"Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 шiлдеде № 20917 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 517 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 18.06.2021 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
бұйрығына
1-қосымша

"Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы"

1-тарау. Жалпы ережелер.

      1. "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін) айқындайды.

      2. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірмені беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсімен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағына сәйкес Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін куәландыру (қол қою) порталдың есептік жазбасына қосу тіркелген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салады және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) не біржолғы парольді алу арқылы қол қояды.

      4. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері есебімен өзге де мәліметтер Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) келтірілген.

      5. Сұрау салу жылжымалы мүлік кепілінің тізбесіне (бұдан әрі – ЖМКТ) өңдеуге беріледі, ЖМКТ-да өңдеу 20 минут ішінде жүзеге асырылады.

      6. "Сұрау салу өңдеуде" деген мәртебе сұрау салу өңдеуде екенін білдіреді.

      Сұрау салу өңделгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға "Сұрау салу оң өңделді" деген мәртебе беріледі.

      7. Сұрау салуды өңдеу қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне келіп түседі.

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі қарау және сақтау үшін қолжетімді, тіркелген жылжымалы мүлік кепілі туралы мәліметтер болмаған жағдайда мәліметтердің болмауы туралы нәтиже болады.

      9. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) басқа жеке тұлғаға қатысты электрондық нысанда ЭҮП арқылы ол келіскен кезде көрсетіледі.

      Үшінші түлғалар ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу жібереді. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы ЭҮП-тегі "жеке кабинетінен" ұсынылған мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі болған кезде, сондай-ақ біржолғы парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқаша мәтіндік хабар жіберу арқылы субъектінің ұялы байланысының ЭҮП-те тіркелген абоненттік нөмірі арқылы орындалады.

      Қызметті көрсетуге мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі (бас тартуы) сұрау салу алынған кезден бастап 2 (екі) сағат ішінде жіберіледі. Келісім алынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, ЖМКТ арқылы қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі үшінші тұлғаның "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      10. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесі бұзылған жағдайда "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттаманы жасайды және оған көрсетілетін қызметті берушімен қол қояды.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде – көрсетілетін қызметті берушінің;

      ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның қарауына жатады;

      13. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады;

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімін ұзарту кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу тізілімінен үзінді
көшірмені беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

2.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілдері

"электрондық үкіметтің" веб-порталы: www. e. gov. kz

3.

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі

Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті берген кезден бастап порталға жүгінген кезде қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде көрсетіледі.

4.

Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi

-жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алудың тәсілдері

тегін

7.

Жұмыс кестесі

көрсетілетін қызметті беруші:
1) Мемлекеттік корпорация филиалдарында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден сағат 18.30-ге дейiн, түскі үзiлiсі сағат 13.00-тен 14.00-ге дейін,.
2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап сенбiні қоса алғанда, түскі үзiлiссiз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн.
портал – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) порталға:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жылжымалы мүлік кепілі тізілімінен жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы ақпаратты алуға сұрау салу.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады;

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері

жоқ

10.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы порталдағы "жеке кабинетінен" ұсынылған мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі болған кезде, сондай-ақ біржолғы парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқаша мәтіндік хабар жіберу арқылы субъектінің ұялы байланысының порталда тіркелген абоненттік нөмірі арқылы орындалады.

  "Жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу тізілімінен үзінді
көшірмені беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      _______________________________________________________________________

      ("Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы"КЕАҚ филиалы)

      Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен

      үзінді көшірме беруге № ________ сұрау салу

      Мен, _____________________________________________________________________

      (жеке тулғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә)

      _________________________________________________________________________

      (паспорт деректерi (жеке куәлiк деректерi) және тұрғылықты жерi)

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы және деректемелері)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________ негiзiнде

      (өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректемелері)

      ________________________________________________________ атынан әрекет ететін

                        (уәкiлеттi өкiл толтырады)

      Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен

      үзінді көшірмені ұсынуды сұраймын.

      __________________________________________________________________________

                  (кепіл беруші жеке тұлғаның ТАӘ немесе заңды тұлғаның атауы)

      Жеке немесе заңды тұлға өкілінің өкілдігін растайтын құжат

      _________________________________________________________________________

      Күнi________/_____________________________________/________________________

                  (өтiнiш берушiнiң қолы)                         (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

      __________________________________________________________________________

                  (өтінішті қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә. және қолы)

      Сұрау салуды беру күні: 20_____ ж. __________ Уақыты ____ сағат ____ мин

      Сұрау салуды орындау /қарау/ нәтижесi: ______________________________

      Тексерiлдi: күнi 20_____ ж._________ _________________________________

      __________________________________________________________________________

                              (тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы)

  "Жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу тізілімінен үзінді
көшірмені беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

_______________ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛІК КЕПІЛІ ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

      _________________________________________________________________

      Кепіл берушінің атауы

      Мүліктің ауыртпалықтары тіркелді

Жылжымалы мүліктің сипаты

Ауыртпалықтың туындауын тіркеу күні

Ауыртпалық туындауының негізі

Кепіл мерзімі

Кепіл ұстаушы

Кепіл сомасы








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады