Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округінің Үшбұлақ ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 10 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 маусымда № 6006 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің 05.09.2019 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылдың 23 мамырдағы № 115 ұсынысы негізінде Қоңыршәулі ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округінің Үшбұлақ ауылында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Үржар ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша) анықталған эпизотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитарлық іс шараларды жүргізу ұсынылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресіми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресіми жариялау және енгізу үшін жолдансын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресіми жариялауға жолдансын;

      4) ресіми жариялағаннан кейін осы шешімді Үржар ауданының әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі А. Жунусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады