"Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 352 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 364 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 маусымда № 20885 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10247 тіркелген, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Барлық тау-кен және геологиялық барлау жұмыстары "Тау-кен жұмыстарының жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 351 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16978 тіркелген) сәйкес әзірленген қауіпті өндірістік объектілерін салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманың (бұдан әрі – жоба) және тау-кен жұмыстары жоспарының негізінде жүргізіледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тау-кен, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін объектілерде ұйымның техникалық басшысымен:

      1) өндірістік бақылау туралы ереже;

      2) технологиялық регламенттер;

      3) аварияларды жою жоспары (бұдан әрі – АЖЖ) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген, Аварияларды жою жоспарын әзірлеу талаптарына сәйкес жасалады және бекітіледі.

      АЖЖ жұмысты қауіпсіз жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалардың зерделеуі (бұдан әрі – бақылаушы адам), объектінің техникалық басшысының басшылығымен жүргізіледі.

      Аварияны жою жоспары жылына 1 рет кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және (немесе) құралымдарымен қайта қаралады және келісіледі.";

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Барлық жұмыстар Нарядтар кітабында жазбаша түрде немесе электрондық наряд-тапсырмаларды тіркеу журналында ресімделген наряд-тапсырма бойынша жүзеге асырылады.

      Наряд-тапсырма – наряд-тапсырма кітабында (журналында) немесе электрондық наряд-тапсырмаларды тіркеу журналында ресімделген және жұмыстың мазмұнын, орнын, оның басталу және аяқталу уақытын, оның қауіпсіз орындалу шарттарын, қажетті қауіпсіздік шараларын, жұмыстың қауіпсіз орындалуына жауапты бригадалар мен жұмыскерлердің құрамын айқындайтын жұмыстың қауіпсіз өндірісіне арналған тапсырма және наряд-тапсырманың орындалуы немесе орындалмауы туралы белгі.

      Нарядтар кітабында жазбаша түрде ресімделген наряд-тапсырманы ұйымның құрылымдық бөлімшесінің техникалық басшысы жауапты жетекшіге және жұмыстардың жауапты өндірушісіне қол қойғызу арқылы береді.

      Электрондық наряд-тапсырмаларды тіркеу журналында ресімделген наряд-тапсырманы ұйымның құрылымдық бөлімшесінің техникалық басшысы жауапты жетекшіге және жұмыстардың жауапты өндірушісіне "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес тараптарға жеке электрондық цифрлық қолтаңбаларды қойғызу арқылы береді.

      Наряд-тапсырма жұмыстарды орындау уақытын, мазмұнын, орнын, жұмыстың нақты көлемін, қауіпсіз орындау тәртібін және жұмыстарды орындау тапсырылған нақты тұлғаларды анықтайды.

      Наряд-тапсырма беретін адам:

      1) жұмыс орнының тәуекелдеріне бағалау және әлеуетті қауіптеріне талдау жүргізеді;

      2) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін анықталған тәуекелдерді болдырмауды немесе азайтуды қамтамасыз ететін іс-шараларды айқындайды;

      3) қауіпсіз жұмыс өндірісінің тәртібі бойынша ағымдағы нұсқаулықты өткізеді.";

      4-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-2. Барлық аса қауіпті жұмыстар наряд-рұқсат бойынша орындалады.

      Наряд-рұқсат – жұмыстың мазмұнын, орнын, оның басталу және аяқталу уақытын, оның қауіпсіз орындалу шарттарын, қажетті қауіпсіздік шараларын, жұмыстың қауіпсіз орындалуына жауапты бригадалар мен жұмыскерлердің құрамын айқындайтын қауіптілігі жоғары жұмыстың қауіпсіз өндірісіне арналған құжат.

      Аса қауіпті жұмыстардың тізбесі ұйым басшысының немесе ұйымның құрылымдық бөлімшесінің техникалық басшысының бұйрығымен жыл сайын түзетіледі және бекітіледі.

      Наряд-рұқсатты беруге құқылы ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің инженерлік-техникалық жұмыскерлерінің тізбесі ұйым басшысының немесе ұйымның құрылымдық бөлімшесінің техникалық басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Наряд-рұқсатты беруге құқылы құрылымдық бөлімшелердің инженерлік-техникалық жұмыскерлері жауапты жетекшілер мен аса қауіпті жұмыстардың жауапты өндірушілерін айқындайды.

      Аса қауіпті жұмыстарды ұйымдастыруды және қауіпсіз жүргізуді наряд-рұқсаттарды беретін адамдар, жұмысқа рұқсат берген жауапты жетекші, жұмыстарды өндіруші, бригада мүшелері қамтамасыз етеді.

      Наряд-рұқсат жазбаша түрде немесе электрондық құжат форматында рәсімделіп, кейіннен Наряд-рұқсаттарды беру журналына тіркеледі.

      Наряд-рұқсаттардың берілуін тіркеу журналы осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес ресімделеді.

      Наряд-рұқсат электрондық құжат форматында ресімделген кезде наряд-рұқсаттарды беретін адамдар, жұмысқа рұқсат берген жауапты жетекші, жұмыстарды өндіруші, бригада мүшелері наряд-рұқсатқа "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес жеке электрондық цифрлық қолтаңбаларын қояды.

      Акт-рұқсат бойынша берілмеген тапсырыс берушінің объектісінде мердігерлік ұйым орындайтын аса қауіпті жұмыстарға наряд-рұқсатты Тапсырыс беруші ресімдейді.

      Акт-рұқсат бойынша берілген объектіде мердігерлік ұйым орындайтын аса қауіпті жұмыстарға наряд-рұқсатты мердігер ресімдейді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жару жұмыстарын жүргізу, жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды сақтау, тасымалдау және есепке алу "Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 тіркелген) талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Жабдықта орнатылған БӨҚ салыстырып тексеру таңбалары болуы тиіс.

      Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу және салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу "Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Манометрлер, салмақ индикаторлары және БӨҚ олардың көрсеткіштері қызмет көрсетуші персоналға анық көрінетіндей болып орнатылады.

      Манометр шкаласында максималды жұмыс қысымына сәйкес келетін белгі қойылады.

      Қызыл сызықтың орнына манометр корпусына қызыл түске боялған және манометр шынысына тығыз жанасатын металл пластинаны бекітуге болады.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Жерасты тау-кен жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндіріс объектілері бақылау, авариялар туралы хабарлау, персоналды позициялау және іздеу жүйелерімен, объектіге қызмет көрсететін АҚҚ тікелей телефондық және оған қосымша балама байланыспен жабдықталады.

      Бақылау, авариялар туралы хабарлау, персоналды позициялау және іздеу жүйесі:

      1) кен диспетчерінің кодтық, мәтіндік немесе дауыстық хабарламалардың бірін жерасты қазбаларындағы әрбір жұмыскерге шахтаның қай жерінде жүрмесін, апатқа дейін, апат кезінде және апаттан кейін тікелей жеткізуді;

      2) шахтада жүрген персонал мен техниканы позициялауды;

      3) құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде тау-кен массасы үйіндісінің астындағы адамды 2 метрден аспайтын дәлдікпен 2 тәулік ішінде тауып алуды және анықтауды қамтамасыз етуі тиіс.

      Хабарландыру кезінде берілетін ақпараттың көлемі персоналдың апаттың сипаты мен эвакуацияның мүмкін жолдарын түсінуіне жеткілікті болуы тиіс.

      Бақылау, авариялар, персоналдың орналасуы және іздестіру туралы хабарлау жүйесі тау-кен қазбаларының барлық аймағын қамтуы тиіс.

      Бақылау, авариялар, персоналдың орналасуы және іздестіру туралы хабарлау жүйесі апатқа дейін, апат кезінде және апатты жойғаннан кейін де жерасты тау-кен жұмыстарын автоматтандырылған диспетчерлеу арқылы үздіксіз жүргізіледі және жұмысқа жарамды болып қала береді.

      Хабарлау уақыты 4-5 минуттан артық емес.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Кенжарды әрбір жару және желдету жұмыстарынан кейін өндірістік бақылау адамы немесе буындағы аға жұмыскер кенжардың, төбенің, қазба бүйірінің және бекітпенің қауіпсіз жағдайына, сақтандыру құрылғыларының, желдеткіш қызметінің жарамдылығына көз жеткізеді, жұмысқа қажетті құрал-жабдықтардың, механизмдердің және құрылғылардың ақаусыздығын тексереді. Жұмыстарды бастар алдында кенжардағы жұмыстың қауіпсіздігі жағдайларын жасау бойынша технологиялық регламентті ескеріп, шаралар қабылдайды.

      Егер анықталған кемшіліктерді жою мүмкін болмаған жағдайда, бақылау тұлғасы немесе буындағы аға жұмыскер жұмыс жүргізуге жол бермейді және ол туралы өзінің тікелей бастығына немесе шахта диспетчеріне хабарлайды.";

      259-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "259. Салыстырып тексеру таңбалары қойылмаған, тексеру уақыты өтіп кеткен, көрсеткіштердің дұрыстығына әсер ететін, жарылған немесе бүлінген шынысымен монометрлерді қолдануға болмайды.";

      312-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "312. Манометрлер жыл сайын тексеріледі және аккредиттелген заңды тұлғалардың аттестатталған салыстырып тексерушілерінің салыстырып тексеру таңбасы қойылады. Жұмысшы монометрлерді алты айдан кем емес уақытта, қосымша, бақылау монометрлер арқылы тексереді.";

      586-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "586. Жоғарыға шығыс есігі бар (шахтаның тік оқпандары, шурфтар, диаметрі 200 миллимерден жоғары ұңғылар) жойылатын тау қазбалары көміледі, сосын темірбетонды сөрелермен жабылады. Бірінші сөре оқпан, шурф аузынан 10 метрден кем емес тереңдікте негізгі жыныстарға орнатылады, екінші сөре олардың ауыздарын толықтай жабады. Аталған қазбаларды жою кезінде, олардың ауыздары қоршаланады. Тік оқпандарды, шурфтарды, үлкен диаметрлі ұңғымаларды жою және оларды әрекеттегі қазбалардан оқшаулау ЖҰЖ бойынша жүргізіледі.";

      664-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "664. Кен орындары немесе олардың бөліктері, тау соққысына бейім және қауіпті болып бөлінеді.";

      666-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "666. Тау соққысына бейім қазбалардың қатарына, жүктеменің астында морттылық бұзылуға қабілетті, көрші жатқан шахтада сол кен денесінің маңайында соған ұқсас геологиялық жағдайларда жыныстың атылуы, іліктастардың қарқынды түрде пайда болуы, сілкініс немесе тау соққысы орын алған тау-кен жыныстарының кен орындары мен массивтері немесе олардың шегінде жыныстары бар бөліктері жатады.";

      667-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "667. Кен орнын немесе оның бір бөлігін тау соққысына бейім деген қорытындыны осы объектте тау соққысы мәселесі бойынша жұмыс орындайтын аттестацияланған ғылыми - зерттеу ұйымы береді. Қорытындының негізінде ұйымның техникалық басшысы кен орнын немесе оның бір бөлігін осы санатқа жатқызады.";

      674-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "674. Тау қысымының динамикалық көрінетін жерлері осы Қағидалардың 10-қосымшасында келтірілген Шартты белгілерге сәйкес таукен жұмыстары жоспарларында көрсетілуі тиіс.";

      685-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "685. Жылдық қорытынды бойынша, шахтада тау соққысы бойынша зерттеу жүргізетін мекеме өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тау-тектоникалық соққылардың, тау соққыларының және микросоққылардың шолу (аналитикалық) мәліметін береді";

      696-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "696. Соққыға қарсы шаралардың өлшемшартын өзгерту және соққы қауіптілігінің жоба бойынша қаралған дәрежесінің ағымдық болжауын зерттеу.";

      828-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "828. Қазбаларды желдетуге керек ауа мөлшері жобада:

      1) бір уақытта жерастында жұмыс істеп жатқан адам санының көптігімен есептеледі;

      2) көмірқышқыл газ, улы және жанғыш газдары, шаңдар, жарылыс жұмыстарын өндіргенде пайда болатын улы газдар бойынша;

      3) іштен жану қозғалтқышы бар жабдықтар пайдаланған кезде шығатын газдардың зиянды жиыны бойынша;

      4) ауа қозғалуының жылдамдығының аз болғаны бойынша, соған байланысты жоғарыда көсетілген шартты есептеген кезде пайда болатын ауаның көп мөлшері есепке алынады.

      Өңдеуді желдету үшін қажет ауа мөлшері жоғарыда аталған факторларды есептеу кезінде алынған ең жоғары мәнге алынады.";

      829-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "829. Ауа мөлшері бір ауысымда бір уақытта жұмыс істейтін адамдардың көпшілігімен есептеледі, бір адамға минутына кемінде 6 м3 құрайды.";

      918-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "918. Тасылым қазбасының бойынан қазбаның атауын, пикеттердің нөмірін, жолдардың қиылысуын, тиеу және айырбастау пункттеріне жақындауын, адамдарды отырғызу орындарын, жылдамдықты шектеудің қажеттілігі мен шамасын, тежеудің басталуы мен жөндеу жұмыстарын орындау орындарын көрсететін типтік белгілік таңбалар орнатылады.

      Өздігінен жүретін машиналар қозғалатын қазбаларда қозғалысты реттейтін типтік жол таңбалары орнатылады.

      Әрбір шахтада өздігінен жүретін жабдықпен адамдарды өткізу бойынша дабыл (дыбыстық және жарықтық) жүйесі орнатылады.

      Тасылымдық қазбаларда адамдарға арналған бос өту орындары мен көлік жүру жерлері анықтап шектеледі (түрлі-түсті жолақпен, рейкамен). Тазарту блоктарының (камераларының) қазбаларында адамдардың өту жолдары бағыттаушылармен көрсетіледі. Машинаның қозғалыс жылдамдығы сағатына 20 километрден асатын қазбаларда және көлденең көліктік қазбаларда, адамдардың жүру жолдарын орналастырған кезде, оларды машина басып кетуден сақтандыру мақсатында міндетті түрде уатылымдық білеулер орнату, адамдардың өту жолын көтеру және тағы сол сияқты қарастырылады. Жол таңбаларының орналасу орындарын шахтаның техникалық басшысы анықтайды.";

      1062-тармақ алынып тасталсын;

      1064-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1064. Дизельдік іштен жану двигателі орнатылған барлық машиналар екі сатылы газдан тазалау жүйесімен жабдықталуы тиіс.";

      1126-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жүктерді тік қазбалар бойынша көтеру және түсіру кезіндегі ең жоғарғы жылдамдық көтеру құрылғыларының техникалық сипаттамаларын есепке алумен жоба бойынша, алайда секундына 18 метрден көп емес, ал көлбеу қазбалар бойынша скиптердегі жүктерді көтеру кезінде секундына 7 метрден аспайтын және вагонеткалардағы жүктерді көтеру кезінде секундына 5 метрден аспайтын болып анықталады.";

      1627-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1627. Су айдыны астында кедергілік немесе сақтандырушы діңгек шегінде тау-кен жұмыстары жер асты өнімділігіне тарап кетпеу үшін жер үстінде орналасқан кен орнынан тыс жерге су басып қалған өнімділіктен немесе су айдындарындағы суды жібергеннен кейін ғана жүргізіледі.

      Ұйымның техникалық басшысы бекіткен жоба бойынша су айдындарынан суды жіберместен кедергілік және сақтандырғыш діңгектерді белгілері бар жүйемен өңдеуге болады.";

      1715-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1715. Мыналарға:

      1) адамдардың жұмыс істеп тұрған тетіктердің қауіпті аймағында, кемерлердегі бұзылуы мүмкін призманың айналасында және кемер еңісінің төменгі сағасына өте жақын болуына;

      2) қалқаншалар, бөгде заттар, ірі жұмыр тастар кесегі, қатқан қар мен мұз салбырап асылып тұрған жағдайда кемерлерде жұмыс істеуге тыйым салынады. Мүмкін болмаған жағдайда ілікпе тастарды жою немесе бортты шабақтау қажет, қауіпті аймақтағы барлық жұмыстар тоқтатылып, адамдар сыртқа шығарылады, ал қауіпті аймақ ескерту белгілерімен орнатып қоршалады.";

      1716-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Паспортта әрбір кенжар үшін жұмыс аудандарының, бермалардың, еңістердің бұрыштарының, кемерлердің биіктігінің, бұзылу призмаларының шекті өлшемдері, тау-кен көлігі жабдығы құрылғысынан бастап кемер сағасына және қосымша құрылыстарға (электрмен және байланыспен жабдықтау, теміржолдары, автожолдары, байланыс желілері және т.б.).";

      1721-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1721. Тау-кен және көлік жабдығы, көлік коммуникациялары, электр қуатымен және байланыспен қамтамасыз ету желілері құлауы мүмкін призмалардың шегінен тыс жерде орналасады.

      Ашық тау-кен жұмыстары объектісінің жұмыс алаңының ені, олардың мақсатын, тау-кен және көлік жабдығының оларға орналасуын, көлік коммуникацияларын, электрмен жабдықтау желілері мен байланысты ескере отырып, жобамен анықталады.

      Кемердің төменгі сағасынан (тау-кен қазындысы құламасынан) жақын орналасқан теміржол шүлдігіне дейінгі қашықтық 2,5 метрден кем болмауы тиіс.

      Кемерлерді жоғарғы жағынан тиеу арқылы экскаваторлармен қазу кезінде кемер сағасынан теміржол немесе автожол шүлдігіне қашықтық жобамен анықталады, бірақ 2,5 метрден кем болмауы тиіс.

      Кемердің (кемершенің) биіктігі экскаватор машинисінің кабинасынан көлік құралдарының көрінуін қамтамасыз етеді.";

      1726-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1726. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде беткейлердің, орлардың кертпештердің, қиябеттер мен үйінділердің жай-күйін бақылау жүзеге асырылады.

      Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде қауіпті сырғуларды шұғыл мониторингілеу және ертерек хабарлау функциясын орындайтын заманауи радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды қолдану арқылы және (немесе) жоғары дәлдікті геодезиялық құралдарды пайдалана отырып, аспаптық бақылаулар арқылы үздіксіз автоматтандырылған қадағалау жолымен бақылау іске асырылады.

      Ашық тау-кен жұмыстары объектілері беткейлерінің, қиябеттерінің, кертпештері мен үйінділерінің өзгеруін қадағалау бойынша қарау және аспаптық бақылау мерзімділігі технологиялық регламентте белгіленеді.

      Жыныстардың сырғу (қазынды деформациясы) белгілері анықталған жағдайда бұзылуы ықтимал қауіпті аймағындағы барлық жұмыстар тоқтатылады. Маркшейдерлік және геомеханикалық қызметтері ескерту белгілерімен қоршалған қауіпті аймақты белгілейді. Жұмысты оқиғалар жойылып және оқиғаның пайда болуы себебі анықталғаннан кейін, ұйымның техникалық басшысының рұқсатымен қайта жаңғыртуға болады.";

      1732-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1732. Өздігінен тұтануға бейім пайдалы қазбалардың кен орындарын қазу кезінде аршу және дайындау, аршу жыныстарының сыртқы және ішкі үйінділерге қоймалау жұмыстары жобада қарастырылған қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын ескере отырып жүргізіледі.

      Жыныс үйінділерін оларға өздігінен тұтануға бейім жыныстарды орналастырып жасау ұйымның техникалық басшысы бекіткен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін алдын алу іс-шараларын жүзеге асыра отырып жүргізіледі.";

      1774-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1774. Монтаждау мен күрделі жөндеуден кейін тау-кен, көлік, құрылыс-жол машиналарын пайдалануға қабылдауды комиссия акт құра отырып жүргізеді.

      Экскаваторлардың, бұрғылау станоктары мен пайдаланылатын тетіктердің кабиналары жылытылады және қауіпсіз жылу беру аспаптарымен және ауа баптағыштармен жабдықталады.";

      2004-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2004. Вагондары бар пойыздың алдынан тежегіш алаңы немесе пойыздың құраушысы немесе осы мақсаттар үшін арнайы оқытылған, дұрыс жұмыс істейтін радиобайланыспен жарақталған тепловоз машинисінің көмекшісі отыратын жағынан ақауы жоқ табаны бар алдыңғы вагон болған жағдайда жүруіне болады.

      Алдыңғы вагонда (думпкарда) тиісті дыбыс, ал қараңғы тәулік уақытында жарық сигналдары болған жағдайда пойыз құраушысынсыз алдынан жіберілетін мамандандырылған технологиялық пойыздардың вагондарына (думпкарларларына) жүруге жол беріледі. Бұл жағдайда тұрақтардағы маневрлік жұмыс кезінде құраушының (поездарды құраушы) міндеті осы мақсаттар үшін оқытылған машинист көмекшісіне жүктеуге рұқсат етіледі.

      Аралыққа жүктерді тиеу және түсіру тұйығына пойыз құраушысынсыз және дыбыс пен жарық белгісінсіз вагондарымен алдынан жіберілетін шаруашылық пойызын өзек саны 12-ден аспайтын вагондардан (думпкарлардан) құрастыруға болады.";

      2014-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2014. Карьер ішіндегі жолдардың өтетін жерінің ені мен бойлық көлбеулері автомобильдер мен автопойыздардың техникалық сипаттамаларының негізінде жобада белгіленеді.

      Орға баратын уақытша жолдар олардың бойымен көлік жүрген кезде екі жағынан ені кемінде 1,5 метр бос жол қалатындай етіп орнатылады.";

      2015-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015. Жолдың көлбеу еңістері созылған жағдайда (60 промильден астам) көлбеуі 20 промилльге дейін, ұзындығы кемінде 50 метр және ұзын көлбеу ұзындығынан әрбір 600 метр сайын алаңдар орнатылады.

      Жабдықты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін іс-шаралар жобасында болған жағдайда алаңдар құрылғысы жоқ көлбеу еңістерін пайдалануға болады.";

      2019-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) авариялық тоқтатудың екі белгісімен;";

      2035-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) іске қосылатын жабдықтың атауын және технологиялық нөмірленуін көрсете отырып, жабдықтың іске қосылуы туралы хабарлайтын дабыл және дауысзорайтқыш байланыс. Жабдықтың іске қосылуы туралы хабарлайтын жарықтық дабылдың қосымша шуылының жоғары деңгейі бар орындарда;";

      2038-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2038. Таспа конвейерлері астынан төселген материалдарды жинау механикаландырылады. Материалды басындағы, соңғы және ауытқу барабанынан конвейер тоқтаған, жетектің электр сызбасы бөлшектенеді, ал іске қосу құрылғыларында "Іске қоспаңыз! Адамдар жұмыс істеп жатыр!" деген сақтандыру плакаттары ілінеді.

      Таспа конвейерлерінің жетек, керме, ауытқу және соңғы станцияларының конвейерлер жұмыс істеп тұрған кезде барабандардың айналасына төселген материалдарды қолмен жинау мүмкіндігін болдырмайтын қоршауы болады. Қоршаулар конвейердің жетек қозғалтқышымен қоршаулар түсіріліп тұрған кезде оның жұмыс істеу немесе іске қосылу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп бұғатталады.

      Конвейер таспасының жұмыс және бос тармақтары шығырларының негізгі өту жолы жағынан конвейер жетегімен бұғатталған қоршаулары болады. Негізгі емес (монтаждалатын) өту жолы жағынан жұмыс және бос тармағының шығырларын осы аймаққа кіру жолдарын конвейер жұмыс істеп тұрған кезде осы аймаққа кіруге жол бермейтін конвейер қозғалтқышымен бұғатталған кішкене қақпалармен жабдықталған жағдайда қоршамауға болады.";

      2185-тармақ мынадай мазмұнда екінші бөліммен толықтырылсын:

      "Сақтандыру белесі және үшкір тастар бойынша кабельді салуға болмайды.";

      2327-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2327. Желілердің бөлу бекеттерін қоректендіретін соңғы тіректер 7 километрден аспайтын қашықтықта камераның фронт бойымен орналасады. Желілерді қоректендіретін соңғы тіректері орнатылған бөлу бекетінің аумағы биіктігі кемінде 2,4 метр дуалмен қоршалады. Қоршау желілерді қоректендіретін соңғы тіректердің іргетастарынан 1 метрден жақын емес орналастырылады. Бөлу бекетінің камерасының айналасына ені кемінде 1 метр қатты жабынды төсем қарастырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады