Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 ақпандағы № 30/8-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 сәуірде № 5822 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 7/2-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 06.09.2023 № 7/2-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімімен қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтерді бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 24/3-VI шешімі күші жойылған деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-4-178 болып тіркелді, 2018 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Сессия төрағасы А. Черных
      Қалалық мәслихат хатшысы И. Панченко

  Риддер қалалық мәслихатының
2019 жылғы "28" ақпандағы
№ 30/8-VI шешіміне қосымша

Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтер

    №

Атауы

Есептік өлшемі

Бағасы, теңге

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтер



1.1

Жеке тұлғалар үшін

Айына 1 тұрғын

219

1.2

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін

1 текше метр

1774


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады