"Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 626 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 шiлдеде № 23365 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20592 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 7-тармағына және 90-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кредиторлар талаптары тізілімін уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы кредиторлар талаптарының тізілімін уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-бабының 7-тармағына және 90-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен кредиторлар талаптарының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.";

      16-тармақтың екінші бөлігіне орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тілінде өзгеріссіз;

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талап сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 мамырда № 913 болып тіркелген) сәйкес ресімделген кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Оңалтылатын немесе таратылатын астық қабылдау кәсіпорнының тізілімін қалыптастыру осы Қағидаларға сәйкес "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңының ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.";

      54-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші және он төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады