"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-99/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 қыркүйекте № 21157 болып тіркелді

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1) тармақшасына, 17-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:

      3-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;";

      7-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына (бұдан әрі - № 224 қаулы) 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке практикамен айналысатын адамдар және микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері және № 224 қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын, олар бойынша төлеу (аудару) мерзімі № 224 қаулыға сәйкес ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей басталатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар ставкаларына "0" түзету коэффициентін қолданатын ірі кәсіпкерлік субъектілері жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, қызметкерлердің тізімдерін қордың ақпараттық жүйесіне жібереді.";

      жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Бірінші вице-министрі М. Шорановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 29 тамызы
№ ҚР ДСМ-99/2020 бұйрығына
қосымша
  Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе)
жарналарды есептеу (ұстап
қалу) және аудару қағидалары
мен мерзімдері
4-қосымша
  Нысан

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20_____ жылғы _________ (ай) _________ күні _______ сағ._______ мин жағдай бойынша өтінім

      Есепті кезең 20__ж.

      Индекс: қажеттілік

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын тұлғалар тобы: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      Тапсыру мерзімі: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде.

  мың теңге

Мекеме
226

Бағдарлама
066

Кіші бағдарлама
102

Ерекшелігі
351

Төлем түрі

Саны, адам

Қорға төленуге тиісті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының мөлшері, %

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылы алдындағы орташа айлық жалақы, теңге

Сомасы, теңге

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары түріндегі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер









оның ішінде:









балалар









жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар









жұмыс істемейтін жүкті әйелдер









осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)









жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар









мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар









бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам









зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері









қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар









тергеу изоляторларындағы адамдар









жұмыс істемейтін оралмандар









"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар









мүгедектер









орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар









мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер









Жиыны





      Атауы: ___________________________

      Мекенжайы ___________________________

      тел.

      _____________________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы

      ___________________________________________________

      Орындаушының тегі және телефоны _______________________

      ______________________

      Басшы

      ____________________________________________________________

                                    (Т.А.Ә.) (бар болса)

      Қолы

      М.О. (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады