Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 326 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 21267 болып тіркелді

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 23 қыркүйегі № 326
Бар бұйрығымен бекітілген

Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шарты

      ________________________                  20___ жылғы "____" _________

      (орын)                                                            (күні)

      ___________________________________________________________________,

      (энергия беруші ұйымның атауы)

      бір жағынан бұдан әрі Жеткізуші деп аталатын __________________ негізінде

      әрекет ететін _______________________________________________ атынан,

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      және ________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні)

      _______________________________________________________________________

      негізінде әрекет ететін бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын, екінші тараптан, бірге Тараптар деп аталатын, төмендегідей туралы осы кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 киловатқа (бұдан әрі – кВт) дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шартын (бұдан әрі – шарт) жасасты.

1-тарау. Шарттың мәні

      1. Осы шарт бойынша Жеткізуші өзінің электр желілеріне Тұтынушының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын технологиялық қосуды (бұдан әрі – технологиялық қосу) жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды, ал Тұтынушы осы Шарттың талаптарына сәйкес технологиялық қосуға арналған шығындарды төлеуге міндеттенеді.

      2. Жеткізуші

      ____________________________________________________________________

                              (электр қондырғыларының атауы)

      технологиялық қосуды жүзеге асырады, (оларды жобалауды, салуды немесе реконструкциялауды қоса алғанда) Жеткізуші электр желілеріне қосу үшін, мынадай сипаттамаларды ескере отырып:

      қосылатын электр қондырғыларының ең жоғары қуаты ____________кВт;

      сенімділік санаты _______;

      технологиялық қосу жүзеге асырылатын электр желілері кернеуінің класы ________________ киловольт;

      бұрын қосылған электр қондырғыларының ең жоғары қуаты________ кВт.

      3. Технологиялық қосу электрмен жабдықтау үшін қажет ____________________________________________________________________,

      (Тұтынушының электр қондырғыларының атауы және орналасқан жері)

      ____________________________________________________________________.

      4. Технологиялық қосуға арналған техникалық тапсырмалар (бұдан әрі – техникалық тапсырмалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-39) тармақшасына сәйкес бекітілген Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес нысан бойынша осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      5. Қосу нүктесі(-лері) электр желілеріне қосуға арналған техникалық тапсырмаларда көрсетіледі және Тұтынушының қосылатын объектілері орналасатын Тұтынушы учаскесінің шекарасынан ________________ метр арақашықтықта орналастырылады.

      6. Технологиялық қосу жөніндегі іс-шараларды орындау мерзімі осы шарт жасалған күннен бастап _____________ құрайды және Қағидаларда көрсетілген мерзімнен аспауы тиіс.

      Жеткізуші берілген техникалық тапсырмаларға сәйкес Тұтынушы объектісін технологиялық қосуды, оның ішінде Тұтынушының электр қондырғыларын жобалау, салу немесе реконструкциялау, қосуды, осы шарттың және 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс), "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының тәртібі мен шарттарында мердігер ұйымдармен қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      7. Жеткізуші:

      1) осы шартқа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік ______ күн ішінде электр желілерін және техникалық тапсырмаларды орындау үшін қажетті объектілерді салуға арналған жобалау құжаттамасын әзірлеуге, келісуге және бекітуге;

      2) осы шарт бойынша, оның ішінде мердігер ұйымдармен қатынастарды реттеуді қоса отырып, техникалық тапсырмаларда көрсетілген Тұтынушының қосылатын электр қондырғылары орналасқан учаскенің шекарасына дейін технологиялық қосу жөніндегі өзіне жүктелген іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелерді тиісті түрде орындауға;

      3) Тұтынушының электр қондырғыларын өзінің электр желілеріне нақты қосуды, кернеу мен қуатты нақты беруді жүзеге асыруға;

      4) Тұтынушының қатысуымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) бекітілген Электр желілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр желілерінің теңгерімдік тиесілігі мен тараптардың пайдалану жауапкершілігінің аражігін ажырату актісін жасауға;

      5) электр желілерін және техникалық тапсырмаларды орындау үшін қажетті объектілерді салу жобасы бекітілген күннен бастап күнтізбелік ______ күн ішінде электр желілерін және объектілерді салу жөніндегі жұмыстарды орындауға;

      6) Тұтынушының электрмен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті құжаттарын тиісті энергиямен жабдықтаушы ұйымға жіберуге;

      7) Тұтынушыға электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісін еркін нысанда беруге міндеттенеді.

      8. Жеткізушінің:

      1) Тұтынушыға электр желілерін және техникалық тапсырмаларды орындау үшін қажетті объектілерді салудың барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

      2) осы шарт бойынша жұмыстарды орындауға мердігер ұйымдармен шарттар жасасуға;

      3) осы шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге құқығы бар.

      9. Тұтынушы:

      1) Тараптар шартқа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларына (бұдан әрі – Технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидалары) сәйкес айқындалған электр қондырғыларын технологиялық қосуға негізделген шығындардың ұсынылған қорытындысына сәйкес төлем жүргізуге;

      2) Қағидаларымен көзделген құжаттарды Жеткізушіге беруге;

      3) энергия беруші ұйым Тұтынушының электр қондырғыларын электр желілеріне нақты қосуды, кернеу мен қуатты нақты қабылдауды (беруді) жүзеге асырғаннан кейін теңгерімдік тиесілілікті шектеу және пайдалану жауапкершілігін шектеу актісіне, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісіне қол қоюға не көрсетілген актілерді энергия беруші ұйымнан алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қоюдан дәлелді бас тартуды ұсынуға міндетті.

      10. Тұтынушының:

      1) құрылыс барысына және орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына, олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына мониторингті жүзеге асыруға;

      2) мониторинг жүргізу үшін құрылыстың жұмыс аумағына еркін кіруге;

      3) осы шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге құқығы бар.

3-тарау. Технологиялық қосу және оны есептеу үшін төлем

      11. Жеткізуші технологиялық қосу төлемінің мөлшерін Технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларына сәйкес айқындау электр қондырғыларына технологиялық қосуға негізделген шығындардың қорытындысында ұсынады және ҚҚС есебімен _________ теңге _________ тиынды құрайды.

      12. Технологиялық қосу үшін төлем енгізуді Тұтынушы мынадай түрде жүзеге асырады: _____________

      ______________________________________________________________.

      (технологиялық қосу үшін төлемді енгізу тәсілі көрсетіледі)

      13. Осы Шарттың 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жеткізуші міндеттемелерді орындауды бастау күні болып технологиялық қосу үшін төлем бойынша ақша қаражатын Жеткізушінің кассасына немесе есеп айырысу шотына енгізген күн саналады.

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі және бой бермейтін күш мән-жайлары

      14. Шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда тараптар келтірілген нақты залалды ерікті түрде не уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда – сот шешімі бойынша өтейді.

      15. Тараптар бой бермейтін күш мән-жайлары, яғни төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және т.б.) туындаған кезде шартты орындамағаны үшін материалдық жауаптылықта болмайды.

      16. Осы шарттың талаптарын орындауға байланысты бой бермейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде мәселені шешу үшін Тараптар хабарлама жібереді.

      17. Шартқа Тараптардың бірінің бастамасы бойынша бой бермейтін күш мән-жайлар жағдайында шартты орындау мерзімін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізілуі мүмкін.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      18. Тараптар қол қойған күннен бастап шарт жасалды деп есептеледі.

      19. Осы шартқа Тараптар әрбір Тарап үшін бір-бірден екі данада қол қояды.

6-тарау. Тараптардың деректемелері

Жеткізуші

Тұтынушы

____________________________

____________________________________

____________________________

____________________________________

____________________________

____________________________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады