Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 82 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 қыркүйекте № 21237 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай норманың қолданысы 2020 жылғы 1 қазаннан бастап қоса алғанда 2021 жылғы 30 маусымға дейін тоқтатыла тұрсын:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерiнде:

      тоқтата тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылатынын белгілей отырып, 3-тармақтың бірінші бөлігінде:

      "3. Қағидаларда ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерi белгiленедi:

      1) Standard & Poor's агенттiгiнiң "А" төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе Moody's InvestorsService и Fitch агентіктерінің (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттiктер) осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетел валютасы және "еуро" валютасы, сондай-ақ тазартылған қымбат металдар бойынша банктiң меншiктi капиталы шамасының 12,5 (он екі бүтін оннан бес) пайызынан аспайтын мөлшердегi, Standard & Poor's-тен "А"-дан кем емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және "еуро" валютасы бар елдердің шетел валюталарындағы қысқа валюталық позициядан басқа ашық валюталық позиция (ұзақ және қысқа) лимитi;

      Standard & Poor's "А"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар және "еуро" валютасы банктің меншікті капиталының 7,5 (жеті бүтін оннан бес) пайызынан аспайтын елдердің шетел валюталарына қатысты ұзақ мерзімді валюталық позициясының лимиті;

      2) Standard & Poor's агенттiгiнiң "А" төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетел валютасы бойынша банктiң меншiктi капиталы шамасынан 5 (бес) пайыздан аспайтын мөлшердегi ашық валюталық позиция (ұзақ және қысқа) лимитi;

      3) банктiң меншiктi капиталы шамасының 12,5 (он екі бүтін оннан бес) пайызынан аспайтын мөлшердегi валюталық нетто-позиция лимитi.".

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.10.2020 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.10.2020 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2020 жылғы 21 қыркүйегі
№ 82 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ оларды орындау туралы есептілігінің тізбесін, нысандары мен табыс ету қағидаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14788 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ оларды орындау туралы есептілігінің тізбесін, нысандары мен табыс ету қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

      "34-1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына қосу арқылы оларды қайта ұйымдастыру нәтижесінде Ұйымның қарыз алушыға қоятын талаптарының ұлғаюына байланысты Пруденциялық нормативтерде белгiленген шектеулер асып кеткен жағдайда, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең төмен мөлшерінің нормативі орындалды деп саналады.

      Көрсетілген жағдайларда Ұйым уәкілетті органға шектеулерден асып кету фактісі туралы дереу хабарлайды және уәкілетті органмен келісілген мерзімде асып кетуді жою бойынша міндеттемелер қабылдайды. Егер осы асып кету уәкілетті органмен келісілген мерзімде жойылмаса, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері нормативінің асып кетуі аталған асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қаралады.".

      2. "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 25 қазанда жарияланған ) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерінде, капиталының мөлшерінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Банктің меншікті капиталының ең төмен мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:

      тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге мөлшерде;

      басқа банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерiнде:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Банктер форвардтық келісімшарттарды банктің валюталық тәуекелін басқару мақсатында жасаған кезде және форвардтық келісімшарт бойынша контрагент мынадай талаптардың біріне сәйкес келген кезде олармен операциялар жасайды:

      өз қызметін уәкілетті орган берген лицензияға сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті-қаржы ұйымы болып табылады;

      Қазақстан Республикасының өзінің орналасқан жерінің елінде банк, сақтандыру ұйымы, инвестициялық компания, инвестициялық холдинг, инвестициялық банк, брокерлік компания, басқарушы компания, сенімгерлік басқару компаниясы, биржада қаржы құралдарымен немесе туынды қаржы құралдарымен сауда бойынша мүшелігі бар компания мәртебесі бар және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында тіркелген бейрезидент заңды тұлғасы болып табылады;

      Standard & Poor's рейтинг агенттігінің "ВВ"-ден төмен емес кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен белгіленген оффшорлық аймақтарда тіркелмеген Қазақстан Республикасының бейрезиденті- заңды тұлғасы болып табылады;

      өзінің қаржы-шаруашылық қызметі үшін форвардтық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғасы болып табылады (контрагенттің төлем қабілеттілігіне, форвардтық келісімшарттың нысаналы мақсатына банк жүргізген талдаумен, контрагенттің шоттары бойынша айналымдармен және (немесе) форвардтық келісімшарт жасасу мақсатын растайтын өзге де құжаттармен расталады);

      дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің 50 (елу) пайызынан астамы мемлекетке тиесілі Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға тұлғасы болып табылады.

      Қағидалардың мақсаттары үшін форвардтық келісімшарт мынадай факторлар (бірақ олармен шектелмей) негізінде валюталық тәуекелі басқару мақсатында жасалған деп танылады:

      мәміле банктің активтерін немесе міндеттемелерін валюта бағамдарының қолайсыз қозғалысынан қорғауға бағытталған құрал болып табылады;

      мәміле бойынша оны орындау үшін негіздер бар;

      мәміле оның мазмұнына, экономикалық орындылығына немесе ресімделуіне объективті сұрақтар тудырмайды.".

      3. "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17884 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған ) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу осы эмитент мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттар берілген күні бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыстағы облигациялар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі уақытылы орындалмаған және орындалмаған міндеттемелердің болмауы;

      2) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар беру күніне дейін соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінің қорытындысы бойынша эмитенттің зиянсыз қызметі немесе соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған, аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігінің негізінде есептелген ақшаның таза ағындары оң болып табылады;

      3) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар берілетін айдың алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша пруденциялық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмауы.

      Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар берілетін айдың алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша пруденциялық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге нормалар мен лимиттер жөнінде ақпарат болмаған жағдайда уәкілетті орган алдыңғы есепті күнгі жағдай бойынша пруденциялық нормативтер және өзге де нормалар мен лимиттер жөніндегі ақпаратты назарға алады;

      4) эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарға және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келуі (эмитенттің облигациялар шығарылымы проспектісінде (егер облигациялар шығарылымы проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осындай облигациялардың айналыста болуы көзделген жағдайда).

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:

      эмитент қайта құрылымдау жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдау жүргізген;

      уәкілетті орган "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы заңының 61-10-бабында көзделген негізде және тәртіпте төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банктің міндеттемелерін мәжбүрлі қайта құрылымдау жүргізу туралы шешіміне сәйкес бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдау жүргізген жағдайда қолданылмайды;

      дауыс беруші акцияларының кемінде 50 (елу) пайызы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі эмитентті қайта құрылымдау жүргізген жағдайларда қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларының талаптары банктің акцияларға айырбасталатын реттелген облигациялар түріндегі облигациялар шығарылымдарына қолданылмайды.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады