Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Құрманғазы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 қарашадағы № 460-V "Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3346 болып тіркелген) және аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 474-VІ "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 қарашадағы № 460-V "Құрманғазы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4564 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Жугинисов |
Құрманғазы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 220-VII шешіміне |
Құрманғазы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік |
теңге |
Жайлы үйлер | 1 тұрғынға (айына) | 149,04 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғынға (айына) | 171,68 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 1131,96 |