"Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 15 мамырдағы № 298 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 мамырда № 20679 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау және "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Субсидиялауға тарифтерін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) белгілейтін әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары арқылы тасымалдауды орындау нәтижелері бойынша пайда болған тасымалдаушының залалдары жатады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Тасымалдаушы есептік айдан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы ай сайынғы есепті (бұдан әрі - ай сайынғы есеп) жібереді. Қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақыны электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда Тасымалдаушы келесі есептік айдан кейінгі айдың 10-шы күніне дейінгі мерзімде уәкілетті ұйымға ай сайынғы есеп жібереді, кейін уәкілетті ұйым келесі есептік айдан кейінгі айдың 15-ші күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 3-1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыс туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға ұсынады.

      "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 15-1 тармақпен толықтырылсын:

      "15-1 Мемлекеттік қызметті алу үшін тасымалдаушы (жеке және заңды тұлғалар) жергілікті атқарушы органға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 3-3-қосымшаға сәйкес "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" (бұдан әрі - Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін жолдайды.

      Стандарттың 8-тармағында қарастырылған құжаттар тізімінде:

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын билеттерді сату жөніндегі есеп;

      маршрут (километр) бойынша өткен жолға сүйеніп, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Тасымалдаушының жолаушыларды маршруттарда тасымалдаумен байланысты шығыстарының көлемі жөніндегі есеп;

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп;

      осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын орындалған жұмыстардың актілері ұсынылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметті көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Стандарттың 10-тармағында жазылған.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.";

      мынадай мазмұндағы 17-1, 17-2, 17-3 және 17-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "17-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар тапсырылған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды тасымалдаушыға қайтарады.

      17-1 Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде тасымалдаушыға құжаттардың саны мен күнін және мемлекеттік қызметтің нәтижесін алған күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға тасымалдаушыдан жазбаша келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік корпорацияға өтініш беру және мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушының өкілі жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады, бұдан басқа көрсетілетін қызметті алушының өкілі Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне сәйкес оның өкілеттігін растайтын сенімхат ұсынады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

      Тасымалдаушы 1 (бір) айдан кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызметтің нәтижесін Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

      17-2. Жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы құжаттарды тапсырған кезде тасымалдаушыға келіп түскен күні, сұралған мемлекеттік қызмет түрі, тіркелген құжаттардың нөмірі мен атауы, мемлекеттік қызмет нәтижесін берген күні көрсетілген кез-келген нысанда тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      17-3. Жергілікті атқарушы орган құжаттарды алған күні тіркейді.

      Жергілікті атқарушы орган заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлеметті "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды тасымалдаушыдан талап етуге жол берілмейді.

      17-4. Егер тасымалдаушы Стандартта 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері немесе жергілікті атқарушы органның өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Тасымалдаушы Стандартта 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жергілікті атқарушы орган 4 (төрт) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісін қоса бере отырып, субсидия тағайындау туралы хабарлама немесе Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 6-3-қосымшаға сәйкес субсидияны тағайындамау туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі тасымалдаушыға қағаз түрінде Мемлекеттік корпорация немесе жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "19-1. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      19-2. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы органның басшысының атына беріледі.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органның мекенжайына келіп түскен тасымалдаушының шағымы тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастырылуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен тасымалдаушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүгіне алады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Отырыстың нәтижелері бойынша Бағдар құнын айқындау жөніндегі комиссия тасымалдаушыға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көліктік жұмыс төлеміне есептік шығындары түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде бағдар құнын айқындаудың дұрыстығын хаттама түрінде растайды және әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесін қалыптастырады.".

      осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес 3-2 және 3-3-қосымшалармен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес 6-1, 6-2 және 6-3-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 803 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19534 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 5 қарашада электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 298 бұйрығына
1-қосымша
  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет
қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
3-2-қосымша
  Нысан
  _____________________ облысы
(қаласы)
бойынша жергілікті атқарушы
орган басшысы
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
кімнен______________________
(өтініш берушінің толық атауы,
бизнес сәйкестендіру нөмірі
немесе (жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған
жағдайда) және жеке
сәйкестендіру нөмірі,
мекенжайы, деректемелері,
телефоны)

Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауға арналған өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін 20__ жылғы "___" _________ (қолы).

      20__жылғы "____"__________

      _____________________________

      (қолы, мөрі (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 298 бұйрығына
2-қосымша
  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет
қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
3-3-қосымша

"Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) Мемлекеттік корпорация;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні ішінде

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Орындалған жұмыс актісінің қосымшасын қоса бере отырып субсидия тағайындау туралы хабарлама немесе субсидияны тағайындамау туралы хабарлама жіберу арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға немесе 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден, 18.30-ға немесе 19.00-ге дейін.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға немесе 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға немесе 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден сенбіні қоса алған аралықта түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жедел қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электронды" кезек тәртібінде жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш;
2) орындалған жұмыстар актісі;
3) әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы есеп;
4) билеттерді сату жөніндегі есеп;
5) жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп;
6) маршрут (километр) бойынша өткен жолға сүйеніп, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда, Тасымалдаушының жолаушыларды маршруттарда тасымалдаумен байланысты шығыстарының көлемі жөніндегі есеп;
7) тасымалдаулар ауданаралық (қалааралық облысішілік) немесе ауданішілік қатынастарда жүзеге асырылған жағдайда, автовокзалдардың (автостанциялардың) диспетчерлік қызметінің құжаты немесе ауылдық округтің әкімінен немесе оны алмастыратын адамнан осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын анықтамалар;
8) қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда, маршрут (километр) бойынша өткен жолға сүйеніп, осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растаушы елді мекеннің бірыңғай диспетчерлік қызметінен алынған құжат;
9) диспетчерлік қызметтің қалалық маршруттар бойынша рейстерді орындамағанын растайтын (бар болған жағдайда) құжаты.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығында ақауы бар көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну көмегімен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) Министрлік - www.​miid.​gov.​kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорация - www.​gov4c.​kz.
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қолжеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефоны 8 (7172) 98-35-48. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 298 бұйрығына
3-қосымша
  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет
қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
6-1-қосымша
  Нысан
  __________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған
жағдайда) немесе ұйымының
атауы)
__________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, "Азаматтарға арналған

      үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының

      № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес Сіздер құжаттардың толық

      топтамасын ұсынбау себебінен __________________________________ мемлекеттік қызметті

      көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Ұсынылмаған құжаттардың атауы:

      1)_________________________________________________________________;

      2)_________________________________________________________________;

      3)…

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      ___________________________________________ ________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері)

      Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      Телефоны__________

      Алдым:___________________________________ ________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      20 ___ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 298 бұйрығына
4-қосымша
  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет
қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
6-2-қосымша

Субсидияны тағайындау туралы хабарлама

      Құрметті

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сізді

      ________________________________________________________________________________

      (субсидияланатын бағыт)

      бағыты бойынша субсидияны тағайындау бойынша шешім туралы хабарлаймыз.

      Сұрақтар туындаған жағдайда,

      _______________________________________________________________ жүгінуді сұраймыз.

      (көрсетілетін қызметті берушіге)

      Орындаушы: _________________________________________ ___________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын қолы)

      Байланыс телефондары:

      ________________________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 298 бұйрығына
5-қосымша
  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет
қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
6-3-қосымша

Субсидияны тағайындамау туралы хабарлама

      Құрметті

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сізді

      ________________________________________________________________________________

      (субсидияланатын бағыт)

      бағыты бойынша субсидияны тағайындамау бойынша шешім туралы хабарлаймыз.

      Бас тартудың себебі:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Сұрақтар туындаған жағдайда

      _______________________________________________________________ жүгінуді сұраймыз.

      (көрсетілетін қызметті берушіге)

      Орындаушы: ________________________________________ ____________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын қолы)

      Байланыс телефондары:

      _______________________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады