"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 39-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4945 болып тіркеліп, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2007 жылы жарияланған, № 10) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 103 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген |
"Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) кондоминиум объектісі – жер учаскесінен (жер учаскелерінің), бастапқы және кейінгі объектілерден тұратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кондоминиум нысанындағы жылжымайтын мүлікке меншік белгіленетін мүліктік кешен.
2) гидромелиоративтік кондоминиум – жер учаскелеріне заттық құқық жеке және заңды тұлғаларға тиесілі, ал гидромелиоративтік жүйе немесе оның элементтері оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі бірыңғай мүліктік кешен (бұдан әрі – гидромелиоративтік кондоминиум объектісі) ретінде жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны.
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы заңнамаға сәйкес, кондоминиум объектісі жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тіркеледі.
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының кемінде екі меншік иесінен жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш) ұсынылады.
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші мәліметтерді "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқықтық кадастрға енгізеді.
4. Егер кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде құқықтық кадастрда жер учаскесіне құқықты тіркеу туралы мәліметтер болмаса, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алырнған жер учаскесі туралы мәліметтерді енгізеді.
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жер учаскесі туралы мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқықтарды рәсімдеу туралы хабарлама жібереді.
5. Кондоминиум объектісін тіркеу "Жылжымайтын мүлік тіркелімі мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖМТ МДҚ) ақпараттық жүйесіне жер учаскесін, бастапқы объектілерді сәйкестендіретін тиісті мәліметтерді және кондоминиум объектісін тіркеу үшін қажетті қайталама объектілердің сипаттамаларын, сондай-ақ құқық түрі, ортақ меншік нысаны (өзге де заттық құқық) туралы мәліметтерді енгізу және кондоминиум қатысушыларының ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшерін автоматты түрде айқындау арқылы ұсынылған құжаттардың негізінде меншік құқығын растаудан тұрады.
6. Кондоминиум қатысушыларының ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері бөлек (жеке) меншіктегі (өзге де заттық құқықтағы) тұрғын үй-жайдың пайдалы алаңының және тұрғын емес үй-жай алаңының кондоминиумның осы объектісіндегі барлық тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлар алаңының сомасына қатынасымен айқындалады.
7. Кондоминиум объектісі тіркелгенге дейін кондоминиумға қатысушылардың не кондоминиум объектісін басқарушы органның ортақ меншікке байланысты мәмілелері заңды күшіне енбейді.
8. Көп пәтерлі тұрғын үйді жекешелендіру кезінде кондоминиум объектісін бастапқы тіркеуді жекешелендіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган жүргізеді.
9. Мемлекеттік тіркеуге пәтерлердің жалпы алаңының және көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары алаңының өзгеруі нәтижесінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамы және (немесе) пәтерлердің, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері үлестерінің мөлшері өзгертілуі жатады. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
10. Осы Ережеде белгіленген кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібі кондоминиумдардың басқа түрлеріне де қолданылады.
2-тарау. "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) келтірілген.
Өтінішді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы, көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz (бұдан әрі – портал).
Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасымен көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:
Қабылдау және беру бөлімінің қызметкері Стандарттың 8-тармағына сәйкес өтініш пен құжаттарды қабылдайды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөліміне көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының сканерленген көшірмелерін жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері құжаттар топтамасын қарайды, қарау нәтижелері бойынша кондоминиум объектісін тіркейді немесе тіркеуді тоқтата тұрады немесе Стандарттың 3 және 9-тармақтарында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, содан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: ЭЦҚ арқылы қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарламаны жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкеріне жолданады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне және құжаттарды қабылдау және беру бөліміне жолдайды.
13. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету тәртібі:
Көрсетілетін қызметті алушы порталда авторизациялаудан өтеді, өтініш толтырады және құжаттарды Стандарттың 8-тармағына сәйкес тіркейді.
Тіркеуші органның ақпараттық жүйесінде кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін ақы төленгені туралы расталғаннан кейін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері құжаттар топтамасын қарайды, қарау нәтижелері бойынша кондоминиум объектісін тіркейді немесе тіркеуді тоқтата тұрады не Стандарттың 3 және 9-тармақтарында көзделген негіздемелер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, содан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары ЭЦҚ арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: ЭЦҚ арқылы қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарламаны жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкеріне жолданады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жолдайды.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Ережелердің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Стандарттың 3-тармағында көзделген.
16. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтінішді пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің, тұрғын емес үй-жайларының кемінде екі меншік иесі немесе олардың уәкілетті өкілі бере алады.
3-тарау. Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ерекшеліктері
17. Егер гидромелиоративтік кондоминиум қатысушыларының келісімімен өзгеше белгіленген болмаса, ортақ мүліктегі гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың үлесінің мөлшері бөлек (жеке) меншікте (өзге де заттық құқықта) тұрған суармалы жер учаскесі ауданының осы гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін барлық суармалы жер учаскелерінің аудандарының сомасына қатынасымен айқындалады. Гидромелиоративтік кондоминиум мүлігіндегі мұндай үлес зат түрінде бөліне алмайды (мінсіз үлес).
Осындай үлестердің есебі туралы құжатты гидромелиоративтік кондоминиум қатысушылары Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге тапсырады.
Гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін жер учаскелерінің және/немесе гидромелиоративтік кондоминиумнің барлық объектісінің шекаралары өзгерген кезде гидромелиоративтік кондоминиум қатысушылары не уәкілетті өкілдері тіркеуші органға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш береді. Тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бұл ретте осы Ережеде белгіленген тәртіппен жасалады.
Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер немесе олардың уәкілетті өкілі тіркеуші органға Стандарттың 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
18. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану.
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі – www.gov.kz.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, портал арқылы не кеңсе арқылы, жұмыс күндері не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасының блогына қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны кеңседе тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Шағым тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы, портал арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы бе).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесіне № 1 қосымша |
|
Нысан |
________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы")
кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы
№_____________________________
ӨТІНІШ
Өтініш берушілер:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(кондоминиум қатысушылары)
Олардың атынан әрекет ететін: _______________________________________
(уәкілетті өкілдің атауы мен деректемелері)
Тіркеуді сұраймын ______________________________________________
(мемлекеттік тіркеу объектісінің түрі)
Кондоминиум объектісі туралы мәліметтер:
Кондоминиум объектісінің мекенжайы: __________________________________
Жылжымайтын мүлік түрі: ___________________________________________
Бөлек меншіктегі қайталама объектілердің саны
___________________________________________
Ғимараттың жалпы ауданы (бастапқы объект)_______________
Бөлек меншіктегі барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңы
(қайталама объектілер) ________________шаршы/м
Ғимаратты пайдалану үшін жер учаскесінің жалпы алаңы
(бастапқы объект)____________га
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі_______________________
Ауданы көрсетілген жалпы пайдалану орындарының қысқаша
сипаттамасы________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін (міз):
1. Төлем туралы құжат: түрі _________ № ______ сомасы______ теңге
2. Мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын құжаттар (жер учаскесін беру бойынша
жергілікті атқарушы органдардың шешімі, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
_____________/_________________/______________________________________
(күні) (өтініш берушінің қолы) (Өтініш берушінің аты-жөні (болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
(Өтінішті қабылдаған маманның аты-жөні (болған жағдайда) және қолы)
Өтініш беру күні: _______ 20__ж.
Уақыты ______ сағ. ______ мин
Өтінішті орындау / қарау / нәтижесі ________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілді: күні________________ 20__ж.
_____________________________________________________________________
(Өтінішті қабылдаған тіркеуші маманның аты-жөні (болған жағдайда) және қолы)
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесіне № 2 қосымша |
"Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жүгінген кезде: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің: құжаттарды қабылдау және беру – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, мемлекеттік корпорацияның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері, жылжымайтын мүлікке құқық немесе құқық ауыртпалығының түрі және өзге де тіркеу объектілері не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан немесе өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші тұрғылықты жеріне барып, 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы жүргізеді. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті берушінің филиалы (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) __________________________________________________________;
2) __________________________________________________________;
3) ….
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден, 2 данада жасалды.
Т.А.Ж. (құжаттарды қабылдау бойынша көрсетілетін қызметті берушінің филиал қызметкерінің (болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ж. (болған жағдайда)________________________________
Телефон _______________________
Алдым: ____________________________________________________
Т.А.Ж. (болған жағдайда) / көрсетілетін қызметті алушының қолы
"___" _________ 20__ жыл
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесіне № 4 қосымша |
|
Нысан |
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама
Жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы ХАБАРЛАМА (КЕАҚ аумақтық филиалы), ұсынылған өтінішті қарап (күні) (номері) және мекенжай бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне тіркеу ісінің материалдарын зерделеп, (мекенжайы), "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының ережелеріне сәйкес жоғарыда аталған жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізілгенін хабарлайды. Осы құжат "Электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңының 7-бабының 1-тармағына сəйкес қағаз тасымалдағыштағы құжатпен бiрдей. *штрих-код ЖМТ МДҚ-дан алынған және тиісті "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды |
---|
Жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаға қосымша |
Кондоминиум объектісіне қатысушылардың үлесін есептеу
Мекенжай:_______________________________
Көп пәтерлі тұрғын үйдің пайдалы алаңы ________________шаршы/м
Тұрғын/ тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңы ________________ шаршы /м
Жер учаскесінің жалпы алаңы (ортақ үлестік меншік құқығында)____________га
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі _______________________
Көп пәтерлі тұрғын үйдің кадастрлық нөмірі __________________
№ п/п | Көп пәтерлі тұрғын үйдегі (пәтер/тұрғын емес үй-жай) қайталама объектінің мекенжайы) | Меншік иесінің Т.А.Ж. | Пәтердің/тұрғын емес үй-жайдың жалпы ауданы | Үлес |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді тоқтата тұру туралы хабарлама
Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы ХАБАРЛАМА (КЕАҚ аумақтық филиалы), ұсынылған өтінішті қарап (күні) (номері) және мекенжай бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне тіркеу ісінің материалдарын зерделеп, (мекенжайы), "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) ережелеріне сәйкес, жоғарыда көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру негізді деп хабарлайды (бап – тоқтата тұру себептерінің негіздемесі). Осы Заңның 27-бабының 3-тармағының негізінде, егер тіркеуді тоқтата тұру туралы сот актісінде өзгеше белгіленбесе, тіркеуді тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылғанға дейін, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге тіркеу тоқтатыла тұрады. Егер Сіз бір ай ішінде тіркеуді тоқтата тұруға негіз болған мән-жайларды жоймасаңыз, мемлекеттік тіркеуден бас тартылады. Бұл ретте, Сіз берген өтінішті кез келген уақытта кері қайтарып алуға болады. Осы құжат "Электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңының 7- бабының 1-тармағына сəйкес қағаз тасымалдағыштағы құжатпен бiрдей. *штрих-код ЖМТ МДҚ-дан алынған және тиісті "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды |
---|
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама
Мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы ХАБАРЛАМА (КЕАҚ аумақтық филиалы) ұсынылған тіркеу құжаттары мен мына мекенжайда орналасқан: мекенжай, жылжымайтын мүлік объектісіне тіркеу ісінің материалдарын зерделеп, "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң), атап айтқанда (бас тарту себебі) жоғарыда аталған жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тарту негізделетінін хабарлайды. Заңның 31-бабының 5-тармағына сәйкес тіркеуден бас тартуға негіз болған мән-жайлар жойылған кезде тіркеуге өтініш қайта берілуі мүмкін. Осы құжат "Электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңының 7-бабының 1-тармағына сəйкес қағаз тасымалдағыштағы құжатпен бiрдей. *штрих-код ЖМТ МДҚ-дан алынған және тиісті "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды |
---|