Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсеілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Цой |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ-126/2020 бұйрықпен бекітілген |
Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізетін тәуелсіз сарапшылардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізетін тәуелсіз сарапшылардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 8-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және медициналық қызметтердің сапасына сараптама жүргізетін тәуелсіз сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – сараптама үшін тәуелсіз сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу).
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) акредиттелген субъект –денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен субъект;
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
3) тәуелсіз сарапшы–уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және тәуелсіз сарапшылар тізілімінде тұрған жеке тұлға.
2-тарау. Сараптама үшін тәуелсіз сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу тәртібі
3. Тәуелсіз сарапшылардың қызметтерін сараптама жүргізу үшін келесі тапсырыс берушілер сатып алады:
1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі–мемлекеттік орган);
2) қор;
3) жеке немесе заңды тұлғалар.
4. Мемлекеттік орган сараптама бойынша тәуелсіз сарапшылардың қызметтерін "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алады.
Қор, жеке және заңды тұлғалар сараптама бойынша тәуелсіз сарапшылардың қызметтерін азаматтық заңнамаға сәйкес азаматтық-құқықтық шарттар жасасу жолымен сатып алады.
5. Сараптама бойыша аккредиттелген субъектінің тәуелсіз сарапшыларының көрсетілген қызметтері үшін ақы төлеу тапсырыс берушінің тәуелсіз сарапшының сараптамалық қорытындысын (бұдан әрі – қорытынды) қабылдаған фактісі бойынша жүргізіледі және мемлекеттік органмен тәуелсіз сарапшыларды тартуға көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде төленеді.
6. Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі электрондық пошта арқылы не "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭМС АИАЖ) арқылы не қолма-қол тапсырыс берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындалған көрсетілген қызметтердің қорытындысы мен актісін жібереді.
7. Егер сараптама бойынша тәуелсіз сарапшылардың көрсеткен қызметтері шартта көрсетілгендей толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің өкілі) 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалған қызметтер актісін алған күннен бастап қорытындыны пысықтауға жібереді.
Қорытынды мен акт аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісіне электрондық пошта арқылы не ЭМС АИАЖ арқылы, не қолма-қол пысықтау үшін кері қайтарылады.
8. Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі тапсырыс берушінің (тапсырыс берушінің өкілінің) қорытындысы мен ескертулерін алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қорытындыны пысықтайды және тапсырыс берушіге (тапсырыс берушінің өкіліне) төлем үшін жібереді.
Бұл ретте, аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісінің орындалған қызметтер актісі пысықталған қорытынды жіберілген күннен басталады.
9. Тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің өкілі) қорытынды қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалған қызметтер актісін бекітеді (қол қояды).
Орындалған қызметтер актісі бекітілгеннен (қол қойылғаннан) кейін тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің өкілі) 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісіне оның есеп айырысу шотына соманы аудару жолымен сараптама жасағаны үшін ақы төлейді.
10. Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісінен сатып алынатын сараптама бойынша тәуелсіз сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу қызмет көрсету нысанына байланысты - сараптама жүргізілетін жерге барып не бармай жүргізіледі және мынадай шарттарды қамтиды:
1) бір елді мекенде орналасқан, тәуелсіз сараптама жүргізу орнына бармай не тәуелсіз сараптама жүргізу орнына бармай не сараптама жүргізу орнына барып қызмет көрсету кезінде "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – Қаулы), Қаулыға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы В2 буын үшін белгіленген мамандығы бойынша жұмыс өтілінің коэффициенті, Қаулыға 19-қосымшаға сәйкес ғылыми дәрежесі мен атағының бар – жоғына қарамастан денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің консультанттары үшін белгіленген еңбегіне сағат бойынша ақы төлеу ставкасы және тәуелсіз сараптама жүргізуге жұмсалған уақыт кезеңі (сағат/минут) ескеріледі.
Бұл ретте, шарттың көлемі мен талаптары бойынша ерекшеліктерді ескере отырып, сараптама бойынша тәуелсіз сараптама жүргізуге жұмсалған уақыт (сағат/минут) кезеңінде:
қорда тәуелсіз сарапшы бір емделген жағдай үшін медициналық құжаттаманы зерделеуге пайдаланатын уақыт (минут) кезеңі қабылданады және медициналық көмектің түрі мен нысанына, медициналық қызмет түріне, сондай-ақ зерделенген медициналық карталардың санына байланысты болады.
мемлекеттік органда сараптама жүргізуге тәуелсіз сарапшы пайдаланатын уақыт (сағат) кезеңі, оның ішінде сараптама көлемі (күрделілігі) қабылданады. Сараптама көлемі зерттеудің күрделілігіне байланысты және шарттардың талаптарында (техникалық ерекшеліктерде) көрсетіледі.
2) тәуелсіз сарапшының тұратын жерінен тыс орналасқан, тәуелсіз сараптама бойынша тәуелсіз сарапшылардың көрсетілетін қызметтерін жүргізу орнына барып қызмет көрсету кезінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген шарттар (шығындар) және іссапар шығыстары (тәуілік, тұрғын үй-жайды жалға алу, тәуелсіз сараптама жүргізу орнына дейінгі жол жүру) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес ескеріледі.
Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі көрсеткен сараптама бойынша тәуелсіз сарапшылардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге (сараптама үшін тәуелсіз сарапшылардың көрсетілетін қызметтерін жүргізу орнына барып не бармай), сондай -ақ ұйымдастырушылық шығындар (үстеме шығыстар) да қосылады.
11. Сараптама үшін тәуелсіз сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 257, 317, 342, 484, 485-баптарының нормалары ескеріледі.