ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 30 қазандағы № 1264 ұсынысы негізінде Құмкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округiне қарасты Қарғыба елді мекеніне шектеу іс-шарасын тоқтатылсын.
2. Құмкөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 25 "Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округiне қарасты Қарғыба елді мекеніне шектеу іс-шарасын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-16-168 тіркелген және 2018 жылғы 28 желтоқсан Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Құмкөл ауылдық округінің әкімі | Т. Көнекбаев |