Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 31 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 шiлдеде № 20922 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесі бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын зерттеуді ұйымдастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 208 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12871 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 22 қаңтарда жарияланған);

      2) "Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша сұхбат жүргізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 179 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12412 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      6. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
Төрағасының
2020 жылғы 2 шiлдедегi
№ 31 бұйрығымен
бекітілді

Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістеме мемлекеттік статистика органдарының халықтың тұрмыс деңгейі туралы алғашқы статистикалық деректерді алу мақсатымен тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеуді (бұдан әрі – Зерттеу) ұйымдастыру және өткізу рәсімдері алгоритмдерінің жиынтығын айқындайды.

      3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) және Комитеттің аумақтық органдары тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарына зерттеу жүргізу кезінде қолданады.

      4. Зерттеу барлық облыстарда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізіледі және іріктеп алынған үй шаруашылықтарының ерікті түрде қатысу қағидасы бойынша құрылады.

      5. Алғашқы статистикалық деректерді жинауды автоматтандыру мақсатында зерттеуде жеке сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі (бұдан әрі – ЖСКЖ) қолданылады.

      6. Зерттеу ЖСКЖ-ны пайдалана отырып, үй шаруашылықтарына сауал салу және мәліметтерді электронды түрде портативті есептеу құрылғысына (бұдан әрі –ПЕҚ) енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      7. Тұрғындарға сауал салу арнайы дайындалған интервьюерлердің үй шаруашылықтарына баруы арқылы сұхбат жүргізу әдісімен және респонденттердің статистикалық нысандарды өз бетінше толтыруымен жүзеге асырылады.

2. Зерттеуді ұйымдастыру құрылымы

      8. Бір интервьюерге түсетін жүктеме 30 үй шаруашылығын құрайды.

      9. Интервьюер жұмысты Интервьюер жұмысының графигіне Әдістеменің 1-қосымшасына (бұдан әрі – График) сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

      10. График алғашқы статистикалық деректерді жинау мерзімдерін, белгіленген күндері келу мүмкіндігі туралы үй шаруашылығының өзімен уағдаластықты ескере отырып құрастырылады және орындау үшін интервьюерге беріледі.

      11. Супервайзер Графиктің орындалуына үнемі бақылауды жүзеге асырады.

      12. Бір супервайзер төрт интервьюердің жұмысын бақылайды.

      13. Интервьюер зерттеуді жүргізу шеңберінде:

      1) арнайы нұсқамадан өтеді, зерттеуді ұйымдастыру мен өткізудің барлық сұрақтары бойынша ақпаратты зерттейді;

      2) супервайзер дайындаған тізімге сәйкес үй шаруашылықтарының мекенжайларын сәйкестендіреді (анықтайды);

      3) респонденттер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді;

      4) белгіленген күндерге баратын күндерін белгілейді және Графикке енгізу үшін супервайзерге хабарлайды;

      5) респонденттерге статистикалық құралды толтыру бойынша, соның ішінде телефон соғу немесе қосымша бару арқылы консультациялық көмек көрсетеді;

      6) респонденттерден алынған ақпаратқа арифметикалық-логикалық бақылау жүргізеді, деректердің кодтауын жүзеге асырады;

      7) супервайзерді үй шаруашылықтарына сауал салудың нәтижелері туралы хабардар етеді;

      8) респонденттердің зерттеуден бас тарту оқиғалары туралы тез арада хабарлайды;

      9) дөрекі қателіктер табылған жағдайда интервьюер қажетті деректерді нақтылау үшін үй шаруашылығына қосымша қайта барады және бару нәтижелері туралы супервайзерге хабарлайды.

      14. Супервайзер зерттеуді жүргізу шеңберінде:

      1) алғашқы статистикалық деректерді жинау бойынша жұмысты ұйымдастыруға тікелей жауап береді;

      2) іріктемеге түскен үй шаруашылықтарының мекенжайларын интервьюермен бірге сол жерлерде сәйкестендіреді (анықтайды);

      3) интервьюерлер арасында зерттеу құралдарын бөліп береді;

      4) толтырылған статистикалық нысандарды қабылдайды және тексереді;

      5) деректерді кодтау дұрыстығын тексереді;

      6) деректер арасындағы логикалық байланысты тексереді;

      7) интервьюерлермен бірге деректерді толтыру, кодтау және жинақтау қателерін анықтайды;

      8) әрбір интервьюер бойынша жеке-жеке зерттеу нәтижелерін талдайды;

      9) интервьюерлерге оқыту жүргізеді, бақылау сұхбатын жүргізу үшін жергілікті жерлерге барады.

3. Дайындық кезеңі

      15. Интервьюер бірінші келгенде респонденттерге өкілеттіктерін көрсетумен, интервьюер куәлігін көрсетеді және зерттеу жүргізетін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органының (бұдан әрі –Комитеттің аумақтық органы) атынан өзін таныстырады.

      16. Интервьюер зерттеуге қатысу туралы ақпараттық парақты респондентке ұсынады (зерттеудің мақсаттары мен міндеттері туралы түсіндіру).

      17. Интервьюер респондентке алынған ақпараттың құпиялылығына Комитеттің аумақтық органы кепілдік беретінін және статистикалық мақсатта агрегатталған (жиынтық) түрінде пайдаланылатынын хабарлайды.

      18. Интервьюер үй шаруашылығынан: осы мекенжай бойынша үй шаруашылығы мүшелері бірге тұрақты тұра ма, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіре ме және тауарлар мен көрсетілген қызметтерді бірлесіп тұтына ма сол жөнінде сұрайды. Алынған жауап біртұтас үй шаруашылығын құрайтын тұлғаларды анықтау үшін пайдаланылады.

      19. Егер бірінші келгенде үй шаруашылығында ешкім болмаса, интервьюер басқа уақытта сол мекенжайға қайта барады.

      20. Супервайзер іріктелген үй шаруашылықтарының мекенжайларын интервьюерге ұсынады. Іріктелген мекенжай бойынша тұратын, соның ішінде тұратын үйдің меншік иесі болып табылмайтын үй шаруашылықтары сауал салуға жатады.

4. Деректерді жинау және өңдеу

      21. Алғашқы статистикалық деректерді жинауды интервьюерлер Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу графигіне сәйкес осы Әдістемеге 2-қосымшаға (бұдан әрі – График) сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

      22. Жыл бойы тұрғын үй-жайлардың мекенжайларын ауыстыру үй шаруашылықтарының мүшелері болмаған немесе зерттеуге қатысудан бас тартқан жағдайда жүргізілмейді.

      23. Деректерді өңдеу рәсімдеріне деректерді редакциялау, импутациялау және агрегаттау кіреді.

      24. Өңдеудің бірінші кезеңінде деректер базасын редакциялау және оны жұмыс қалпына келтіру жүзеге асырылады. Ол үшін бақылаудың мынадай түрлері жүргізіледі:

      1) Артатын мәндерді айқындау үшін бақылау. Көрсеткіштердің артатын мәндері аясының шекарасы орташа квадратты ауытқу мөлшеріне көрсеткіштердің орташа мәнінің ауытқуымен анықталатын интервалдан тыс орналасқан;

      2) сандық көрсеткіштердің ең жоғарғы және ең төменгі мәндері талданады;

      3) енгізу қателерін, сондай-ақ үй шаруашылықтары тарапынан болатын тіркеу қателерін жоюға мүмкіндік беретін логикалық бақылау арқылы респонденттерден келіп түскен ақпараттың сапасын бағалау;

      4) әртүрлі статистикалық нысандардан алынған ақпараттың логикалық байланысына негізделген бақылау. Екі жақты сұраулардың көмегімен олардың арасындағы өзара байланыс тексеріледі, нысандарды толтырудың толықтығы бақыланады.

      25. Деректерді өңдеудің екінші кезеңі импутация – жетіспейтін жауаптарға шамаларды меншіктеу болып табылады.

      Зерттеуде зерттеудің статистикалық нысандары, сондай-ақ олардың жекелеген сұрақтары бойынша бас тартқандардың белгілі бір пайызы бар. Жауаптардың жоқтығынан туындайтын қателіктерді болдырмау мақсатында өңдеу кезінде жетіспейтін ақпараттың орнын толтыру жүргізіледі.

      Үй шаруашылықтарының шығыстардың әртүрлі түрлері бойынша жетіспейтін жауаптарын импутациялау өңірлік деңгейде жүргізіледі.

      Егер статистикалық нысандар толтырылмаған жағдайда деректерді импутациялау және өндеу жүргізілмейді, үй шаруашылығы зерттеуден шығарылады.

      Жекелеген көрсеткіштер бойынша жетіспейтін деректерді импутациялау мынандай үлгіде жүргізіледі:

      1) егер сатып алу саны белгілі, ал сатып алудың бағасы көрсетілмесе, онда сол тауарға облыс бойынша сатып алудың орташа бағасы шартты түрде қойылады;

      2) егер сатып алу бағасы белгілі, ал саны белгісіз болса, онда облыс бойынша осы тауардың сатып алынған орташа бағасына көрсетілген құнның қатынасы тең саны импутацияланады.

      3) егер сатып алудың саны да, бағасы да белгісіз болса, бірақ атауы бар болған жағдайда, онда осы тауарды сатып алудың және оның бағасының орташа саны импутацияланады.

      26. Деректерді өңдеудің үшінші кезеңі деректерді топтастыру және оларды жинақтау - агрегаттау болып табылады. Агрегаттау деректер базасымен алдағы уақытта барлық жұмыстарды жасаудың негізі болып табылады. Оның процесінде зерттеу деректері үй шаруашылығының сәйкестендіру коды бойынша ретке келтіріледі және табыстардың, шығыстардың негізгі баптары және тамақ өнімдерінің негізгі топтары бойынша топтастырылады.

      27. Азық-түлік тауарларына шығыстарды үй шаруашылықтары екі апта ішінде толтырады. Шығыстар бойынша деректер тоқсанға жете есептеу коэффициентіне көбейту жолымен таратылады, формула бойынша:



      мұндағы,

      N – тоқсандағы апталардың саны (13);

      n – күнделікті толтыру апталарының саны.

      Зерттеуде k = 6,5.

      Азық-түлік тауарлары үшін тамақ өнімдерін көп мөлшерде (қаптармен, жәшіктермен) сатып алу есепке алынбайды. Мұндай шығыстар жете есептеу коэффициентінсіз өңдеуге қабылданады.

      28. Бас жиынтыққа таратылған деректерді алу мақсатында зерттеу қорытындыларына статистикалық салмақтау жүргізіледі. Іске асыру іріктемеге түскен, ұсынатын бөлігіне үй шаруашылықтарының жалпы санын сипаттайтын әрбір зерттелген үй шаруашылығына статистикалық салмақ беру арқылы жүзеге асырылады. Салмақтар халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштері үшін тоқсан сайын есептеледі.

      29. Салмақтарды есептеу үшін өңірлік бөліністегі қалалық және ауылдық халық бойынша бөлек зерттелетін үй шаруашылықтарына бөлу туралы деректер пайдаланылады.

      30. Стратаның hi (h) алғашқы іріктемелі бірліктердегі (АІБ) (hi) үй шаруашылықтарының ықтималдық салмағы (whij) оның іріктеп алу ықтималдылығының кері мәнін phij ұсынады және мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұндағы,

      Whij – үй шаруашылығының салмағы;

      Phij – іріктеп алу ықтималдылығының кері мәні;

      Nh – Тұрғын үй қоры тіркелімінің деректері бойынша стратадағы үй шаруашылықтарының жалпы саны;

      n’hi – АІБ-дегі қолайлы тұрғынжайлардың жалпы саны;

      nhi – Тұрғын үй қоры тіркелімінің деректері бойынша АІБ-дағы үй шаруашылықтарының саны;

      Sh – h стратада таңдап алынған АІБ саны;

      mhi – АІБ-дегі қажетті тұрғынжайлар саны hi (әрқашан 30 нормативті).

      31. "Базалық" салмақтың сомасы осы өңірдің және тұтас елдің барлық үй шаруашылықтарының санын бағалауды қамтамасыз етеді. Оларды пайдалану іріктемелі жиынтықты іріктемені қалыптастырудың бастапқы қағидаттарына сәйкес сақтап қалуға мүмкіндік береді. Тұрғылықты жерді ауыстыру және зерттеуге қатысудан бас тарту осы сәйкестікті бұзады.

      32. Деректерді ала алмау оқиғаларының орнын толтыру үшін сол елді мекендегі жауап берген барлық үй шаруашылықтары үшін салмақтарды көтеру жолымен салмақтарды түзетудің қарапайым сызбасы қолданылады. Сол елді мекендегі сұрақтарға жауап берген барлық үй шаруашылықтарының салмағы бірдей коэффициентке көбейтіледі. Түзету коэффициенті мынадай формуламен анықталады:



      мұндағы,

      Кw – салмақтарды түзету коэффициенті;

      Nh – іріктемедегі үй шаруашылықтарының саны (12000);

      nh – есеп берген үй шаруашылықтарының саны.

      33. Түзету базалық салмақтауды әр страта бойынша түзету коэффициентіне көбейту жолымен, белгілі бір өңірдегі қала (ауыл) бойынша жүзеге асырылады.

      Зерттеу деректерін демографиялық статистиканың деректері бойынша ағымдағы халықтың санына сәйкес келтіру үшін түзету коэффициенттері пайдаланылады. Түзету коэффициенті тоқсан сайын мынадай формуламен есептеледі:



      мұндағы,

      Кj – j-стратасы үшін түзету коэффициенті;

      Ndj – j-стратасының демографиялық статистиканың деректері бойынша халықтың саны;

      Nhj – j-стратасының зерттеу бойынша халықтың жалпы саны.

5. Интервьюерлерді оқыту және олардың жұмысының сапасын бақылау

      34. Интервьюерлерді даярлау процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

      зерттеудің негізгі тұжырымдамалық және әдістемелік қағидаттарына оқыту;

      зерттеу құралдарын зерделеу;

      зерттеудің барлық нысандарын толтыру жөнінде нұсқама беру.

      үй шаруашылығымен бірінші байланысу кезінде және үй шаруашылықтарында тікелей сауал салу жүргізу барысында интервьюер мінез-құлқының негізгі қағидаларына, сұхбат алу техникасына оқыту;

      интервьюерлерді ПЕҚ қолдана отырып зерттеу жүргізуге оқыту.

      35. Интервьюерлер жұмысының сапасын бақылау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

      сұралған үй шаруашылықтарының кодтарын іріктемелі жиынтықтың кодтарымен салыстырып тексеру;

      интервьюердің үй шаруашылықтарына бару графигімен белгіленген мерзімдерін сақтау.

      36. Интервьюер жұмысының сапасын тексеруді Комитеттің аумақтық органдары кемінде тоқсанына бір рет жүргізеді.

  Тұрмыс деңгейі бойынша үй
шаруашылықтарының іріктемелі
зерттеуін ұйымдастыру
және өткізу әдістемесіне
1-қосымша
  Нысан

____________ жылдың ______тоқсанына интервьюер жұмысының графигі №_______

      1 бестік – ай ___________________ үй шаруашылықтарының № _________________

      2 бестік – ай ____________________ үй шаруашылықтарының № _________________

      3 бестік – ай _____________________ үй шаруашылықтарының № _________________

      4 бестік – ай _____________________ үй шаруашылықтарының № __________________

      5 бестік – ай _____________________ үй шаруашылықтарының № __________________

      6 бестік – ай _____________________ үй шаруашылықтарының № __________________

ү/ш№





























Ай

Өткен айға D 0031 нысанының 2-бөлігін жинау

жоспар





























нақты





























D 0042 нысаны бойынша сауал салу

жоспар





























нақты





























Ағымдағы айға D 0031 нысанының 1- бөлігін жинау

жоспар





























нақты





























Жаңа желіге D 0084 нысанын толтыру (нақтылау) / D 0063 нысаны бойынша сауал салу/ Келесі айға D 0031 нысанын тарату

жоспар





























нақты





























      Ескертпе:

      1 осында және бұдан әрі D 003 – "Күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі" (индексі D 003, кезеңділігі тоқсандық) статистикалық нысаны;

      2 осында және бұдан әрі D 004 - "Үй шаруашылықтарының тоқсан сайынғы табыстары мен шығыстарын есепке алу журналы" (индекс D 004, кезеңділігі тоқсандық) статистикалық нысаны;

      3 осында және бұдан әрі D 006 - "Негізгі сұхбатқа арналған сұрақнама" (индексі D 006, кезеңділігі жылдық) статистикалық нысаны;

      4 осында және бұдан әрі D 008 – "Үй шаруашылығы құрамының карточкасы" (индексі D 008, кезеңділігі жылдық (тоқсан сайынғы нақтыланумен) статистикалық нысаны.

Ай

Өткен айға D 0031 статистикалық нысанының 2-бөлігін жинау

жоспар
















нақты
















Ағымдағы айға D 0031 статистикалық нысанының 1-бөлігін жинау

жоспар
















нақты
















Келесі айға D 0031 статистикалық нысанын тарату

жоспар
















нақты
















Ай

Өткен айға D 0031 статистикалық нысанының 2-бөлігін жинау

жоспар
















нақты
















Ағымдағы айға D 0031 статистикалық нысанының 1-бөлігін жинау

жоспар
















нақты
















Келесі тоқсанға D 0042 статистикалық нысанын және келесі айға D 0031 статистикалық нысанын тарату

жоспар
















нақты
















Бір жолғы зерттеуді өткізу

жоспар
















нақты
















      Кестенің жалғасы

Ай

Өткен айға D 0031 статистикалық нысанының 2-бөлігін жинау

жоспар
















нақты
















Ағымдағы айға D 0031 статистикалық нысанының 1-бөлігін жинау

жоспар
















нақты
















Келесі айға D 0031 статистикалық нысанын тарату

жоспар
















нақты
















Ай

Өткен айға D 0031 статистикалық нысанының 2-бөлігін жинау

жоспар
















нақты
















Ағымдағы айға D 0031 статистикалық нысанының 1-бөлігін жинау

жоспар
















нақты
















Келесі тоқсанға D 0042 статистикалық нысанын және келесі айға D 0031 статистикалық нысанын тарату

жоспар
















нақты
















Бір жолғы зерттеуді өткізу

жоспар
















нақты
















  Тұрмыс деңгейі бойынша үй
шаруашылықтарының іріктемелі
зерттеуін ұйымдастыру және
өткізу әдістемесіне
2-қосымша
  Нысан

Интервьюерлердің тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу графигі



      Ескертпе:

      1 апт - апта;

      2 ү/ш – үй шаруашылығы;

      3 Н – нақтылау;

      4 D 003 – "Күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі" (индексі D 003, кезеңділігі тоқсандық) статистикалық нысаны;

      5 D 008 – "Үй шаруашылығы құрамының карточкасы" (индексі D 008, кезеңділігі жылдық (тоқсан сайынғы нақтыланумен) статистикалық нысаны;

      6 D 006 - "Негізгі сұхбатқа арналған сұрақнама" (индексі D 006, кезеңділігі жылдық) статистикалық нысаны;

      7 D 004 - "Үй шаруашылықтарының тоқсан сайынғы табыстары мен шығыстарын есепке алу журналы" (индекс D 004, кезеңділігі тоқсандық) статистикалық нысаны;

      8 D 007 - "Ересек халыққа темекі тұтынуы туралы сауал салу" (индексі D 007, кезеңділігі жылына бір рет) статистикалық нысаны 1 нен 10 мамыр аралығындағы кезеңде

      Статистикалық жұмыстар жоспары бойынша жүргізіледі;

      9 D 002 -"Халықтың тұрмыс сапасы" (индексі D 002, кезеңділігі жылына бір рет) статистикалық нысаны 1 нен 11 наурыз аралығында Статистикалық жұмыстар жоспары бойынша жүргізіледі;

      10 D 001 - "Уақытты пайдалану күнделігі" (индексі D 001, кезеңділігі 5 жылда 1 рет) статистикалық нысаны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады