Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 04 қарашадағы № 460-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қарашада № 3346 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 220-VІI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 23.12.2022 № 220-VІI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 19.12.2019 № 474-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес және аудан әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 493 қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Б. Жүгінісов) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
ХХХХІІ сессиясының төрағасы
А. Габбасов
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев

  Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 қарашадағы № 460-V шешіміне қосымша

Құрманғазы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері

      Ескерту. Қосымша атауы жаңа редакцияда - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 19.12.2019 № 474-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 19.12.2019 № 474-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Р/с №

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Бағасы, теңге (ҚҚС*-сыз), айына

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

58

2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

94

3

Мектептер, колледждер

1 оқушы

8

4

Интернаттар

1 орын

17

5

Қонақ үйлер

1 орын

29

6

Санаторийлер

1 орын

23

7

Балабақшалар

1 орын

14

8

Байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

21

9

Емханалар

1 келіп кету

3

10

Ауруханалар

1 төсек-орын

51

11

Өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1

12

Концерт залдары

1 отыратын орын

5

13

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

3

14

Қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

29

15

Спорт аландары

жоба бойынша 1м2

1

16

Супермаркеттер

сауда алаңы 1м2

1

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1м2

6

18

Азық-түлік тауарларының көтерме қоймалары

жалпы алаңы 1м2

3

19

Дәріханалар

сауда алаңы 1м2

10

20

Автомобильді жуу орындары

1 машина-орын

154

21

Жанар – жағармай станциялары

1 машина-орын

137

22

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

166

23

Шаштараздар, сән салондары

1 жұмыс орны

94

24

Аяқ киімді жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1м2

16

25

Тұрмыстық қызмет көрсету үйлері: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1м2

17

26

Заңды тұлғалар мен заңды тұлғалар емес жеке кәсіпкерлер үшін ортақ тариф

жалпы алаңы 1м3

1 856

1 контейнер

1 392

      Ескерту: *ҚҚС- қосымша құн салығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады