Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 08.12.2023 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
3 тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"8) уәкілетті орган - "Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;";
14 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"14. Жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет әлеуметтік көмек 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.";
15 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"15. Ыстық және (немесе) суық сумен, газбен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 3,4 (үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:";
36 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"36. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы әр айдың 29-на дейін емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген туберкулезбен ауырған адамдардың тізімдерін, сондай-ақ "Каменское Плато" туберкулезге қарсы шипажайына стационарлық емдеуге жіберілген туберкулезбен ауырған адамдардың тізімдерін және емін 7 күннен аса үзген туберкулезбен науқас адамдардың тізімдерін Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына ұсынады.";
42 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"5) туберкулезбен ауыратын науқастарды "Каменское Плато" туберкулезге қарсы шипажайына стационарлық емдеуге немесе Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының тізіміне сәйкес емін 7 күннен аса дәлелсіз себептер бойынша үзген кезде тоқтатылады.".
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.
4. Осы Алматы қаласы мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясының төрағасы |
Қ. Сәрсенбай |
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Қ. Қазанбаев |