Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 04.05.2020 № 177 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2. Арыс қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 105 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 тіркелген, 2019 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | М. Қадырбек |
Арыс қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 302 қаулысына қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
№ | Кәсіпорын, ұйымның, мекеменің атауы | Тізімдік саны |
Квота мөл шері |
1. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Ерубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 208 | 3 |
2. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Онтаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 121 | 3 |
3. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаражантақ жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 76 | 2 |
4. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аққала жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 80 | 2 |
5. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жиделі жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 107 | 3 |
6. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 137 | 3 |
7. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 8 В.Комарова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 149 | 3 |
8. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 11 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 160 | 3 |
9. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 129 | 3 |
10. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 1 Ережепбай Молдабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 224 | 3 |
11. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 3 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 57 | 2 |
12. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 4 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 97 | 2 |
13. | Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Арыс аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 1076 | 4 |
14. |
"Қызмет-Сервис-Арыс" | 85 | 2 |
15. |
"Теміржолсу-Арыс" | 184 | 3 |