Баянауыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы № 40/4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 маусымда № 23176 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Баянауыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл аудандық мәслихатының сессия төрайымы А. Какимова
      Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы Т. Қасен

  Баянауыл аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 6 мамырдағы
№ 40/4 шешіміне
қосымша

Баянауыл аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Баянауыл аудандық мәслихатының "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 166/32 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3790 болып тіркелген).

      2. Баянауыл аудандық мәслихатының "Баянауыл аудандық мәслихатының (V сайланған кезектен тыс XXXII сессия) 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 166/32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 23 қазандағы № 218/39 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 болып тіркелген).

      3. Баянауыл аудандық мәслихатының "Баянауыл аудандық мәслихатының (V сайланған кезектен тыс XXXII сессиясы) 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 166/32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 13 ақпандағы № 244/43 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4396 болып тіркелген).

      4. Баянауыл аудандық мәслихатының "Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 166/32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы № 290/50 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6673 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады