"Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № 529 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 қазанда № 21468 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мәселе туындаған жағдайда тариф анықтаудың дұрыстығын растау үшін Комиссия тасымалдаушыдан Әдістемеге 1-қосымша болып табылатын Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін қалыптастыруды экономикалық-математикалық моделі аясында тариф есептеуде қолданған құжаттар мен ақпаратты тек бір ғана рет сұратады.

      Комиссия отырысы нәтижесінде тариф анықтаудың дұрыстығын хаттамалық түрде растайды және осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тасымалдаушыдан есептер түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесін жасайды.

      Төтенше жағдай және карантиндік шектеулер кезеңінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау нақты тасымалданған жолаушыларды ескере отырып, осы Қағидалардың 7-10-тармағына сәйкес есептік тарифті анықтау жолымен жүзеге асырылады. Космиссия тариф анықтаудың дұрыстығын осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тасымалдаушыдан төлемдер түскен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде растайды.";

      11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км) сүйене отырып жолаушылар мен багажды тасымалдаудан түседі деп болжанған табыс және анықталған маршрут құны арасындағы айырмашылық ретінде айқындалған тасымалдарды орындаудан болған залал.";

      12-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автобустың тұрақты тасымалын жүзеге асыру үшін маршруттың құны анықталған жағдайда, осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес, маршрут бойынша жүретін автобустардың жалпы жүрісі (км) тасымалдаушылардың залалын субсидиялауға кететін қаражат көлемі жоспарланған жолаушылар мен багаж тасымалдарының санынан түсетін табыстар және осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км) сүйене отырып анықталған маршрут құны арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес анықталған сома негізінде тасымалдаушы мен жергілікті атқарушы орган арасында Әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарды субсидиялау туралы шарт жасалады (бұдан әрі - Шарт), ал қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақыны электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда тасымалдаушыға субсидияны төлеу үшін жергілікті атқарушы орган, тасымалдаушы және уәкілетті ұйымдар арасында шарт жасалады:

      1) осы Қағидалармен анықталған міндеттерді;

      2) жылдарға бөлінген үш жылға болжамдалған жолаушыларды тасымалдау санын;

      3) жылдарға бөлінген үш жылға субсидиялау сомасын;

      4) белгіленген тарифті (тарифтердің торын);

      5) маршрут бойынша Әдістемеге сәйкес анықталған тарифті;

      6) Осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес маршрут бойынша жүретін автобустардың жалпы жылдық жүгірісіне (км.) сүйене отырып, маршруттық автобустың бағасын айқындау жағдайда жылдар қимасында үш жылғы бағдарда жүріп өткен болжамдық жиынтық жолын;

      7) ұсынылған растаушы құжаттарға сәйкес келмегенде заңсыз түскен субсидияны қайтару туралы міндеттемесі.

      8) ұсынылған растайтын құжаттарға сәйкес алынбаған субсидияларды төлету міндеттемесі.";

      16 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеуді жергілікті атқарушы орган тоқсан сайын Шартқа сәйкес жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады