Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мұрағаттық жұмыс бөлімшелерімен тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушысының 2018 жылғы 19 шілдедегі № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қаңтарда № 19885 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 8 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мұрағаттық жұмыс бөлімшелерімен тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы 2018 жылғы 19 шілдедегі № 91 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17272 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру жөніндегі қоса беріліп отырған нұсқаулық бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының міндетін атқарушы
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2020 жылғы 15 қаңтардағы
№ 9 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
міндетін атқарушысының
2018 жылғы 19 шілдедегі
№ 91 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру жөніндегі жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру жөніндегі нұсқаулық "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 6-бабы 12-6) тармақшасына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – Комитет, Комитеттің аумақтық органдары) архивтік жұмыс бөлімшелері тоқтатқан қылмыстық істерді қабылдауын, сақтауын және беруін регламенттейді.

      3. Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшелері қылмыстық аумақтылығы бойынша қудалау органдарынан қылмыстық істерді қадағалаушы прокурор арқылы сақтауға қабылдайды.

2-тарау. Тоқтату туралы қаулы шығарылған қылмыстық істерді қабылдау

      4. Тоқтатылған қылмыстық істің сыртқы тысына жоғары сатыдағы органның ресми атауы және қылмыстық қудалау органының және мекемесінің ресми атауы, тоқтатылған қылмыстық істің нөмірі, қысқаша фабуласы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы (бұдан әрі – ҚР ҚК)) және сақтау мерзімі көрсетіледі.

      Тоқтатылған электрондық қылмыстық істердің қағаз жүзіндегі материалдарының сыртқы тысында "№ _____ электрондық қылмыстық іс бойынша материалдар" деген жазулар көрсетіледі. Бұл ретте, ішкі тізімдемеде басып шығарылуынсыз электрондық қылмыстық істегі электрондық құжаттардың қолда бар қағаз материалдары көрсетіледі.

      Бірнеше томнан (қосымшалардан) тұратын тоқтатылған қылмыстық істердің сыртқы тыстарын ресімдеу кезекті томның (қосымшаның) нөмірлерін қоя отырып ұқсас жүргізіледі.

      Сыртқы тыстағы жазбалар жарыққа төзімді сиямен жазылады.

      5. Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшелеріне тапсыруға жататын әрбір тоқтатылған қылмыстық іс, бес реттен көп емес тесу арқылы мықты жіппен қатты тысқа тігіледі. Істе металл заттарды қалдыруға жол берілмейді.

      6. Тоқтатылған әрбір қылмыстық істің томы 180 парақтан артық болмауы керек. Тоқтатылған қылмыстық істегі барлық парақтар графиттік қарындашпен нөмірленеді (әрбір том жеке), барлық құжаттар ішкі тізімдемеге енгізіледі. Тізімдеменің соңында тоқтатылған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяқтаған қызметкер лауазымын және тегін көрсете отырып, қорытынды жазба жазады.

      7. Шимайжазбаларды, жеке құжаттарды, қайтарылуға жататын және тоқтатылған қылмыстық іске қатысы жоқ құжаттарды тігуге жол берілмейді.

      Тігіуге жарамайтын құжаттар ішкі тізімдемеге енгізіледі және конвертке салынады, олар тоқтатылған қылмыстық іске тігіледі (жапсырылады).

      8. Әрбір істің (томның) соңында арнайы тігілген парақта қорытынды бекіту жазбасы жасалады, онда нөмірленген парақтардың саны жазбаша түрде көрсетіледі. Қажет болған жағдайда нөмірлеуде кеткен қателіктер және істен алып тасталған парақтар саны көрсетіледі. Бекіту жазбасын лауазымын, тегін (бар болған жағдайда), аты-жөнін көрсете отырып, іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адам толтырады, оның жеке қолымен және "Пакеттер үшін" мөрімен бекітіледі.

      9. Тоқтатылған қылмыстық істерге бір данада ілеспе хат қоса беріледі. Ілеспе хатта тоқтатылған қылмыстық істердің тіркеу нөмірлері, әрбір томдағы парақтар саны көрсетіледі, хаттың соңында орган басшысының қолы қойылады.

      Тоқтатылған қылмыстық істі қолма-қол берген кезде, Комитеттің архив бөлімшесінің қызметкері ілеспе хаттың екінші данасына немесе тоқтатылған қылмыстық істі қабылдау журналына қол қояды.

      10. Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшелеріне:

      1) заттай дәлелдемелер туралы (тоқтату туралы қаулыда заттай дәлелдемелер туралы ақпарат міндетті түрде көрсетілуі қажет – сақтау орны, беру, жою және тағы да басқалар);

      2) алынған материалдық және басқа да құндылықтар туралы;

      3) тыйым салынған мүлік туралы;

      4) тергеу барысында конституциялық құқығы бұзылған тұлғаны ақтау туралы мәселелері шешілмеген тоқтатылған қылмыстық істер қабылданбайды.

      Жоғарыда көрсетілген ақпараттар қабылданған процестік шешімнің заңдылығын зерттемей-ақ салыстыруға жатады.

      11. Қадағалаушы прокурормен тоқтатылған қылмыстық істер, сондай-ақ тоқтатылған электрондық қылмыстық істер бойынша қағаз материалдары Комитеттің архив жұмысының тиісті аумақтық бөлімшелеріне бұрыштама қойылған кезден бастап он күнтізбелік күннен кешіктірілмей, бірақ тоқтатылған қылмыстық іс келіп түскеннен кейін бір айдан кешіктірмей тапсырады.

      12. Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшелерінің қызметкері:

      сақтауға келіп түскен тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды;

      "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 23 қыркүйекте № 9744 болып тіркелді) электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының (бұдан әрі – ЭАЕҚ) қылмыстық іс бойынша қабылданған процестік шешімдерінің сәйкестігіне салыстыра тексеру жүргізуді;

      тоқтатылған қылмыстық істерді автоматтандырылған есепке алуды;

      мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын басқа да құпиялары бар қылмыстық істерден басқа, тоқтатылған қылмыстық істердің қажетті материалдарын сканерлеуді жүзеге асырады.

      Нұсқаулық талаптарының бұзушылығы анықталған кезден бастап, оның ішінде қойылған ЭАЕҚ тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарына сәйкес келмесе, Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшелері үш тәулік ішінде ол бұзушылықты жою үшін кері қайтарады.

      Бұзушылықтарды жойғаннан кейін тоқтату туралы шешім қабылдаған лауазымды тұлға, Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшелеріне қылмыстық істі кері қайтару қадағалаушы прокурор арқылы он бес күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

      13. Ай сайын Комитеттің аумақтық органдары, қадағалаушы прокурорлар және қылмыстық қудалау органдары арасында ЭАЕҚ дұрыстығына, қылмыстық қудалау органдардың қадағалаушы прокурорға, прокурорлардың Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшелеріне тоқтатылған қылмыстық істердің уақтылы жіберуіне салыстыра тексеру жұмыстарын жүргізу жүзеге асырылады.

3-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істерді беру

      14. Тоқтатылған қылмыстық істер қадағалаушы немесе жоғары тұрған прокурордың сұрау салулары бойынша беріледі.

      Соттың немесе Тоқтату туралы шешім қабылдаған қылмыстық қудалау органының сұрау салулары бойынша тоқтатылған қылмыстық істерді беруді Комитеттің архив жұмысы бөлімшесінің қызметкері қадағалаушы прокурорға хабарлай отырып жүзеге асырады.

      Тоқтатылған қылмыстық істерді талап ету туралы сұрау салу келіп түскенде, Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшелерінің қызметкері тоқтатылған қылмыстық істерді сотқа, қылмыстық қудалау органдарына - бір жұмыс күнінде береді, прокурорға төмендегі мерзімде:

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексі 105-бабының тәртібінде, сондай-ақ жеке сұрау салулар бойынша шағымды қарағанда (Президент Әкімшілігінің, Бас Прокурордың тапсырмалары) – бір жұмыс күні;

      1-ден–10-ға дейінгі тоқтатылған істерді сұратқанда – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бастап үш жұмыс күніне дейін;

      11-ден–50-ге дейінгі істерге - сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күніне дейін;

      50 және одан көп істерге – сұрау салу келіп түскен күннен бастап он жұмыс күніне дейін беріледі.

      Бір ведомствоның тоқтатылған қылмыстық істері басқа қылмыстық қудалау органының ведомствосына қылмыстық қудалау органының сұрау салуы бойынша қадағалаушы прокурор арқылы беріледі.

      Қылмыстық процестің қатысушысы болып табылатын адвокаттарға, жеке және заңды тұлғаларға қылмыстық істің материалдарын таныстыру, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін беру, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарын беру қадағалаушы прокурор арқылы жүргізіледі.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қатысушысы болып табылатын адвокаттардан, жеке және заңды тұлғалардан тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарымен таныстыру мәселесі бойынша, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыларды, сондай-ақ тоқтатылған қылмыстық істің басқа да материалдарын сұрау салулар келіп түскенде, осы өтініштің көшірмесі Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшесінің қызметкері үш жұмыс күні ішінде қадағалаушы прокурорға беру мүмкіндігі туралы хатпен қайта жіберіледі. Прокурор үш жұмыс күні ішінде жауапты жазбаша түрде архивтік бөлімшеге жібереді, осының негізінде Комитеттің архивтік бөлімшесінің қызметкері арыз берушіге жауап береді.

      15. Тоқтату туралы қаулы шығарылған қылмыстық іс бір айдан аспайтын мерзімге беріледі.

      Қадағалаушы прокурор архивтен сұратылған қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойған жағдайда, тиісті қаулының көшірмесі 24 сағаттан кешіктірмей, қабылданған шешім туралы "Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі" (бұдан әрі – СДТБТ АЖ) ЭАЕҚ-ны қоюмен Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшесіне жібереді.

      Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшесінің қызметкері қылмыстық істі тоқтатудың күшін жою туралы қаулы шығарылған қылмыстық істерді архивтің есебінен алады.

      16. Сұрау салу бойынша тоқтатылған қылмыстық істерді беру арнайы пошта байланысы арқылы не қызметтік куәлігін ұсынғаннан кейін істі сұратқан қызметкерге (сот қызметкерлеріне тиісті сенімхатты ұсынғаннан кейін) қолма-қол беру арқылы жүзеге асырылады.

      17. Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшесінің қызметкері тоқтатылған қылмыстық істі беру барысында істің құжаттарының жағдайы және парақтардың нөмірленуін тексереді.

      Қылмыстық істі зерттеген соң Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшесінің қызметкері тағы да істің құжаттарының жағдайы және парақтардың нөмірленуі тексереді.

      Қылмыстық істің бүлінгені, жеке парақтарының болмауы, ішкі тізімдемеде құжаттардың нөмірленген парақпен сәйкес келмегені анықталған жағдайда осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы тоқтатылған қылмыстық істің парақтарының болуын және оның жағдайын тексеру актісі жасалады, тоқтатылған қылмыстық істі екі жұмыс күні ішінде қалпына келтіру үшін, тоқтатылған қылмыстық істі сұратқан орган басшысына жолданады.

      Архивтік істерді пайдаланған кезде қандай да бір белгі жасауға, сызуға, құжатқа түзетулер жасауға, істің парақтарын бүгуге, істі тігуін сөгуге және одан жеке бір құжаттарда алуға тыйым салынады.

      18. Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшелерінің қызметкерлері, егер өзгесі заңнамамен көзделмесе сақтауға өткізілген тоқтатылған қылмыстық істерден құжаттарды алуға жол бермейді.

4-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істерді сақтау мерзімдері

      19. Қылмыстық теріс қылықтар бойынша тоқтатылған қылмыстық істер Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшелеріне және аумақтық органдарға сақтауға келіп түскеннен кейін бір жыл сақталады;

      20. Қылмыстар бойынша тоқтатылған қылмыстық істер ҚР ҚК 71-бабына сәйкес мынадай мерзімдерде:

      1) онша ауыр емес қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін екі жыл;

      2) ауырлығы орташа қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін бес жыл;

      3) ауыр қылмыстар, аса ауыр емес және ауырлығы орташа коррупциялық қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін он жыл;

      4) аса ауыр қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін он бес жыл сақталады.

      21. ҚР ҚК 71-бабы 6-бөлігіне сәйкес ескіру мерзімі қолданылмайтын тоқтатылған қылмыстық істер тұрақты сақталуға жатады, ескіру мерзімі қолданылмайды.

      22. Сақтау мерзімі өтіп кеткен, тоқтатылған қылмыстық істерді жою комиссиялық түрде фото-бейнетіркеу құралдарын пайдалана отырып арнайы бейімделген үй-жайларда өртеу арқылы жүргізіледі.

      Комитетте және оның аумақтық органдарында олардың бірінші басшыларының бұйрығы бойынша комиссия құрылады, оның құрамына құрылымдық бөлімше бастықтары, Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшесінің қызметкері, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері кіреді.

      Комиссияның Төрағасы болып Комитеттің аумақтық органы басшысы не оның орынбасары тағайындалады, ол оның шақыруын және жұмысын ұйымдастырады.

      Комиссияны шақыру және оның жұмысы Комитеттің аумақтық органының бірінші басшысы бекіткен кестеге сәйкес, жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады (жыл сайын).

      Егер комиссия мүшелерінің бірі келмеген жағдайда, комиссия төрағасы сақтау мерзімі өткет тоқтатылған қылмыстық істерді жою үшін бастапқыда тағайындалған мерзімнен үш жұмыс күнінен кешіктірмей, басқа күнді белгілейді. Осы мерзімде комиссия мүшесінің келу мүмкіндігі болмаған жағдайда, сол мекеменің басқа қызметкері ауыстырады.

      Сақтау мерзімі өтіп кеткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, сақтау мерзімі өтіп кеткен тоқтатылған қылмыстық істерді жоюға бөлу туралы актіні (бұдан әрі – Жою туралы акт) комиссия мүшелері келіскеннен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Жою туралы акт екі данада жасалады, бір данасы жойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Комитеттің аумақтық органдарының номенклатуралық ісіне тігу үшін, екіншісі - Комитеттің аумақтық органдарының архивтік жұмыс бөлімшесінің қызметкеріне жіберіледі.

      Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жойғанға дейін, комиссия цифрлау бойынша жүргізілген іс-шаралардың деректерімен, тиісті қолдардың болуына, жоюға негіз болған құжаттарға тексеру салыстырма жүргізеді.

      Жойылған қағаз жүзіндегі тоқтатылған істің электронды көшірмесін сақтауды құқықтық статистика және арнайы есепке алу аясында уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Электрондық форматта тергеп-тексерілген тоқтатылған қылмыстық істердің қағаз материалдары осы Нұсқаулықтың 20-тармағына сәйкес Комитеттің аумақтық органдарының архивтерінде сақталады.

      комитеттің архивтік жұмыс бөлімшесінің қызметкері Тоқтатылған қылмыстық істерді жою туралы мәліметті СДТБТ АЖ-ға енгізеді.

      23. Мемлекеттік құпиялары және өзге де заңмен қорғалатын құпиясы бар, сақтау мерзімі өтіп кеткен тоқтатылған қылмыстық істерді есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің архивтік жұмыс
бөлімшелерінің тоқтатылған
қылмыстық істерді қабылдау,
сақтау және беру жөніндегі
жөніндегі нұсқаулықтың
1-қосымшасы
  Нысан

Тоқтатылған қылмыстық істің парақтарының болуын және оның жағдайын тексеру актісі

      Жоғары тұрған органның ресми атауы ___________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ұйымның ресми атауы ________________________________________________

      ____________________________________________________________________

  БЕКІТЕМІН
_________________________
_________________________
_________________________
Ұйым басшысының лауазымы,
аты, тегі, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
_________________________
(жеке қолы)
20__ жылғы "__" _________

      № ____ акт

      Жасау орны

      № ___ архивтік іс парақтардың болуын және оның жағдайы тексеру

      Осы акт __________________________________________________ негізінде

                              (негізі)

      _______________________________________ комиссия құрамында жасалды.

      (комиссия төрағасы мен мүшелерінің аты, тегі, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      Тексеріспен анықталды:

      1. Барлығы ______________________________________________ істің

                              (санмен және жазбаша)

      ішкі тізімдемесі бойынша ______________________________________ парақтар бар.

                                    (санмен және жазбаша)

      ________________________________________________________________________

                              (уәкілетті органның ресми атауы)

      2. Барлығы_______________________________________________________________

      _____________________________________________ істің парағы болмады.

                              (санмен және жазбаша)

      ________________________________________________________________________

                              (уәкілетті органның ресми атауы)

      3. ______________________________________________________________________

                        (санмен және жазбаша)

      істің тізімдемеге енгізілмеген парақтары бар.

      4. Барлығы архивтік іс бойынша _____________________ бар, оның ішінде парақтары:

                                    (санмен және жазбаша)

      1) __________________________________ іс жаңғыртуды талап етеді;

                  (санмен және жазбаша)

      2) __________________________________ іс тыстау және тігуді талап етеді;

                        (санмен және жазбаша)

      3)_________________________________________________________________

                  (санмен және жазбаша)

      істің өше бастаған мәтіні қайта қалпына келтіруді талап етеді;

      4) __________________ іс түзелмейтіндей бұзылды;

      __________________________________________________________________

      (Құжаттарды сақтаудың жалпы жағдайының сипаттамасы мен шарттары)

      __________________________________________________________________

      (Құжаттарды сақтаудың жағдайы мен шарттарының жалпы теріс көріністері)

      Тексеріс жүргізді:

      Комиссия Төрағасы __________________ _____________________________

                              (жеке қолы)             қолтаңбаны таратып жазу

      Комиссия мүшелері __________________ __________________________

                              (жеке қолдары)       қолтаңбаларды таратып жазу

                              __________________ __________________________

                              (жеке қолдары)      қолтаңбаларды таратып жазу

      Күні 20__ жылғы "___"________.

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің архивтік жұмыс
бөлімшелерінің тоқтатылған
қылмыстық істерді қабылдау,
сақтау және беру жөніндегі
жөніндегі нұсқаулықтың
2-қосымшасы
  Нысан

Сақтау мерзімі өтіп кеткен тоқтатылған қылмыстық істерді жоюға бөлу туралы акт

      Жоғары тұрған органның атауы _______________

      Ұйымның ресми атауы ______________________

  БЕКІТЕМІН
________________________
________________________
________________________
ұйым басшысының лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
________________________
(жеке қолы) қолтаңбасы
20__ жылғы "__" ____________

      № _______ акт

      Жасау орны

Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы

      _________________________________________________________________________

      (құжаттардың атауы, орның және шығару жылы, оларды сақтау мерзімін көрсете отырып)

      _________________________________________________________________ негізінде

      _________________________________________________________________________

                        (мұрағат қорының атауы және нөмірі)

      сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істер жоюға таңдалып алынды:

№№ р/н

Қор №
тізімдеме №

Архивтік істің

Қылмыстық істің №

Қылмыс фабуласы

Парақ саны

Соңғы жылдар

Сақтау мерзімі -
тізім бабы

ҚК бабы

Ескер
ту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      ______________ жылға барлығы _______________________________ қысқартылған

                                          (сандармен және жазбаша)

      қылмыстық істер және құжаттар.

      Құжаттарға талдау жүргізген

      тұлғаның лауазымы,тегі,аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ______________

      (жеке қолы)

      Комиссия Төрағасы ______________ _______________________

                              (жеке қолы)            қолтаңбаны таратып жазу

      Комиссия мүшелері _____________ ________________________

                              (жеке қолы)             қолтаңбаны таратып жазу

                              _____________ ________________________

                              (жеке қолы)             қолтаңбаны таратып жазу

      Күні 20__ жылғы "__" __________.

  А4 нысаны (210Х297)

      Ескертпе: Сақталуға жатпайтын электронды тасымалдағыштағы құжаттарды жоюға бөлу туралы акті осы қосымшада келтірілген нысанда жасалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады