Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № ҚР ДСМ-21/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 наурызда № 20182 болып тіркелді.

      "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының негізінде БҰЙЫРАМЫН:

      1. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ ҚР ДСМ-21/2020 бұйрығына
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "2. Денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін көтермелеу:

      сараланған қосымша ақы түрінде бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттың қалыптасқан үнемдеуінің (бұдан әрі – қаражатты үнемдеу) есебінен;

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (бұдан әрі – МСАК субъектісі) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінің (бұдан әрі – КЖНЫК) қаражаты есебінен жүзеге асырылады;

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі есебінен ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы түрінде.";

      мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:

      "4-тарау. СОVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) СОVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру кезінде ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу тәртібі.

      52. COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру кезінде ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу – COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау субъектісінің немесе медициналық емес ұйымның медицина және медициналық емес қызметкерлерін көтермелеу.

      53. COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі іс-шараларға тартылған бір қызметкерге қосымша ақы төлеу жалақының он еселенген ең төменгі мөлшерін құрайды.

      COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі іс-шаралар үшін төлем нақты жұмыс істеген кезең үшін жүзеге асырылады.

      54. COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау субъектісінің немесе медициналық емес ұйымның жұмыскерлерін көтермелеу жұмыскерлердің жұмыс уақытын есепке алу деректерінің негізінде жүзеге асырылады.

      Жұмыскерлерді көтермелеудің есептелген сомалары туралы ақпаратты денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының келісімі бойынша денсаулық сақтау субъектісінің комиссиясы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қорға ұсынады.

      55. COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар науқастарды емдеу жөніндегі іс-шараларға медициналық қызметкерлерінің тікелей қатысуы көтермелеу үшін негіз болып табылады.";

      осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.12.2020 № ҚР ДСМ-242/2020 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс) бұйрығымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17353 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған):

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:

      "23) ақы төлеуі осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес жаңа COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдайда медициналық және медициналық емес ұйымдарға жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге арналған тарифтер."

      осы тізбеге 10-қосымшаға сәйкес 23-қосымшамен толықтырылсын.".

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
1-қосымша
  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде және міндетті
әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде
медициналық қызметтер
көрсететін денсаулық сақтау
субъектілерінің жұмыскерлерін
көтермелеу қағидаларына
10-қосымша

Жұмыскерлерді көтермелеудің есептелген сомалары туралы ақпарат ҚР-да коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі іс- шараларға тікелей қатысқан қызметкерлердің үлесін бағалау жөніндегі комиссияның 2020 жылғы № _________________ шешімімен

      __________________________________________________

      (Денсаулық сақтау субъектісінің атауы)

      __________________________________________________

      (Комиссия төрағасы)

      20 __ жылғы "____" ________ бастап 20 __ жылғы "____" ______ дейінгі кезеңде жұмыскерлерді көтермелеу есептелді:

      Бір айда бір жұмыскерге көтермелеу мөлшері: ________(10 ЕТЖ)

р/с №

Тегі,
аты, әкесінің аты

Лауазымы

Жұмыс уақытының айлық балансы, сағат

Нақты жұмыс істеген, сағат

Жұмыс істеген сағаттардың үлесі, %

Ақы төлеуге көтермелеу сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

9

Бөлімшенің атауы ________________

1







2













Бөлімшенің атауы ________________

1







2














барлығы






      Денсаулық сақтау субъектісінің басшысы (уәкілетті лауазымды тұлға):

      _______________/_________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы)

      (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)

      Медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы:

      _________________ /_________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы)

      (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)

      Денсаулық сақтау субъектісінің бас бухгалтері:

      ______________________________________ /________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы) (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)

      Келісілді:

      (Облыстың/ республикалық маңызы бар қаланың/астананың)

      Жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау органының басшысы

      _________________________ /________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы)

      (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)

      Мөрдің орны (болған жағдайда) / (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)

      Күні 20___ жылғы "_____"_________

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
6-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
7-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
8-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
9-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
10-қосымша

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.10.2020 № ҚР ДСМ-170/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады