Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 20 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 8563 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 576 ұсынысы негізінде, Костряков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округі Курское ауылында орналасқан Шнурко Александр Анатольевичтің шаруа қожалығы аумағындағы ірі қара мал құтыруының эпизоотиялық ошағына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Костряков ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 9 қарашадағы № 11 (2018 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8106 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Костряков
ауылдық округінің әкімі
С. Андренко

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Федоров

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ М. Б. Нуркин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Федоров

      аудандық қоғамдық

      денсаулық сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _________________ Е. К. Джагалтаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Федоров ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _________________ У. А. Успанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады