Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 32/242 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 55/250 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 маусымда № 6454 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 78/366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 78/366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 32/242 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3780 болып тiркелген, 2014 жылғы 4 мамырда "Заман тынысы", "Нива" аудандық газеттерінде жарияланған) шешiмiне келесі өзгерiстер енгiзiлсiн:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің 1-тармағында:

      он бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысына (одан әрі - ҰОС) қатысушылар мен мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5 АЕҚ мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;";

      он төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ауғанстандағы әскері іс-қимылдарға қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;";

      он бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      "Чернобыль атом электростанциясындағы аварияны 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі аварияны жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Р. Краснова
      Мәслихат хатшысы А. Шайхимов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов
      2019 жылғы "24" маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады