Түркістан облысы Кентау қаласының көшелерін және шағын аудандарын қайта атау және атау беру туралы

Жаңа

Бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 292 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/482-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментіне 2020 жылғы 5 қаңтарда № 5349 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Түркістан облысы Кентау қаласының атауы жоқ көшелеріне осы бірлескен қаулы мен шешімге 1-қосымшаға сәйкес атау берілсін.

      2. Түркістан облысы Кентау қаласының көшелері осы бірлескен қаулы мен шешімге 2-қосымшаға сәйкес қайта аталсын.

      3. Түркістан облысы Кентау қаласының атауы жоқ шағын аудандарына осы бірлескен қаулы мен шешімге 3-қосымшаға сәйкес атау берілсін.

      4. Түркістан облысы Кентау қаласының шағын аудандары осы бірлескен қаулы мен шешімге 4-қосымшаға сәйкес қайта аталсын.

      5. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.А. Қалқамановқа жүктелсін.

      7. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Ибадуллаев
      Облыстық мәслихатхатшысы Қ. Балабиев
      Қ.Қ. Айтмұхаметов
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ж.Е. Аманбаев
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

      "Түркістан облысы Кентау қаласының көшелерін және шағын аудандарын қайта атау және атау беру туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "___"____________ №____ қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы "____"__________ №_____ шешіміне.

  Түркістан облысы әкімдігінің
2019 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 292 қаулысы мен Түркістан
облыстық мәслихатының
2019 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 44/482-VI шешіміне
1-қосымша

Түркістан облысы Кентау қаласының атауы жоқ көшелеріне берілетін атаулар тізімі:

      1. "Шұғыла" шағын ауданы бойынша:

      № 1 көшеге – Нұртас Оңдасынов көшесі;

      № 2 көшеге – Қазыбек би көшесі ;

      № 3 көшеге – Әйтеке би көшесі;

      № 4 көшеге – Әбілхайыр хан көшесі;

      № 5 көшеге – Қарабура көшесі;

      № 7 көшеге – Жұмабек Тәшенов көшесі;

      2. 68-шағын ауданы бойынша:

      № 1 көшеге – Кенші даңқы көшесі;

      № 2 көшеге – Қаратау тәжі көшесі;

      № 3 көшеге – Ордабасы көшесі;

      № 4 көшеге – Әулиеата көшесі;

      № 5 көшеге – Ұлы Дала көшесі;

      № 7 көшеге – Жеңіс көшесі;

      № 8 көшеге – Шымкент көшесі;

      № 10 көшеге – Отырар көшесі;

      3. 69-шағын ауданы бойынша:

      № 1 көшеге – Орбұлақ көшесі;

      № 2 көшеге – Үшқоңыр көшесі;

      № 3 көшеге – Сырдария көшесі;

      № 4 көшеге – Бекарыс көшесі;

      № 5 көшеге – Жанарыс көшесі;

      № 6 көшеге – Ақарыс көшесі;

      № 7 көшеге – Байжансай көшесі;

      4. "Батыс" шағын ауданы бойынша:

      № 1 көшеге – Рахманқұл Бердібаев көшесі;

      № 2 көшеге – Әубәкір қары көшесі;

      № 3 көшеге – Ақсүмбе көшесі;

      5. 61-шағын аудан бойынша:

      № 1 көшеге – Қаратөбе көшесі;

      № 3 көшеге – Ақбикеш көшесі;

      № 4 көшеге – Байқоңыр көшесі;

      № 5 көшеге – Руханият көшесі;

      № 6 көшеге – Баянауыл көшесі;

      № 7 көшеге – Алтынқазық көшесі;

      № 8 көшеге – Айсауыт көшесі;

      № 9 көшеге – Сайрам көшесі;

      № 10 көшеге – Теріскей көшесі;

      № 11 көшеге – Елқоныс көшесі;

      6. 65-шағын ауданы бойынша:

      № 1 көшеге – Мырзашөл көшесі;

      № 2 көшеге – Қызылқұм көшесі;

      № 3 көшеге – Самұрық көшесі;

      7. 66-шағын ауданы бойынша:

      № 1 көшеге – Ордалы көшесі;

      № 2 көшеге – Ұлағат көшесі;

      8. 74-шағын ауданы бойынша:

      № 1 көшеге – Бес арыс көшесі;

      № 2 көшеге – Жалаңтөс батыр көшесі;

      № 3 көшеге – Бәйтерек көшесі;

      № 4 көшеге – Тайбурыл көшесі;

      № 5 көшеге – Мойынқұм көшесі;

      № 6 көшеге – Тассарай көшесі;

      № 7 көшені – Сарайшық көшесі;

      9. 78-шағын ауданы бойынша:

      № 1 көшеге – Өркен көшесі;

      № 2 көшеге – Молшылық көшесі;

      10. 75-шағын ауданы бойынша:

      № 3 көшеге – Жеті жарғы көшесі;

      № 4 көшеге – Сығанақ көшесі;

      № 5 көшеге – Күлтөбе көшесі;

      № 6 көшеге – Төлеген Момбеков көшесі;

      № 7 көшеге – Жеті қазына көшесі;

      № 8 көшеге – Түйетас көшесі;

      № 9 көшеге – Дәстүр көшесі;

      № 10 көшеге – Көктерек көшесі;

      № 11 көшеге – Зеңгіш баб көшесі;

      № 12 көшеге – Таңшолпан көшесі;

      11. "Болашақ" шағын ауданы бойынша:

      № 1 көшеге – Райымбек Сейтметов көшесі;

      № 2 көшеге – Насыр Фазылов көшесі;

      № 3 көшеге – Адыл Якубов көшесі;

      № 4 көшеге – Қасым Қайсенов көшесі;

      № 5 көшеге – Исабеков Өтебай көшесі;

      12. "Қаратау" шағын ауданы бойынша:

      № 1 көшеге – Торғауыт көшесі;

      № 2 көшеге – Ақсай көшесі;

      № 3 көшеге – Ізгілік көшесі;

      № 4 көшеге – Босаға көшесі;

      № 5 көшеге – Гумер Миннибаев көшесі;

      № 6 көшені – Керей хан көшесі;

      № 7 көшее – Әз Жәнібек хан көшесі;

      № 8 көшеге – Қазығұрт көшесі;

      № 9 көшеге – Дарабоз көшесі;

      13. "Шоқтас" саяжай кооперативі бойынша:

      № 1 көшеге – Таңбалы тас көшесі;

      № 2 көшеге – Қалыңсай көшесі;

      № 3 көшеге – Иқан су көшесі;

      № 4 көшеге – Ойық көшесі;

      № 5 көшеге – Тасбұлақ көшесі;

      № 6 көшеге – Талдыбұлақ көшесі;

      № 7 көшеге – Жүзімдік көшесі;

      № 8 көшеге – Береке көшесі;

      № 9 көшеге – Ырысты көшесі;

      № 10 көшеге – Қайнар бұлақ көшесі;

      № 11 көшеге – Қарасу көшесі;

      № 12 көшеге – Ақтас көшесі;

      № 13 көшеге – Үшбұлақ көшесі;

      № 14 көшеге – Көкбел ата көшесі;

      № 15 көшеге – Жемісті көшесі;

      № 16 көшеге – Аққайың көшесі;

      № 17 көшеге – Қызылкөл көшесі;

      № 18 көшеге – Балды су көшесі;

      № 19 көшеге – Дауылпаз көшесі;

      № 20 көшеге – Қарашық көшесі;

      № 21 көшеге – Ұлыс көшесі.

  Түркістан облысы әкімдігінің
2019 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 292 қаулысы мен Түркістан
облыстық мәслихатының
2019 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 44/482-VI шешіміне
2-қосымша

Түркістан облысы Кентау қаласының қайта аталатын көшелерінің тізімі:

      1. Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар бойынша:

      Гаражная көшесін – Оғызтау көшесі;

      Геологическая-3 көшесін – Темірқазық көшесі;

      Мельничная көшесін – Диірменші көшесі;

      Озерная көшесін – Тоныкөк көшесі;

      Пролетарская көшесін – Күлтегін көшесі;

      Чайкина көшесін – Білге қаған көшесі;

      Сельский көшесін – Керегетас көшесі;

      Физкультурный көшесін – Тұлпар көшесі;

      Юбилейный көшесін – Парасат көшесі;

      Арычная көшесін – Ақбұлақ көшесі;

      Овражная көшесін – Мыңбұлақ көшесі;

      С.Ходжанов көшесін – Сұлтанбек Қожанов көшесі;

      2. Қайталанатын көше атаулары бойынша:

      Бала бүргем 1 көшесін – Тәуелсіздік көшесі;

      Бейбарс көшесін – Сейхұн көшесі;

      Ерубаев тұйық көшесін – Хиуаз Доспанова тұйық көшесі;

      Сейфуллин тұйық көшесін – Мұрагер тұйық көшесі;

      А.Байтұрсынов көшесін – Ырмақ көшесі;

      Б.Момышұлы көшесін – Бүргем көшесі;

      Қ.Аманжолов көшесін – Жерұйық көшесі;

      Астана көшесін – Рақымжан Қошқарбаев көшесі;

      Б.Момышұлы 2 тұйық көшесін – Бала би тұйық көшесі;

      С.Қожанов көшесі көшесін – Алтын орда көшесі;

      Н.Оңдасынов көшесін – Талды су көшесі;

      З.Қалауова көшесін – Медеу көшесі;

      Н.Оңдасынов көшесін – Ақселеу Сейдімбек көшесі.

  Түркістан облысы әкімдігінің
2019 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 292 қаулысы мен Түркістан
облыстық мәслихатының
2019 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 44/482-VI шешіміне
3-қосымша

Түркістан облысы Кентау қаласының атауы жоқ шағын аудандарына берілетін атаулар тізімі

      1) 68 - шағын ауданына – Сарыарқа шағын ауданы;

      2) 69 - шағын ауданына – Ұлытау шағын ауданы;

      3) 61 - шағын ауданына – Тұран шағын ауданы;

      4) 74 - шағын ауданына – Жетісу шағын ауданы;

      5) 75 - шағын ауданына – Атамекен шағын ауданы;

      6) 15 - шағын ауданына – Нұрлы жол шағын ауданы.

  Түркістан облысы әкімдігінің
2019 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 292 қаулысы мен Түркістан
облыстық мәслихатының
2019 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 44/482-VI шешіміне
4-қосымша

Түркістан облысы Кентау қаласының қайта аталатын шағын аудандарының тізімі

      1) Оңтүстік Шығыс шағын ауданын – Астана шағын ауданы;

      2) Оңтүстік Батыс шағын ауданын – Түркістан шағын ауданы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады