Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 06.05.2021 № 40/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 166/32 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3790 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
1-тармақтың сегізінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі – ҰОС) 500000 (бес жүз мың) теңге, сондай-ақ азық-түлік жиынтығына 5 (бес) АЕК мөлшерінде;";
1-тармақтың оныншы абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;";
1-тармақтың он бірінші абзацтағы "10 АЕК мөлшерінде;" деген сөздер мен сандар "50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;" деген сөздерімен және сандарымен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, бюджетті жоспарлау және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
Баянауыл аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Т. Қасен |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысының әкімі | Б. Бақауов |
2019 жылғы 7 қараша |