"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 11 ақпандағы № 14-11/49 ұсынысына сәйкес, Сарайшық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Сарайшық ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 47 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4272 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Н. Досқайыров |