"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пiкiрiн ескере отырып және Оңтүстiк Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2018 жылқы 6 сәуіріндегі қорытындысы негізінде Жаскешу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Рысқұл ауылында орналасқан атауы жоқ көшеге Болашақ көшесi атауы берiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігі Жаскешу ауылдық округі әкімінің 23.10.2019 № 77 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Жаскешу ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiпте:
1) осы шешiмнiң аумақтық әдiлет органында мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы шешiм мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiн қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгiзу үшiн жолданылуын;
3) осы шешiм мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiн Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейiн осы шешiмдi Түлкібас ауданы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігі Жаскешу ауылдық округі әкімінің 23.10.2019 № 77 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалауды өзiме қалдырамын.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ауылдық округі әкімі | Ж. Керимкулов |