Жаскешу ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 13 "Атауы жоқ көшеге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігі Жаскешу ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 77 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қазанда № 5227 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Түлкібас ауданы әкімдігінің Жаскешу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаскешу ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 13 "Атауы жоқ көшеге атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4911 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің қазақ тіліндегі мәтініне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешімнің 1-тармағындағы "Рықұл" деген сөз "Рысқұл" деген сөзбен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 2-тармағындағы "Түлкібас ауданының Жаскешу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі деген сөздер "Түлкібас ауданы әкімдігінің Жаскешу ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Жаскешу ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түлкібас ауданы әкімдігінің
      Жаскешу ауылдық округінің әкімі Ж.Керимкулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады