ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 434 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14311 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 4) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі - құрылыс салушы) - уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті өзінің меншікті және (немесе) тартылған ақшасы есебінен жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) уәкілетті компания - дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, көппәтерлі тұрғын үйдің үлестік құрылысын және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлестерді өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу саласында басқаруды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) үлескер - көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға.
2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) есепке алу үлескер және оған тиесілі үлес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт туралы мәліметтердің жүйелендірілген, мерзімді толықтырылатын және нақтыланатын тізбесін білдіреді. Шарттарды есепке алуды уәкілетті компанияның ұсынуы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүргізеді.
Есепке алуды жүзеге асыру:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 678 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19313 болып тіркелген) сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне жазба енгізуді;
2) уәкілетті және өзге де органдарға, екінші деңгейдегі банктерге, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорына, сондай-ақ үлескерлерге ақпараттық қызмет көрсетуді;
3) Шартты өзекті етуді, оның ішінде Шартқа өзгерістер енгізуді есепке алуды, Шартты есептен шығарудың күнін және негіздемесін көрсете отырып, есептен шығаруды;
4) жеке тұлғаларға тұрғын үй құрылысына үлесті сатып алуға қарыз беру туралы шарттардың шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің ауыртпалықтары туралы ақпаратты есепке алу мен жүргізуді қамтиды.
3. "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Уәкілетті компания (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы мынадай құжаттарды береді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартқа/талап құқықтарын қайта беру туралы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы/шартты есептен шығару туралы шартты (-лерді)/қосымша келісімді есепке қою туралы өтініш (бұдан әрі - Өтініш);
2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа/талап құқықтарын қайта беру туралы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы/шартты есептен шығару туралы шартты (-тарды)/қосымша келісімді есепке қою туралы (ол болған жағдайда) электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы порталда Шартқа сәйкес есепке алынуға жататын тиісті құрылыс объектісінің үлесі туралы мәліметтерді көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтінішті қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты).
6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтерді келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттың мәліметтерін портал тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
8. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті және ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетке"жолдайды.
9. Шартты, оған енгізілетін өзгерістерді, сондай-ақ талап ету құқықтарын қайта беру туралы шартты есепке алу кезінде көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгі нысанына (бұдан әрі - шарттың үлгі нысаны) олардың сәйкестігі мәніне, сондай-ақ үшінші тұлғалардың көппәтерлі тұрғын үйге үлеске бұрын есепке қойылған құқықтарының болуы мәніне тексеру жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беруді не Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетке" жібереді.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;;
2) Шарттың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14185 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгі нысанының талаптарына сәйкес келмеген кезде, сондай-ақ тұрғын жайдағы бір үлеске бұрын есепке қойылған шарт болған кезде;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді бас тартуда көрсетілген ескертулерді жойғаннан кейін Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қайтадан өтініш бере алады немесе оған сот тәртібімен шағымдана алады.
12. Көрсетілетін қызметті алушы үлескерге шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірмені үзінді көшірмені алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
13. Қызмет беруші уәкілетті органның сұрауы бойынша есепке қойылған шарттардың саны туралы ақпарат ұсынады.
14. Көрсетілетін қызметті алушы үлескерге салынған көппәтерлі тұрғын үйдегі оның үлесін беру туралы шартты тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жібереді.
15. Талап ету құқықтарын қайта беру туралы шартты есепке алу және есептен шығару шартты есепке қою және есептен шығару рәсімдеріне ұқсас жүзеге асырылады.
16. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшысының атына не уәкілетті орган басшысының блогына ("уәкілетті орган басшысының блогы" парағы) беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Шағымда:
1) жеке тұлға - оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлға - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні.
Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
18. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Шартты (-тарды)/қосымша келісімді есепке қою туралы шартқа/шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы талап ету құқықтарын қайта беру туралы/шартты есептен шығару туралы өтініш
Ұсынылған құжаттар негізінде Сізден шарт (-тар)/шартқа өзгерістер және (немесе) толықтыру енгізу туралы қосымша келісім/талап ету құқықтарын қайта беру туралы шартқа есепке алуды жүргізуді/ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алу журналына жазба енгізе отырып, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы/шартты есептен шығаруды сұраймыз (керегін таңдау))
Уәкілетті компания атауы
____________________ /____________________/ 20__ ж. "___"___________
Уәкілетті өкілдің қолы А.Ж.Т.
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | үш жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартқа/талап құқықтарын қайта беру туралы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы/шартты есептен шығару туралы шартты (- лерді)/қосымша келісімді есепке қою туралы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;; |
10 | Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Шартты (-тарды)/шартқа өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы қосымша келісімді есепке қою туралы/шартты есептен шығару туралы үзінді
Есепке қою номері | Есепке қойылған күні | Құрылыс салушы және уәкілетті компания туралы мәліметтер (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және заңды/нақты мекенжайы)) | Құрылыс объектісі туралы мәліметтер ( орналасқан жері, объектінің техникалық сипаттамасы) | Құрылыстың басталу және аяқталу мерзімдері туралы мәліметтер | Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорымен шарт/Жергілікті атқарушы органның үлескерінің ақшасын тартуға рұқсат | Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың нөмірі мен күні | Үлескер туралы мәліметтер Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), паспорттың, жеке куәліктің деректері) | Үлескердің үлесі туралы мәліметтер ( үй-жайдың түрі, үй-жайдың ауданы, қабат, пәтердің нөмірі және т. б. )) | Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және шарт бойынша құқықтарды қайта беру туралы деректер (нөмірі және күні)) | Шартты Тоқтату/Есептен шығару (нөмірі мен күні, негіздемесі)) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |