 наурызда № 6888 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 83 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 29.11.2019 № 83 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Денисов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 қазандағы № 53 "Денисов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6716 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 желтоқсанда "Наше время" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс
сессиясының төрайымы
К. Амантаева
      Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Мұрзабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Денисов ауданының тұрғын

      үй-коммуналдық шаруашылығы,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      __________________ И.М. Важничая

  Мәслихаттың
2017 жылғы 3 ақпандағы
№ 81 шешіміне қосымша
  Мәслихаттың
2016 жылғы 24 қазандағы
№ 53 шешіміне қосымша

Денисов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

№ р/б

Коммуналдық қалдықтардың жинақталу объектілері

Есептеу бірлігі

Жылдық жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,0

2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,5

3

Жатақханалар, интернаттар

1 орын

1,0

4

Қонақ үйлер, демалыс үйлері

1 орын

0,9

5

Балабақшалар

1 орын

1,2

6

Мекемелер, ұйымдар, кеңселер, жинақтау банкілері, байланыс бөлімшелер

1 қызметші

0,5

7

Емханалар

1 келуші

0,01

8

Ауруханалар

1 төсек-орын

1,3

9

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,18

10

Кафелер, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отырғызатын орын

0,7

11

Кинотеатрлар

1 отырғызатын орын

0,2

12

Мұражайлар

жалпы алаңның 1 м2

0,14

13

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,02

14

Азық-түлік дүкендері

сауда алаңның 1 м2

0,6

15

Өнеркәсіптік тауарлар дүкендері

сауда алаңның 1 м2

0,5

16

Базарлар

сауда алаңның 1 м2

0,3

17

Автовокзалдар

жалпы алаңның 1 м2

0,08

18

Дәріханалар

сауда алаңның 1 м2

0,15

19

Автожуулар, жанар-жағар май құю станциясы

1 машина-орын

1,5

20

Автошеберханалар

1 қызметші

2,0

21

Шаштараздар

1 жұмыс орны

0,8

22

Тігін ательесы

жалпы алаңның 1 м2

0,4

23

Аяқ-қиім жөндеу шеберханалар

жалпы алаңның 1 м2

0,3

24

Моншалар

жалпы алаңның 1 м2

0,4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады