"Бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және өз мүшелерінің "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарды және бағалаушылар палатасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 487 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 339 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 20280 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және өз мүшелерінің "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарды және бағалаушылар палатасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 487 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16897 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 25 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген өз мүшелерінің "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бағалаушылар палатасына өз мүшелерінің Заң, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты өтініштер міндетті түрде қабылдануы, тіркелуі, есепке алынуы, қаралуы, бақылануы, бақылаудан алынуы және өтініш берушіге өтінішті және қажет болған жағдайда, тексеру актісін қарау нәтижелері бойынша жауап жіберілуі тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Мыналар:

      1) мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар және мемлекеттік органдардың құзыреттеріне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, иесі бүркемеленген өтініш;

      2) мәселенің мәні баяндалмаған өтініш қарауға жатпайды.";

      3 және 4 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өтініш берушінің бағалаушылар палатасына өтінішінде бағалаушылар палатасы мүшесінің бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы көрсетіледі.

      4. Бағалаушылар палатасы өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бағалаушылар палатасының мүшесіне қатысты өтініште жазылған бұзушылық фактілерін тексеруді тағайындайды.

      Қаралуы үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге барып тексеру талап етілмейтін өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.

      Қаралуы үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге барып тексеру талап етілетін жүгінім келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13.Бағалаушылар палатасы мамандандырылған органының тексеру нәтижелерін шағымдану туралы өтініш бойынша бағалаушылар палатасы алқалы басқару органының шешімі бағалаушылар палатасының алқалы басқару органы оны қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүгінушіге, бағалаушылар палатасының мүшесіне жіберіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады