Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 303 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 503 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 8594 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 7 маусымдағы № 303 қаулысына (2016 жылғы 12 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Әкімдіқтің
2019 жылғы 16 шілдедегі
№ 503 қаулысына
қосымша


  Әкімдіқтің
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 303 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық аурухананың басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның клиникалық және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;

      4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      5) акушер;

      6) диеталық мейіргер;

      7) тіс дәрігері (дантист);

      8) кеңейтілген практика мейіргері;

      9) мейіргер;

      10) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

      11) зертханашы (медициналық);

      12) провизор (фармацевт);

      13) психолог маман;

      14) рентген зертханашысы;

      15) әлеуметтік қызметкер;

      16) фельдшер;

      17) аудандық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорын дәріханасының меңгерушісі;

      18) тәрбиеші;

      19) логопед;

      20) медициналық тіркеуші.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      4) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы.

      3. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектеп басшысының орынбасары;

      3) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі, психологі;

      5) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері;

      6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;

      7) әдіскер (негізгі қызметтердің);

      8) тәлімгер;

      9) әлеуметтік педагог;

      10) мұғалім-логопед, логопед;

      11) кітапхананың, интернаттың басшысы (меңгерушісі);

      12) кітапханашы;

      13) қосымша білім беретін педагог;

      14) тәрбиелеуші;

      15) мейірбике (мейіргер);

      16) емдәмдік мейірбике;

      17) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      18) концертмейстер (негізгі қызметтердің);

      19) аккомпаниатор (сүйемелдеуші) (негізгі қызметтердің);

      20) дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің);

      21) жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтердің).

      4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

      4) хореограф;

      5) музыкалық жетекші;

      6) кітапханашы;

      7) библиограф;

      8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      9) аккомпаниатор;

      10) концертмейстр;

      11) барлық атаудағы әртістер;

      12) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      13) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      14) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі.

      5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) (мамандандырылған) медициналық бике/аға;

      4) жаттықтырушы-оқытушы;

      5) нұсқаушы-спортшы;

      6) әдіскер.

      6. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) ветеринариялық дәрігер;

      2) ветеринариялық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады