Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 12.05.2020 № 55 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстык-атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Жаңақала ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының бір пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Жаңақала ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының бір пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Жаңақала ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының бір пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.
4. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі №256 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4554 тіркелген, 2016 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Карменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожинге жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Жаңақала ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №38 қаулысына 1 қосымша |
2019 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 152 | 1 | 1 |
2 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 62 | 1 | 1 |
3 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 82 | 1 | 1 |
Жаңақала ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №38 қаулысына 2 қосымша |
2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 66 | 1 | 1 |
2 | Жаңақала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқындағы) "Коммунал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 56 | 1 | 1 |
3 | Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени - демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 114 | 1 | 1 |
Жаңақала ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №38 қаулысына 3 қосымша |
2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 336 | 1 | 3 |
2 | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Аудандық сауықтыру ауруханасы" оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 100 | 1 | 1 |
3 | "Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі | 73 | 1 | 1 |