Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 147 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 57 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 мамырда № 5657 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 147 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3648 тіркелген, 2014 жылғы 24 қазанда "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      3. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы (К.Хитаров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қаратөбе аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
___________Б.Жүсіпқали
"8" мамыр 2019 жыл

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2019 жылдың 8 мамырдағы
№ 57 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді – мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны

1

Қоржын ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

2

Бесоба ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

3

Егіндікөл ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

4

Жусандыой ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

5

Ханкөл ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

6

Ақтай ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

7

Алакөл ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

8

Қаратөбе ауылы

"Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алды

9

Қоскөл ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

10

Шалғын ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

11

Қарақамыс ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

12

Сәуле ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

13

Сулыкөл ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

14

Үшана ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

15

Төлен ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

16

Шөптікөл ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

17

Үшағаш ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

18

Соналы ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады