Тимирязев аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 2/4 "Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 маусымдағы № 35/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 5464 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 50/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 50/3 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 2/4 (2016 жылғы 3 маусымда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3768 болып тіркелген) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар):

      мынадай мазмұндағы 16-2-тармақпен толықтырылсын:

      "16-2. Осы Қағидалардың 3-қосымшасының 20) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек кезектілік тәртібімен, кірістерді ескерусіз, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жөнелту станциясынан емдеуге жатқызу орнына дейін баруға және кейін темір жол (плацкартты вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен қайтуға (таксиден басқа) жол жүру құны мөлшерінде жылына бір рет ұсынылады.".

      Қағидалардың 3-қосымшасы мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:

      "20) Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен адамдардың Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көрсетілген көлік құралдарының бір түрімен жөнелту станциясынан емдеуге жатқызу орнына дейін және кейін теміржол (плацкартты вагон), автомобиль жолушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүруіне мұқтаждығы.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады