Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 қарашадағы № 460-V "Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 474-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қаңтарда № 4564 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 220-VІI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 23.12.2022 № 220-VІI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 қарашадағы № 460-V "Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3346 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" газетінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Құрманғазы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің қосымшасының атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Құрманғазы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері";

      шешімнің қосымшасындағы:

      реттік нөмірі 9-жол келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "

9

Емханалар

1 келіп кету

3

      ";

      реттік нөмірі 12-жол келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "

12

Концерт залдары

1 отыратын орын

5

      ";

      реттік нөмірі 14-жол келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "

14

Қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

29

      "

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р. Сұлтанияев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Хусайнов
      Мәслихат хатшысы Б. Жугинисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады