"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 466 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21548 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10506 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2015 жылғы 19 наурыздағы электронды түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделеген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 30 қазаны
№ 466 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы "16" мамырдағы
№ 124 бұйрығымен
бекітілген

"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) оқытушыларына оларды көтермелеу және қолдау мақсатында "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын (бұдан әрі – атақ) беру тәртібін айқындайды.

      3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Конкурстың қатысушысы – Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын осы Қағидаларға сәйкес ұсынған ЖОО-ның штаттағы оқытушысы;

      2) республикалық конкурстық комиссия – "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия).

      4. Атақ бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

2. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру тәртібі

      5. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:

      1) ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар;

      2) Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі барлар.

      6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ағымдағы жылғы қазан айында ресми интернет-ресурста "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" конкурсын өткізу туралы жариялайды.

      7. Конкурс жыл сайын екі кезеңде өткізіледі – ЖОО ішінде және республикалық.

      8. Конкурстың I кезеңі – ЖОО ішінде, жыл сайын қараша айында өткізіледі.

      ЖЖОКБҰ конкурстың 2-ші кезеңіне қатысуға үміткерлердің ұсыну үшін ЖЖОКБҰ қызметкерлерінің, ғылыми және қоғам қайраткерлерінің арасынан комиссия құрады, оның төрағасы болып комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланатын адам тағайындалады.

      ЖЖОКБҰ комиссия мүшелерінің саны тақ болады (5 адамнан кем емес). ЖЖОКБҰ комиссия отырысы оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса өкілетті болып саналады.

      ЖЖОКБҰ комиссия мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда, ЖЖОКБҰ Комиссия Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      9. Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін штаттық оқытушылар қатарынан үміткерлер ағымдағы жылғы қараша айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БҒМ АЖ) арқылы немесе қағаз тасығышта келесі конкурстық құжаттамаларын жібереді:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

      2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

      3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

      4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

      5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      10. Конкурсқа ұсынылған құжаттар ЖЖОКБҰ қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатарынан құрылған сараптамалық топ (бұдан әрі – сараптамалық топ) жүзеге асыратын сараптамадан өтеді.

      Сараптама тобының құрамы ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен бекітіледі. Сараптама тобы құрамының мүшелері ЖЖОКБҰ комиссиясының құрамына кірмейді.

      Сараптамалық топ әр үміткер бойынша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге, сондай-ақ осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі бойынша қорытынды береді. Қорытынды ЖЖОКБҰ комиссиясының қарауына беріледі.

      Конкурсқа қатысушы жалған немесе толық емес мәліметтер берген жағдайда, сараптамалық топ ЖЖОКБҰ комиссиясына оны қатысушылар қатарынан шығару туралы жазбаша негіздемемен қоса ұсыныс береді.

      11. ЖЖОКБҰ комиссиясы сараптама тобының қорытындысы негізінде шешім шығарады және үміткерлердің конкурстық құжаттамасын "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру конкурсының 2-ші Республикалық кезеңіне қатысуға жібереді.

      ЖЖОКБҰ комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді және ЖЖОКБҰ-ның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      12. Үміткерлер ішіндегі конкурс нәтижелерімен келіспеген жағдайда нәтижелер жарияланған күні апелляцияға береді.

      ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен бекітілген апелляциялық комиссия бір жұмыс күні ішінде апелляция материалдарын қарайды және аппеляцияны ескере отырып, нәтижелерін жариялайды.

      ЖЖОКБҰ ЖОО ішіндегі конкурс және ЖЖОКБҰ конкурстық комиссиясының сараптамалық қорытындылары бойынша нәтижелер жарияланғаннан кейін екі тәулік ішінде уәкілетті органға 50 штаттық оқытушыға 1 үміткерден аспайтын есеппен, Республикалық конкурсқа қатысу үшін ЖЖОКБҰ-ның үздік оқытушыларын айқындайды.

      Ұсынылған үміткерлердің деректері БҒМ АЖ арқылы ресімделеді.

      Оқытушылардың штаттық саны 50 адамға жетпейтін ЖОО-ларда 1 үміткер айқындалады. Бұл ретте ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жылдан аспайтын оқытушылардың және өтілі 15 жылдан асатын оқытушылардың арақатынасы ұсынылатын үміткерлердің жалпы санының үштен бірінен кем болмауы тиіс.

      Министрлік конкурстың ЖОО ішіндегі кезеңінің бұзылуын анықтаған жағдайда конкурстық құжаттаманы пысықтауға немесе қайта қарауға жібереді.

      13. ЖЖОКБҰ комиссиясының оң шешімін алған үміткерлер II кезеңге қатысу үшін жіберіледі.

      14. Конкурстың II республикалық кезеңі – жыл сайын желтоқсан айында өткізіледі, онда конкурс жеңімпаздары анықталады.

      Конкурстың республикалық кезеңін Республикалық комиссия өткізеді, оның төрағасы (бұдан әрі – Республикалық комиссия төрағасы) болып көпшілік дауыспен сайланатын Республикалық комиссия мүшелерінің арасынан адам тағайындалады.

      15. Республикалық комиссия Министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен мамандар қатарынан қалыптастырылады.

      Республикалық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды (19 адамнан артық емес). Республикалық комиссия отырысы оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі.

      Республикалық комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен бекітіледі.

      16. Республикалық конкурсқа қатысу үшін ЖЖОКБҰ ағымдағы жылғы қараша айында БҒМ АЖ немесе қағаз тасығышта үміткерлердің конкурстық құжаттамасын жібереді.

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "ЖОО Үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

      2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

      3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

      4) ЖЖОКБҰ алқалық басқару органының шешімі;

      5) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

      6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      7) карточкалық базада қолданыстағы 20-таңбалық ағымды шоты туралы хабарлама.

      17. 17. Конкурстық құжаттама БҒМ АЖ-не тіркеледі немесе қағаз тасығышта түпнұсқада ұсынылады. Мақалаларға белсенді сілтемелерді көрсету, халықаралық сертификаттарды тексеру міндетті болып табылады.

      Конкурсқа үміткер, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы ұсынылған құжаттардың және оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығына жауапты.

      Конкурсқа ұсынылған құжаттар ұсынылған материалдардың толықтығы мен дұрыстығына тексеруден өтеді. Тексеруді ЖЖОКБҰ-ның жетекші ғалымдары, профессорлық-оқытушылық құрамы қатарынан құрылған сараптама тобы (бұдан әрі – Республикалық сараптама тобы) жүзеге асырады.

      Конкурсқа қағаз тасығышта ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

      Республикалық сараптама тобының құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі. Республикалық сараптама тобы құрамының мүшелері Республикалық комиссия құрамына кірмейді.

      Республикалық сараптамалық топ әр үміткер бойынша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес, сондай-ақ осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі бойынша қорытынды береді. Қорытынды Республикалық комиссияның қарауына беріледі.

      Көрсеткіштер балы тең болған жағдайда I-блог "Сабақ беру сапасы" бойынша балдары, содан соң II-блог "Ғылыми-зерттеу қызметі" балдары есепке алынады.

      18. Конкурсқа қатысушы жалған немесе толық емес мәліметтер берген жағдайда, Республикалық сараптамалық топ Республикалық комиссияға оны қатысушылар қатарынан шығару туралы жазбаша ұсыныс береді. Бұл ретте жалған мәліметтер берілген жағдайда үміткерге 3 жыл бойына Конкурсқа қатысуға рұқсат етілмейді.

      19. Әр үміткер бойынша Республикалық сараптамалық топтың қорытындысы негізінде Конкурсқа қатысушының сапалық және сандық көрсетікштері мен жылдық жұмыс жоспары-кестесінің балдары есептеледі.

      Үміткерлердің рейтингісі Конкурсқа қатысушының сапалық және сандық көрсетікштері мен жылдық жұмыс жоспары-кестесінің балдарын есептеу алгоритміне сәйкес ақпараттық жүйеде балдарды саралаудың кему жүйесі бойынша кесте түрінде рәсімделеді. Нәтижелері Республикалық сараптамалық топтың хаттамасымен бекітіліп, әрбір қатысушы мүшенің қолтаңбасымен расталады.

      Республикалық сараптамалық топтың хаттамасы кесте қосымшасымен Республикалық комиссияның қарауына беріледі.

      20. "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағын беру туралы Республикалық комиссияның шешімі қатысушы мүшелерінің көпшілік қарапайым дауысымен қабылданады. Республикалық комиссия мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда, Республикалық комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

      Республикалық комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.

      21. Конкурстың қорытындылары Министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      22. Үміткерлер конкурс нәтижелерімен келіспеген жағдайда нәтижелер жарияланған күні апелляцияға береді. Апелляцияға өтініштерді Республикалық сараптамалық топ қарайды. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Республикалық сараптамалық топ бес жұмыс күні ішінде БҒМ АЖ-да дәлелді жауап жариялайды.

      23. Республикалық комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      24. Конкурстың қорытындысы бойынша атақтың иегеріне осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес куәлік беріледі және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен республикалық бюджеттің қаражаты есебінен тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 2000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 124 бұйрығымен бекітілген
"Жоғары оқу орнының үздік
оқытушысы" атағын беру
қағидаларына
1-қосымша

"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысушының өтінімі

      "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысу үшін.

      Маған конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын. Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

1.

Жұмыс орны (қысқартуларсыз)


2.

Туған күні, айы, жылы


3.

Лауазымы (қысқартуларсыз)


4.

Жұмыс өтілі


5.

Білімі (қандай оқу орнын, факультетті қай жылы бітірді)


6.

Ғылыми дәрежесі/атағы


7.

Индексі көрсетілген үйінің мекенжайы


8.

Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖИН)


9.

Байланыс телефоны (үй, ұялы)


10.

Марапаттаулар, көтермелеулер


      Қосымша: Конкурсқа қатысу үшін құжаттар __ парақта, оның ішінде қосымша __ парақта.

      Конкурсқа қатысушы ___________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      Толтырған күні

      202__ жылғы "____" __________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 124 бұйрығымен бекітілген
"Жоғары оқу орнының үздік
оқытушысы" атағын беру
қағидаларына
2-қосымша

"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беруге үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Балл


I БЛОК – Оқыту сапасы

≤ 100

1.

Ғылыми дәрежесінің, PhD немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы

≤ 2

1.1

Иә

2

1.2

Жоқ

0

2

ҚР БҒМ берген ғылыми атағының болуы (бір тармақшаны таңдау)

≤ 3

2.1

Профессор

3

2.2

Қауымдастырылған профессор

1

3.

Оқыту сапасы

≤ 5

3.1

"Оқытушы студенттер көзімен" тәуелсіз сауалнаманың соңғы жылдағы орташа 10 балдық шкала бойынша нәтижесі (бір тармақшаны таңдау)

≤ 5

3.1.1

от 7,1 до 10,0

5

3.1.2

от 5,0 до 7,0

2

4

Электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау (үштен артық емес)

≤ 30

4.1

Bilim Land, Қазақстанның ұлттық ашық білім беру платформасы (open.kaznu.kz), "Ашық университет" платформасы( open.kz) ұлттық платформалары базасында жаппай ашық онлайн курсы

20

4.2

Coursera, EdX, Udacity, FutureLearn халықаралық платформалары базасында жаппай ашық онлайн курсы

30

4.3

ЖОО-ның ресми платформасы базасында дәріс курсы (10-нан кем емес)

5

4.4

ЖОО-ның ресми платформасы базасында бейнесабақ курсы (дәрістен басқа 10-нан кем емес)

5

5

Оқу материалдарын әзірлеу (үштен артық емес)

≤ 20

5.1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған оқулық

10

5.2

ЖОО Ғылыми кеңесі ұсынған оқулық

3

5.3

ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған оқу құралы

2

5.4

Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі ұсынған оқу құралы

2

5.5

Авторлық құқығын уәкілетті орган растаған электрондық оқулық және/немесе электрондық оқу құралы: (конкурсқа ұсынылған баспа басылымдарының тақырыбын қайталамайтын)

3

6

Бейін бойынша кәсіби және педагогикалық біліктілікті арттыру (екіден артық емес)

≤ 10

6.1

Бейіні бойынша ұзақтығы кемінде 1 ай шетелдегі ғылыми тағылымдама

5

6.2

Coursera, EdX, Udacity, FutureLearn платформалары негізінде соңғы үш жылдағы кәсіби қызмет бойынша шет тіліндегі жаппай ашық онлайн курстар платформасы негізіндегі курс бойынша табысты оқу туралы сертификат

5

7

Соңғы екі жылда шет тілін меңгергенін растайтын Сертификат (бір тармақты таңдау)

≤ 10

7.1

TOEFL PBT 640-677

10

7.2

TOEFL PBT 590-637

8

7.3

TOEFL PBT 550-587

6

7.4

TOEFL PBT 513-547

4

7.5

TOEFL PBT 477-510

2

7.6

TOEFL CBT 273-300

10

7.7

TOEFL CBT 243-270

8

7.8

TOEFL CBT 213-240

6

7.9

TOEFL CBT 183-210

4

7.10

TOEFL CBT 153-180

2

7.11

TOEFL IBT 111-120

10

7.12

TOEFL IBT 96-110

8

7.13

TOEFL IBT 79-95

6

7.14

TOEFL IBT 65-78

4

7.15

TOEFL IBT 53-64

2

7.16

IELTS 8-9

10

7.17

IELTS 7.5-8

9

7.18

IELTS 6.5-7

8

7.19

IELTS 5.5-6

6

7.20

IELTS 4.5-5

4

7.21

IELTS 4

2

8

Бакалавриат пен магистратурада көрнекті кадрлар даярлау (екіден көп емес)

≤ 10

8.1

Үміткердің жетекшілігімен студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарының халықаралық және республикалық деңгейде конкурс жеңімпазын дайындау (дипломның, грамотаның көшірмесін ұсыну)

5

8.2

Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index және Arts and Humanities Citation Index Web of Science базасына кіретін халықаралық журналда мақала жариялаған немесе дайындық бейіні бойынша үміткердің басшылығымен Scopus 25 және одан жоғары базасы бойынша CiteScore процентилімен мақала жариялаған Студент (DOI/URL және мақаланың бедерін көрсету)

5

9

Ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау

≤ 10

9.1

Соңғы 3 жылда философия докторын (PhD) даярлау (әрбір философия докторы үшін 5 балл)

≤ 10

9.1.1

Иә

5

9.1.2

Жоқ

0


II БЛОК – Ғылыми-зерттеу қызметі

≤ 100

10

Жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету (екіден артық емес):

≤ 10

10.1

Гранттық қаржыландыру жобасымен

5

10.2

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде

10

10.3

Коммерцияландыру жобасымен

8

11

Ғылыми жарияланымдар (үштен артық емес, n-жарияланым авторларының саны):

≤ 60

11.1

Web of Science деректер базасының бірінші квартильіне (Q1) кіретін журналдағы мақала немесе шолу:


11.1.1

Жалғыз автор

25

11.1.2

Хат-хабарларға арналған Автор, бірінші автор немесе нөмірі мақалада бірінші көрсетілген жоба жетекшісі

20

11.1.3

Бірлескен автор

40/n

11.2

Web of Science дерекқорының екінші квартильіне (Q2) кіретін журналдағы мақала:


11.2.1

Жалғыз автор

15

11.2.2

Хат-хабарларға арналған Автор, бірінші автор немесе нөмірі мақалада бірінші көрсетілген жоба жетекшісі

12

11.2.3

Бірлескен автор

20/n

11.3

Web of Science дерекқорының үшінші квартильіне (Q3) кіретін журналдағы мақала:


11.3.1

Жалғыз автор

10

11.3.2

Хат-хабарларға арналған Автор, бірінші автор немесе нөмірі мақалада бірінші көрсетілген жоба жетекшісі

8

11.3.3

Бірлескен автор

15/n

11.4

Web of Science деректер базасының төртінші квартильіне (Q4) кіретін журналдағы мақала:


11.4.1

Жалғыз автор

5

11.4.2

Хат-хабарларға арналған Автор, бірінші автор немесе нөмірі мақалада бірінші көрсетілген жоба жетекшісі

4

11.4.3

Бірлескен автор

8/n

11.5

Arts and Humanities Citation Index дерекқорымен индекстелген журналда мақала немесе шолу:


11.5.1

Жалғыз автор

15

11.5.2

Хат-хабарларға арналған Автор, бірінші автор немесе нөмірі мақалада бірінші көрсетілген жоба жетекшісі

12

11.5.3

Бірлескен автор

20/n

11.6

Web of Science деректер базасында Emerging Sources Citation Index или Russian Science Citation Index дерекқорымен индекстелген журналда мақала немесе шолу:


11.6.1

Жалғыз автор

3

11.6.2

Хат-хабарларға арналған Автор, бірінші автор немесе нөмірі мақалада бірінші көрсетілген жоба жетекшісі

2

11.6.3

Бірлескен автор

4/n

11.7

Web of Scince деректер базасында импакт-факторы жоқ, бірақ Scopus базасында Citescore бойынша 25% - дан кем процентилі бар журналдағы мақала:


11.7.1

Жалғыз автор

3

11.7.2

Хат-хабарларға арналған Автор, бірінші автор немесе нөмірі мақалада бірінші көрсетілген жоба жетекшісі

2

11.7.3

Бірлескен автор

4/n

11.8

Scopus базасында citescore бойынша процентиль бар журналдағы мақала 25-тен 49-ға дейін:


11.8.1

Жалғыз автор

4

11.8.2

Хат-хабарларға арналған Автор, бірінші автор немесе нөмірі мақалада бірінші көрсетілген жоба жетекшісі

3

11.8.3

Бірлескен автор

6/n

11.9

Scopus базасында citescore бойынша процентиль бар журналдағы мақала 50-ден 74-ке дейін:


11.9.1

Жалғыз автор

6

11.9.2

Хат-хабарларға арналған Автор, бірінші автор немесе нөмірі мақалада бірінші көрсетілген жоба жетекшісі

4

11.9.3

Бірлескен автор

8/n

11.10

Scopus 75 және одан да көп базасында citescore бойынша процентилі бар журналдағы мақала


11.10.1

Жалғыз автор

10

11.10.2

Хат-хабарларға арналған Автор, бірінші автор немесе нөмірі мақалада бірінші көрсетілген жоба жетекшісі

8

11.10.3

Бірлескен автор

15/n

11.11

Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған журналдағы мақала


11.11.1

Жалғыз автор

2

11.11.2

Хат-хабарларға арналған Автор, бірінші автор немесе нөмірі мақалада бірінші көрсетілген жоба жетекшісі

1,5

11.11.3

Бірлескен автор

3/n

11.13

Web of Science немесе Scopus базасындағы дәйексөздер саны бойынша Топ 10% - ға кіретін мақала (дәйексөз санының объективтілігіне күмән болған жағдайда, балл берілмейді)


11.13.1

Жалғыз автор

30

11.13.2

Хат-хабарларға арналған Автор, бірінші автор немесе нөмірі мақалада бірінші көрсетілген жоба жетекшісі

24

11.13.3

Бірлескен автор

45/n

11.14

Science, Nature-дегі мақала немесе Web of Science базасындағы дәйексөздер саны бойынша Топ 1% - ға кіретін мақала (дәйексөздер санының объективтілігіне күмән болған жағдайда, балл берілмейді)


11.14.1

Жалғыз автор

50

11.14.2

Хат-хабарларға арналған Автор, бірінші автор немесе нөмірі мақалада бірінші көрсетілген жоба жетекшісі

40

11.14.3

Бірлескен автор

80/n

11.15

Elsevier, Brill, CRC Press, DeGruyter, Edward Elgar Publishing, John Wiley & Sons, McGraw Hill, Palgrave Macmillan, Peter Lang, Prentice Hall, Routledge, Sage Publications, Springer Nature, Taylor and Francis, Wolters Kluwer, Cambridge University Press, Columbia University Press, Cornell University Press, Harvard University Press, MIT Press, Oxford University Press, Princeton University Press, Stanford University Press, University of California Press, University of Chicago Press, University of Michigan Press, Yale University Press или издательством ВУЗа входящего в топ-100 международного рейтинга Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings или US News Best Global Universities Rankings баспаларынан шыққан монография

30/n

11.16

Elsevier, Brill, CRC Press, DeGruyter, Edward Elgar Publishing, John Wiley & Sons, McGraw Hill, Palgrave Macmillan, Peter Lang, Prentice Hall, Routledge, Sage Publications, Springer Nature, Taylor and Francis, Wolters Kluwer, Cambridge University Press, Columbia University Press, Cornell University Press, Harvard University Press, MIT Press, Oxford University Press, Princeton University Press, Stanford University Press, University of California Press, University of Chicago Press, University of Michigan Press, Yale University Press или издательством ВУЗа входящего в топ-100 международного рейтинга Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings или US News Best Global Universities Rankings баспалары жариялаған монографиядағы тарау

15/n

11.17

Басқа баспа шығарған (Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings немесе US News Best Global Universities Rankings халықаралық рейтингінің Топ-200 құрамына кіретін университеттерден екі ғылым докторының, профессор ғылыми атағының және (немесе) штаттық профессорларының рецензиялары болған жағдайда) және гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде дайындалған, таралымы 500 данадан кем емес монография

5/n

12

Артықшылықтары мақалада дәлелденген өнертабысқа патенттің болуы:

≤ 25

12.1

Q1 Web of Science журналында

25

12.2

Q2 Web of Science журналында

15

12.3

Q3 Web of Science журналында

10

13

Халықаралық ынтымақтастық

≤ 5

13.1

Q1-Q3 Web of Science немесе Arts and Humanities Citation Index журналында, не соңғы 3 жылда Scopus деректер базасында CiteScore 50 және одан да көп процентильмен, әлемдік Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings или US News Best Global Universities Rankings жоғары оқу орындарының халықаралық академиялық рейтингісінің үздік 500 қатарына кіретін шетелдік университеттің профессорымен бірлесіп дайындалған кем дегенде бір мақаланың болуы

≤ 5

13.1.1

Иә

5

13.1.2

Жоқ

0

      Ескертулер.

      1. Конкурсқа қатысушының көрсеткіштері 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін және оған жеке қолжетімділік коды автоматты түрде берілгеннен кейін сайтта көрсетілген қосымшаның электронды нысанында үміткермен жеке толтырылады.

      2. 1, 3.1, 9.1 және 13 тармақтағы көрсеткіштер бойынша үміткер мәліметтердің бар екенін таңдайды және иә деген жауап таңдалған әр позиция бойынша растайтын құжаттарды ұсынады. 1 көрсеткіш бойынша диплом тіркеледі, 3.1. көрсеткіш бойынша – университеттен растау, 9.1. көрсеткіш бойынша – дайындаған студентінің философия докторы (PhD) дипломы, қорғау және диссертация туралы хабарламаның URL- сілтемелері, 13 көрсеткіш бойынша - DOI немесе Accession Number (Web of Science), немесе EID (Scopus).

      3. 2, 7 және 12 көрсеткіштер бойынша үміткер көрсетілген нұсқалардың біреуінен артық емесін таңдайды және әрбір позиция бойынша растайтан құжаттарды тіркейді. 2 көрсеткіш бойынша ғылыми атағы туралы диплом, 7 көрсеткіш бойынша – сертификат, 12 көрсеткіш бойынша – патент, патенттелген өнертабыстың артықшылықтары дәлелденген мақаланың DOI и PDF файлдары ұсынылады.

      4. 4 көрсеткіш бойынша үміткер үштен көп емес әзірленген және /немесе өткізілген сабақтарын таңдайды және әрқайсысы үшін URL- сілтемесін ұсынады. Сонымен қатар сабақтың әр түрі бірнеше рет таңдалуы мүмкін.

      5. 5 көрсеткіш бойынша үміткер үштен артық емес әзірленген оқу материалдарын таңдайды және олардың әрқайсысы бойынша растайтын құжаттарды ұсынады. Сонымен қатар оқу материалының әрбір түрі бірнеше рет таңдалуы мүмкін.

      6. 6 көрсеткіш бойынша үміткер кәсіби және педагогикалық біліктілігін арттыру бойынша екіден артық емес іс-шараны таңдайды және растайтын құжаттарды ұсынады. Сонымен қатар іс-шараның әр түрі бірнеше рет таңдалуы мүмкін.

      7. 8 көрсеткіш бойынша үміткер бакалавриат пен магистратурада көрнекті кадрларды даярлаудың екіден артық емес фактісін таңдайды және растайтын құжаттарды ұсынады (дипломдардың, грамоталардың, DOI/URL мақалалардың көшірмелері, басшылықтың растауы). Сонымен қатар дайындықтың әр түрі бірнеше рет таңдалуы мүмкін.

      8. 10 көрсеткіш бойынша үміткер екіден көп емес жобаны және /немесе бағдарламаны таңдайды және олардың номерлерін (ЖТН) көрсетеді.

      9. 11 көрсеткіш бойынша үміткер таңдалған ғылым саласы бойынша ең жоғары ұпайларды беретін үш нәтиженің қорытындысын көрсетеді (n - авторлар санын ескере отырып). Халықаралық журналдардағы мақалалар үшін DOI немесе Accission Number (Web of Science) немесе EID (Scopus) көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдардағы жарияланымдар үшін олардың DOI немесе URL (бар болған жағдайда) көрсетіледі. Монографиялар мен ондағы тараулар үшін барлық деректер көрсетіледі, соның ішінде ISBN, DOI және URL (бар болған жағдайда), сонымен қатар растайтын скриншоттар немесе бейнежазбалар ұсынылады. Жоба жетекшісі ретіндегі мақалаларға жетекшілікті растау құжаттары қоса ұсынылады.

      10. Үміткерлер мәліметтерді енгізгеннен кейін көрсеткіштерді есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады.

      11. Үміткер көрсеткен сандық және сапалық көрсеткіштер ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда деректер базасында тек сараптама тобының қорытындысы бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      12. Деректер базасында сараптама тобының қорытындысы бойынша енгізілген әр өзгерістен кейін үміткерлер балын қайта есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады.

      13. Үміткерлердің балдарын автоматты түрде есептеу сапалық және сандық көрсеткіштерінің балдарын есептеу алгоритміне сәйкес ақпараттық жүйеде жүргізіледі.

      14. Құжаттар қатты түптелген рет-ретімен нөмірленген қағаз түрінде ұсынылады. Растаушы құжаттар 2-қосымшаға сәйкес реттілікпен қоса беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 124 бұйрығымен
бекітілген
"Жоғары оқу орнының үздік
оқытушысы" атағын беру
қағидаларына
3-қосымша

Жұмыстардың жылдық жоспар-кестесі

Жұмыс түрлерінің атауы

Өлшем бірлігі

Көрсетілген жұмыс түрін іске асыруға негіздеме (болжамды атауы көрсетілген)

Орындау мерзімі

басталуы

аяқталуы

1. Оқу-әдістемелік жұмыс

1.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқулықты әзірлеу, қатысу және басып шығару/ ағылшын тілінде

Кемінде 500 дана тиражбен




2.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқу құралын әзірлеу, қатысу және басып шығару/ ағылшын тілінде

Кемінде 300 дана тиражбен




3.

Монографияны әзірлеу, қатысу және басып шығару/ ағылшын тілінде

Кемінде 500 дана тиражбен




2. Ғылыми-зерттеу жұмысы

4.

Ғылыми зерттеулерді орындау, оның ішінде халықаралық, республикалық жобалар, шарттық жұмыстар**

1 жоба




5.

Томсон Рейтер (Web of Science,Thomson Reuters) ақпараттық компаниясының деректер базасында нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда / Scopus, Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysical journal деректер базасында мақалалар жазу және жариялау

1 мақала




6.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тізбесіне енгізілген басылымдарда

1 мақала




7.

Шетелдік конференцияларға қатысу және материал жариялау

1 қатысу/ 1 жарияланым




8.

Қазақстан Республикасының аумағындағы конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға қатысу және материал жариялау

1 қатысу/ 1 жарияланым




9.

Патенттер және алдын ала патенттерді, авторлық өнертабыстарды, зияткерлік меншік объектілерін алу

1 бірлік




3. Біліктілікті арттыру*

10.

Бейіні бойынша кәсіби және педагогикалық біліктілігін арттыру

72 сағаттан кем емес




4. Шет елдік тағылымдама*

11.

Ағымдағы жылы QS World University Rankings нәтижелері бойынша ТОР-500-ге енетін шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту

14 күнтізбелік күннен кем емес мерзім




12.

Шетелдің жетекші ғылыми орталықтары мен зертханаларында тағылымдамадан өту

14 күнтізбелік күннен кем емес мерзім




5. Тәрбие жұмысы

13.

Білім алушыларды адамагершілік-отансүйгіштік және дене тәрбиесі тұрғысынан қамтамасыз ететін кешенді іс-шараларды іске асыру





      Конкурсқа қатысушы _________________________________________

      Ескерту:

      Жұмыстардың жылдық жоспар-кестесінде көзделген Конкурсқа қатысушының жұмыс түрлері 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін және 1-қосымшаны толтырғаннан кейін сайтта көрсетілген қосымшаның электронды нысанында үміткермен жеке толтырылады.

      Үміткер мәліметтерді енгізгеннен кейін балдарды есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады.

      * - тармақшалардың біреуі міндетті болып табылады;

      ** - тармақшаны жоспарлау міндетті болып табылады, бұл ретте ғылыми әдебиеттерді және зерттеулер бейіні бойынша мерзімді басылымдарды сатып алуға рұқсат беріледі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 384 қаулысы).

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 124 бұйрығымен бекітілген
"Жоғары оқу орнының үздік
оқытушысы" атағын беру
қағидаларына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі



 

Министерство образования
и науки Республики Казахстан










КУӘЛІК


СВИДЕТЕЛЬСТВО










М.О Министр


Аты-жөні


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады