Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округінің Красноармейка ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 10 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 шілдеде № 6478 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Красноармейка ауылдық округі Красноармейка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 9 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Красноармейка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданының Красноармейка ауылдық округі Красноармейка ауылының келесі көшелері:

      "Западная" көшесі "Бастау" көшесі болып;

      "Строительная" көшесі "Астана" көшесі болып;

      "Садовая" көшесі "Жасыл ел" көшесі болып;

      "Заготзерновская" көшесі "Ақ бидай" көшесі болып;

      "Элеваторская" көшесі "Мереке" көшесі болып;

      "Школьная" көшесі "Ұстаздар" көшесі болып;

      "Механизаторская" көшесі "Еңбекші" көшесі болып;

      "Калинина" көшесі "Жұмабек Тәшенов" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Красноармейка ауылдық
      округінің әкімі А. Вакпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады