Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2019 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Бексеитов) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Аудан әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы №12 "2018 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5202 тіркелген, 2018 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
4. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Тукжановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөрлі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 15 қаулысына қосымша |
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2019 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ | Өсімдік өнімдерінің түрлері шаруашылығы | Оңтайлы мерзімдер | |
3 құрғақ дала аймағы | |||
басталуы | аяқталуы | ||
1. | Жаздық арпа | 22 мамыр | 2 маусым |
2. | Сұлы | 22 мамыр | 2 маусым |
3. | Жаздық бидай | 22 мамыр | 2 маусым |
4. | Тары | 22 мамыр | 2 маусым |
5. | Күнбағыс | 22 мамыр | 2 маусым |
6. | Мақсары | 22 мамыр | 2 маусым |
7. | Күздік бидай | 15 тамыз | 10 қыркүйек |