"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 943 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қазанда № 21365 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18718 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа "Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары" деген 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті (Қалас Е.С.) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 қазаны
№ 943 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік кірістер
органдарының арнайы
автокөлігінің тиесілік
заттай нормаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары

Атауы

Әрбір заңды тұлғаға арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары

Жүру лимиті айына 1 автомобильдің (километр)

салықтық тексерулер үшін

Кедендік бақылау үшін

жеңіл авто негізінде

Жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіне

жеңіл авто негізінде

Жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіне


1

2

3

4

5

6

7

1.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

3

0

3

0

2500

2.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері

4

0

3

1

2500

3.

Кедендер


-

8

1

2500

4.

Кеден бекеттері


-

2

0

2500

5.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандандырылған мемлекеттік мекемелері


-

2

1

2500

      Ескертпе:

      арнайы автокөліктерді пайдалану Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер, Қаржы мониторингі комитеттері төрағаларының бұйрығымен бекітілген тәртіпте, белгіленген лимит шегінде жүзеге асырылады;

      арнайы автокөлік – салықтық, кедендік заңнамалардың және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер, қаржы мониторингі органдарының, лауазымды адамдарын, қызметкерлері мен қызметшілеріне көлік қызметін көрсетуге арналған жеңіл не жүк автокөлігі, автобус, шағын автобус;

      жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспауы тиіс;

      жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіндегі қозғалтқыш көлемі автомобиль моделіне байланысты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады