"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 20472 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 8-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10279 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 5 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Үздік педагог" атағын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 23 сәуірдегі
№ 157 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 12 бұйрығымен
бекітілген

"Үздік педагог" атаған беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Үздік педагог" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтеріне "Үздік педагог" атағын беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Конкурстық комиссия – аудандық (қалалық), облыстық деңгейде Конкурстың аталған кезеңінің жеңімпазын айқындау және Конкурстың келесі кезеңдеріне қатысу үшін ұсыным ұсыну үшін құрылатын комиссия (бұдан әрі – Комиссия).

      2) Конкурсқа қатысушы – осы Қағидаларға сәйкес Конкурсқа қатысуға құжаттарын ұсынған білім беру ұйымының штаттағы педагогі;

      3) педагог портфолиосы – педагогтің білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижелері, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы;

      4) Республикалық конкурстық комиссия – Конкурс жеңімпазын айқындау және оған "Үздік педагог" атағын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құратын комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия);

      5) сыйақы – Конкурста жеңіске жеткен білім беру ұйымының педагогіне қайтарымсыз берілетін ақша;

      6) эссе – ұсынылған тақырып бойынша жеке әсерді, идеяларды білдіретін шағын көлемді ойлар, шығарма.

2-тарау. "Үздік педагог" атағын беру тәртібі

      3. "Үздік педагог" атағы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жыл сайын конкурстық негізде беріледі.

      4. "Үздік педагог" атағы бір адамға он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

      Конкурсқа мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады:

      білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын;

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар.

      5. Эссе тақырыбын көрсете отырып, Конкурс өткізу туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Конкурстың I кезеңін өткізу басталғанға дейін бір ай бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Министрліктің интернет-ресурсына орналастырады.

      6. Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі.

1-параграф. "Үздік педагог" атағын беру конкурсының І кезеңін өткізу тәртібі

      7. Конкурстың I кезеңі – аудандық (қалалық), жыл сайын сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

      8. Конкурстың I кезеңін өткізу туралы хабарландыруды білім бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Конкурстың I кезеңін өткізу басталғанға дейін он бес күн бұрын аудан (қала) аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Бөлімнің интернет-ресурсына орналастырады.

      9. Педагогтерді бағалау үшін құрамы Бөлімнің бұйрығымен бекітілетін аудандық (қалалық) Комиссия құрылады.

      10. Комиссия Бөлімнің қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздарынан, әдістемелік қызмет, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құрылады.

      11. Комиссия мүшелерінің саны кемінде он бес адамды құрайды. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.

      12. Комиссия төрағасы, төраға орынбасары Комиссия мүшелерінен сайланады. Хатшы оның мүшесі болып табылмайды.

      13. Конкурстың І кезеңіне қатысу үшін жыл сайын Бөлімдерге білім беру ұйымдары электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдар ұсынады:

      1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

      2) білім беру ұйымдарының басшылары растаған педагогке арналған ұсыныс;

      3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) білім беру ұйымының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;

      6) электронды тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары;

      7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);

      8) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.

      9) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.

      14. Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістігі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар бойынша бағаланады.

      15. Комиссияның аудандық (қалалық) "Үздік педагог" атағын беру туралы шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      16. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.

      17. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      18. Конкурстың І кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ауданның (қаланың) аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ ауданның (қаланың) білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      19. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде ауданның (қаланың) "Үздік педагог" атағы беріледі және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес куәлік табыс етіледі.

2-параграф. "Үздік педагог" атағын беру конкурсының ІІ кезеңін өткізу тәртібі

      20. Конкурстың I кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар екінші кезеңге қатысуға жіберіледі.

      21. Конкурстың II кезеңі – облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана, жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда үшінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары анықталады;

      22. Конкурстың II кезеңін өткізу туралы хабарландыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Білім басқармалары (бұдан әрі – Басқарма) Конкурстың II кезеңін өткізу басталғанға дейін күнтізбелік он бес күн бұрын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Басқарманың интернет-ресурсына орналастырады.

      23. Педагогтерді бағалау үшін құрамы Басқарманың бұйрығымен бекітілетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Комиссиялары құрылады.

      24. Комиссия Басқарманың қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздарынан, әдістемелік қызмет, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құрылады.

      25. Комиссия мүшелерінің саны кемінде он бес адамды құрайды. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.

      26. Комиссия төрағасы, төраға орынбасары Комиссия мүшелерінен сайланады. Хатшы оның мүшесі болып табылмайды.

      27. Конкурстың ІI кезеңіне қатысу үшін жыл сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Басқармаларына ауданның (қаланың) Бөлімдері электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдарды ұсынады:

      1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

      2) Білім бөлімінің басшысы растаған педагогке арналған ұсыныс;

      3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) Білім бөлімінің Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;

      6) электронды тасығыштардағы жазылған оқу сабақтары;

      7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);

      8) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.

      9) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.

      28. Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістігі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бағаланады.

      29. Комиссияның облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың "Үздік педагогі" атағын беру туралы шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      30. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.

      31. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      32. Конкурстың II кезеңінің қорытындылары конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады.

      33. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың "Үздік педагог" атағы беріледі және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес куәлік табыс етіледі.

      34. "Үздік педагог" атағының иегеріне "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар "2020-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген кемінде айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінде сыйақы төлейді, ол оның ағымдағы шотына бір уақытта аударылады.

3-параграф. "Үздік педагог" атағын беру конкурсының ІІІ кезеңін өткізу тәртібі

      35. Конкурстың IІ кезеңінің нәтижелері бойынша жеңімпаздар үшінші кезеңге қатысуға жіберіледі.

      36. Конкурстың III кезеңі – республикалық, жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпаздары анықталады.

      37. Конкурстың республикалық кезеңін төрағасы Министрліктің бірінші басшысы немесе бірінші басшы айқындаған тұлға болып табылатын Республикалық комиссия өткізеді.

      38. Төраға болмаған жағдайда төрағаның міндетін атқару оның орынбасарына жүктеледі.

      39. Республикалық комиссия Министрлік қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, кәсіби педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздарынан, әдіскерлерден, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ республикалық қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құрылады.

      40. Комиссия мүшелерінің саны кемінде он бес адамды құрайды. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.

      41. Республикалық комиссияның дербес құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

      42. Конкурстың ІII кезеңіне қатысу үшін жыл сайын тамызда Министрлікке Білім басқармалары электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдарды ұсынады:

      1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Үздік педагог" атағын алу үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

      2) Білім басқармасының басшысы растаған педагогке арналған ұсыныс;

      3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) педагогтің карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама;

      6) Білім басқармасының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;

      7) электронды тасығыштардағы жазылған оқу сабақтары;

      8) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);

      9) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.

      10) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.

      43. Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістігі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бағаланады.

      44. Комиссияның "Үздік педагог" атағын беру туралы шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      45. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.

      46. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      47. Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      48. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазға Комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде "Үздік педагог" атағы беріледі және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес куәлік, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес төсбелгі табыс етіледі.

      49. "Үздік педагог" атағының иегеріне "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағымен белгіленген мөлшерде және тәртіпте сыйақы төленеді.

  Үздік педагог" атағын беру
қағидаларына
1-қосымша

Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысуға арналған ӨТІНІМ

      Мені конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

1.

Жұмыс орны


2.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


3.

Туған күні, айы, жылы


4.

Лауазымы


5.

Педагогикалық өтілі


6.

Лауазымдығы жұмыс өтілі


7.

Білімі (қандай оқу орнын, факультеті, қай жылы бітірді


8.

Біліктілік санаты


9.

Индексі көрсетілген үйінің мекенжайы


10.

Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖСН)


11.

Байланыс телефоны (үй, ұялы), электронды поштасы


12.

Марапаттау, көтермелеу


      Қосымша: конкурсқа қатысу құжаттары _____ парақ.

      Өтінімнің толтырылған күні_______________________________

      Конкурсқа қатысушының жеке қолы______________________

      Білім беру ұйымы басшысының қолы_______________

  Үздік педагог" атағын беру
қағидаларына
2-қосымша

Педагог портфолиосының құрылымы

      1. Педагог туралы жалпы мәлімет.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), 3х4 көлеміндегі фотосурет міндетті түрде салынуы қажет

      Өтілі (еңбек және и педагогикалық).

      Білімі.

      Біліктілікті арттыру.

      Марапаттары (грамоталары, мақтау қағаздары, алғыс хаттар, пікірлер мен ұсынымдар), біліктілікті арттыру курстарының сертификаттары, оның ішінде қашықтықтан білім беру (білімін, курстан өтуін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері, құрмет грамоталарының, сертификаттардың сканерленген көшірмелері).

      2. Педагогтік қызметінің мониторингі

      соңғы бес жылдағы білім сапасының даму динамикасы және мониторингі;

      пән бойынша сыртттай бағалаудың қорытындысы туралы мәлімет;

      олимпиадаларға, кәсіби конкурстарға өзінің қатысуы туралы мәлімет;

      оқушыларының жетістігі, олимпиадалардың, пән бойынша жарыстардың (конкурстардың), жеңімпаздары, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы.

      3. Ғылыми-әдістемелік қызметі

      Педагог жұмыс істейтін педагогикалық бағыт бойынша барлық ақпарат:

      қолданылатын технологиялардың, оқыту әдістері мен тәсілдерінің сипаттамасы;

      педагог қатысқан семинарлар, конкурстар, "дөңгелек үстелдер", фестивальдер бойынша материалдар;

      зерттеу қызметі;

      авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлемелері, олар бойынша хаттамалардан үзінді (бар болған жағайда);

      білім беру және әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша материалдар (бар болған жағдайда);

      шығармашылық есептер, семинарлар, ашық сабақтар, тренингтер, ғылыми-практикалық конференциялардағы баяндамалар туралы мәліметтер;

      бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

      тәжірибе алмасу бойынша жұмыс.

      4. Сабақтан тыс қызметі

      оқушылардың шығармашылық жұмыстары;

      оқушылардың, әріптестерінің, педагогтердің, әлеуметтік әріптестердің, ата-аналардың, қоғамның пікірлері;

      волонтерлік қызмет, қайырымдылық іс-шараларға қатысу.

  Үздік педагог атағын беру
қағидаларына
3-қосымша

"Үздік педагог" атағын беру конкурсының бейнеролигіне техникалық шарттар

      1. Техникалық шарттар:

      Конкурстың тақырыбына сай келетін бейнероликтер Конкурсқа ұсынылады.

      Бейненің форматы: DVD, MPEG, ең аз рұқсат-720x480 (12:8 см). Бейнероликтің ұзақтығы – 1 минут.

      Педагогтің есімі жазылған ақпараттық бейнемен ресімдеу.

      Бейнероликті түсіру және монтаждау кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды пайдалану – педагогтің қалауы бойынша.

      Бейнероликтің жанрын (сұхбат, репортаж, бейнеклип, мультфильм) қатысушылар өздері анықтайды.

      Бейнероликті түсіру және монтаждау кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдар, фотосуреттер, бейнефрагменттер, арнайы эффект, фондық музыка қолданылуы мүмкін. Конкурсқа басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімдерін қорлайтын, тақырыпқа сәйкес келмейтін жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды.

      2. Бейнероликтің мазмұны ұсынылған тақырып бойынша қатысушының жеке қабылдауын, көзқарасы мен ойын көрсетеді.

  "Үздік педагог" атағын беру
қағидаларына
4-қосымша

"Үздік педагог" атағын беруге арналған конкурсқа қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары

Балдары

1-4

5-7

8-10

1. Педагогтің кәсіби құзыреттілігі (соңғы 5 жылда) – 10 балл

1 балл – оқытудың инновациялық әдістерін білу, оқыту және тәрбиелеу практикасын зерттеуді білу (соңғы бес жылда);
2 балл – оқыту және тәрбиелеу практикасын зерттеу әдістемесін білу (соңғы бес жылда);
3 балл – білім сапасын арттыруға ықпал ететін оқытудың инновациялық әдістерінің элементтерін қолдану (соңғы бес жылда);
4 балл – оқытудың инновациялық әдістерінің элементтерін қолдану және оқыту, оқыту және тәрбиелеу практикасын зерттеу (соңғы бес жылда)

5 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу; білім беру сапасын айқындау бойынша диагностикалық құралдардың болуы (соңғы бес жылда);
6 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу; білім сапасы мониторингінің болуы (соңғы бес жылда);
7 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, аудандық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда)

8 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, облыстық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда);
9 балл - оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, республикалық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда);
10 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, халықаралық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда)

2. Педагогтің білім беруді дамытуға қосқан үлесі (соңғы 5 жылда) – 10 балл

1 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу (соңғы бес жылда);
2 балл – авторлық әдістемелік материалдарды, бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу; педагогтердің семинарларда, конференцияларда және т. б. сөз сөйлеуі (соңғы бес жылда);
3 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; педагогтердің мақалаларын психологиялық-педагогикалық басылымдарда, облыстық деңгейдегі БАҚ-та жариялау (соңғы бес жылда);
4 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; педагогтердің мақалаларын психологиялық-педагогикалық басылымдарда, республикалық деңгейдегі БАҚ-та жариялау (соңғы бес жылда);

5 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; педагогтердің мақалаларын психологиялық-педагогикалық басылымдарда, халықаралық деңгейдегі БАҚ-та жариялау (соңғы бес жылда);
6 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру (соңғы бес жылда);
авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу (соңғы бес жылда);
аудандық деңгейде педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, мастер-кластар) (соңғы бес жылда);
7 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру (соңғы бес жылда);
авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; облыстық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, мастер-кластар) (соңғы бес жылда);

8 балл - білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру;
аудандық немесе облыстық деңгейде аудандық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу (соңғы бес жылда);
- аудандық немесе облыстық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, мастер-кластар) (соңғы бес жылда);
9 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру (соңғы бес жылда);
облыстық немесе республикалық деңгейде облыстық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу; облыстық немесе республикалық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, мастер-кластар) (соңғы бес жылда);
10 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру;
республикалық немесе халықаралық деңгейде республикалық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу; республикалық немесе халықаралық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, мастер-кластар) (соңғы бес жылда);

3. Педагог қызметінің нәтижелілігі (соңғы бес жылда) – 10 балл

1 балл – ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу (соңғы бес жылда);
2 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі (соңғы бес жылда);
3 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы (соңғы бес жылда);
4 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы (соңғы бес жылда);

5 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы (соңғы бес жылда);
6 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби конкурстарға қатысуы (соңғы бес жылда);
7 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысуы (соңғы бес жылда);

8 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің облыстық деңгейдегі олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; облыстық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйлеу, облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысу (соңғы бес жылда);
9 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің республикалық деңгейдегі олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйлеу, республикалық деңгейдегі кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысу (соңғы бес жылда);
10 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің халықаралық деңгейдегі олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйлеу, халықаралық деңгейдегі кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысу (соңғы бес жылда);

4. Педагогтің кәсіби шеберлігі мен тұлғасын бағалау - 10 балл

1 балл – педагогтерді білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қауымдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың пікірлері)
2 балл – педагогтерді білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің пікірлері)
3 балл – педагогтерді білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, педагогикалық қоғам өкілдерінің пікірлері)
4 балл – педагогтерді білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері)

5 балл – педагогтерді ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері)
6 балл – педагогтерді Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар; қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында мойындалуы));
7 балл – педагогтерді Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, облыстық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында мойындалуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік)

8 балл – педагогтерді Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, облыстық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында мойындалуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік); оқушылар мен тәрбиеленушілерге әртүрлі ұлттар, мәдениет және дін адамдарымен өмір сүруге, жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін құнды білім беруді дамыту (Қазақстан Республикасының және басқа елдердің білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық)
9 балл – педагогтерді Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, республикалық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында мойындалуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік); оқушылар мен тәрбиеленушілерге әртүрлі ұлт, мәдениет және дін адамдарымен өмір сүруге, жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін құнды білім беруді дамыту (Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық, оқушылармен алмасу бойынша бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу)
10 балл – педагогтерді Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, халықаралық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында мойындалуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік); оқушылар мен тәрбиеленушілерге әртүрлі ұлттар, мәдениет және дін адамдарымен өмір сүруге, жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін құнды білім беруді дамыту (басқа елдердің білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық, оқушылармен алмасу бойынша бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу)

  "Үздік педагог" атағын беру
қағидаларына
5-қосымша

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігі



Министерство
образования и науки
Республики Казахстан

КУӘЛІК

СВИДЕТЕЛЬСТВО

______________
________________
________________



 

__________________
__________________
__________________










М.О Министр


Аты-жөні

  "Үздік педагог" атағын
беру қағидаларына
6-қосымша



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады