"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 14 тамыздағы қорытындысына сәйкес, Забурын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Исатай ауданы, Забурын ауылдық округі, Зинеден ауылындағы "Қ.Қуанышбаев" шағын ауданы "Елорда" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Забурын ауылдық округінің әкімі | А. Ғұбаш |