Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 24.10.2019 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасандағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитенің Шыңғырлау аудандық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2019 жылғы 16 қыркүйектегі №01-18/507 ұсынысы негізінде, Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі "Ақтау" шаруа қожалығының Құрысай жайлауы аумағында мүйізді ірі қара мал арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Е.Салимгереева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
М. Зулкашева |