Глубокое ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 138 "Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 435 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 қарашада № 6265 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 469 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 01.10.2024 № 469 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Глубокое ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 138 "Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5875 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Глубокое ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулының әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Глубокое ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.К. Старенковаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданының әкімі К. Байгонусов
      Келісілді:
Глубокое ауданының
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
"____" ________ 2019 ж.
А. Мусина

  Глубокое ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "04" қарашадағы
№ 435 қаулысына қосымша

Сайлау өткізу кезеңінде үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың тізімі

Алтайский кенті:

      Алтайский кенті – Юбилейная көшесі, "Горняк" Алтайский мәдениет үйінің маңында;

Белоусовка кенті:

      Белоусовка кенті – Юбилейная көшесі нөмірі 10/1 үйдің маңында; Центральная көшесі, нөмірі 47 үйдің маңында;

Бобровка ауылдық округі:

      Бобровка ауылы – Профсоюзная көшесі нөмірі 34а үйдің маңында, Бобровка бос уақытты ұйымдастыру орталығы ғимаратының аумағында;

      Солнечный ауылы – Мир көшесі нөмірі 1 үйдің маңында, бес қабатты тұрғын үй аумағында;

Верхнеберезовский кенті:

      Верхнеберезовский кенті – Ленин көшесі нөмірі 20 үйдің маңында; Алейская көшесі нөмірі 3 үйдің маңында;

Веселовка ауылдық округі:

      Веселовка ауылы – Гагарин көшесі нөмірі 33 үйдің маңында, "Веселовка орта жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында;

      Заречное ауылы - Центральная көшесі нөмірі 26 үйдің маңында;

Глубокое кенті:

      Глубокое кенті – Степная көшесі нөмірі 51 және 53 үйлердің арасында; Ленин көшесі нөмірі 64 үйдің маңында; Берестова көшесі нөмірі 12 үйдің маңында; Пирогов көшесі нөмірі 15 үйдің маңында;

Березовка ауылдық округі:

      Березовка ауылы – Юбилейная көшесі нөмірі 2 үйдің маңында, Березовка ауылдық мәдениет үйі аумағында; Б. Момышұлы көшесі нөмірі 26а үйдің маңында; Красная Заря көшесі - нөмірі 26 үйдің маңында;

Ертіс ауылдық округі:

      Прапорщиково ауылы - Школьная көшесі нөмірі 28 үйдің маңында; "Кировское" шаруа қожалығының әкімшілік ғимараты аумағында;

      Уварово ауылы - Ленин көшесі нөмірі 9 үйдің маңында, Уварово ауылдық мәдениет үйі ғимаратының аумағында;

      Черногорка ауылы – Центральная көшесі нөмірі 31 үйдің маңында, "Асия" дүкенінің аумағында;

      226 км өткелі – Центральная көшесі;

Кожохово ауылдық округі:

      Кожохово ауылы – Ленин көшесі нөмірі 12 үйдің маңында; Солнечная көшесі нөмірі 1 үйдің маңында;

      Прогресс ауылы – Киров көшесі нөмірі 2 үйдің маңында, "Прогресс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында; Киров көшесі нөмірі 12 үйдің маңында, Прогресс ауылдық мәдениет үйі ғимаратының маңында; Абай көшесі нөмірі 28 үйдің маңында;

Красноярский ауылдық округі:

      Предгорное ауылы – Киров көшесі нөмірі 47 үйдің маңында; Шоссейная көшесі нөмірі 1 үйдің маңында;

      Перевальное ауылы – Рабочая көшесі нөмірі 63/1 үйдің маңында;

Быструха ауылдық округі:

      Быструха ауылы – Новостройка көшесі мен Орталық көшесінің қиылысындағы нөмірі 11 үйдің маңында; Орталық көшесі "Риддер" дәмханасының аумағында; Юбилейная көшесі нөмірі 8 үйдің маңында;

      Зимовье ауылы – нөмірі 35 және нөмірі 37 үйлердің аралығында;

Малоубинка ауылдық округі:

      Малоубинка ауылы – Клиновицкий көшесі нөмірі 1 үйдің маңында, "Малоубинка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында; Клиновицкий көшесі нөмірі 6 үйдің маңында, Малоубинка ауылдық мәдениет үйі ғимаратының аумағында;

      Карагужиха кенті, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының аумағында;

Опытное поле ауылдық округі:

      Опытное поле ауылы – Степная көшесі нөмірі 2 үйдің маңында, Опытное поле ауылдық мәдениет үйі ғимаратының аумағында;

Секисовка ауылдық округі:

      Секисовка ауылы - Новостроевская көшесі нөмірі 1 үйдің маңында, Совхозная көшесі нөмірі 6 үйдің маңында; Чапаев көшесі нөмірі 69а үйдің маңында; Шоссейная көшесі нөмірі 22 үйдің маңында;

      Белокаменка ауылы – Центральная көшесі нөмірі 12 үйдің аумағында;

      Ново-Михайловка ауылы - нөмірі 42 үйдің аумағында;

      Планидовка ауылы – нөмірі 29 үйдің аумағында;

Ушаново ауылдық округі:

      Ушаново ауылы - Школьная көшесі нөмірі 1а үйдің маңында, "Ушаново орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында;

      Степное ауылы – Школьная көшесі нөмірі 17 үйдің маңында, "Степное негізгі мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында;

      Каменный карьер ауылы – нөмірі 47 үйдің маңында;

Тархан ауылдық округі:

      Тархан ауылы – Степная көшесі нөмірі 60 үйдің маңында, Тархан ауылдық мәдениет үйінің аумағында;

      Винное ауылы – Ворошилов көшесі нөмірі 15 үйдің маңында, "Винное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында;

      Ново-Ульбинка ауылы – Абай көшесі нөмірі 11 үйдің маңында;

      Горная-Ульбинка ауылы – Школьная көшесі нөмірі 6 үйдің маңында, "Шығыс Қазақстан обысының табиғат ресурстары басқармасының Өскемен орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында;

Черемшанка ауылдық округі:

      Черемшанка ауылы - Лениногорская көшесі нөмірі 74 үйдің маңында; Гагарин көшесі нөмірі 12/1 үйдің маңында, Черемшанка ауылдық мәдениет үйінің аумағында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады