Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарындағы ішкі тергеулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 776 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 қарашада № 21648 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 53-бабының 7-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында ішкі тергеу жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2020 жылғы 16 қарашасы
№ 776 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында ішкі тергеулер жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында ішкі тергеулер жүргізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 53-бабының 7-2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында (бұдан әрі – ІІО) ішкі тергеу жүргізу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Ішкі тергеу жүргізу тәртібі

      2. Ішкі тергеу жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің не оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомствосының (бұдан әрі – ІІМ), ІІМ мен оның ведомствосының қарамағындағы аумақтық органның, ІІМ мен оның ведомствосының қарамағындағы мемлекеттік мекеменің (бұдан әрі – жұмыс беруші) уәкілетті басшысыныңбұйрығымен ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін, сондай-ақ жұмыс берушінің мүдделеріне қарамастан өзінің қызметтік жағдайын өз мүдделерінде немесе үшінші тұлғаның мүдделерінде пайдаланатын қызметкерлердің өзіне немесе басқа адамдар үшін материалдық немесе өзге де пайда алудың орнына кінәлі іс-әрекеттер және/немесе әрекетсіздік жасаған,егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімді жоғалтуға негіз берсе, ІІО жұмыскерлеріне, азаматтық қызметшілеріне (бұдан әрі – жұмыскер) қатысты тағайындалады.

      3. Ішкі тергеу жүргізу үшін:

      1) жеке және заңды тұлғалардың қызметкердің әрекеті немесе әрекетсіздігі, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерін заңсыз пайдалану фактілері туралы өтініштері;

      2) тексерулер нәтижелері;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

      4) құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, соттың хабарламалары;

      5) құқық бұзушылықтар және оқиғалар фактілері негіз болып табылады.

      4. Ішкі тергеуді осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген негіздердің бірі болып табылатын мәселені қарау құзыретіне кіретін қызмет жүргізеді.

      Іс күрделі және маңызды болған жағдайда ішкі тергеуді жұмыс берушінің бұйрығы бойынша арнайы құрылған комиссия жүргізеді.

      5. Ішкі тергеу оны жүргізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей аяқталады. Өзіне қатысты ішкі тергеу жүргізіліп жатқан қызметкердің демалыста, іссапарда немесе емделуде болған уақыты, сондай-ақ оның өзге де дәлелді себептер бойынша қызметте болмаған уақыты көрсетілген мерзімге есептелмейді.

      6. Ішкі тергеу материалдары жазбаша нысанда, сондай-ақ олар болған жағдайда фото, аудио, бейне материалдар нысанында тіркелген мәліметтерді қамтиды.

      7. Өзіне қатысты ішкі тергеу жүргізілетін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етіледі. Қызметкер жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан кезде еркін нысандағы тиісті акті толтырылады, онда: актінің жасалған орны, күні мен уақыты, актіні толтырған лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

      8. Ішкі тергеу жүргізу кезінде:

      1) қызметкердің кінәлі әрекеттер немесе әрекетсіздік жасауы, сондай-ақ қызмет жағдайын заңсыз пайдалану фактісін;

      2) жұмыскердің кінәлі әрекеттер немесе әрекетсіздік жасауына, сондай-ақ қызмет жағдайын заңсыз пайдалануына ықпал еткен себептер мен жағдайларды;

      3) егер кінәлі әрекеттер немесе әрекетсіздік жасау, егер бұл әрекеттер мен әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімді жоғалтуға негіз берсе,сондай-ақ қызмет жағдайын заңсыз пайдалану нәтижесінде қызметкер келтірген зиянның сипаты мен мөлшерін объективті және жан-жақты анықтау бойынша шаралар қабылданады.

      9. Ішкі тергеу нәтижелері бойынша акті толтырылады, онда:

      1) жұмыскердің кінәлі іс-әрекеттер немесе әрекетсіздік жасағанын, сондай-ақ өзінің қызметтік жағдайын заңсыз пайдаланғанын растайтын/растамайтын негіздемелер;

      2) қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі.

      10. Ішкі тергеп-тексеру актісі бір данада толтырылады, оны жүргізген адам қол қояды және жұмыс беруші ішкі тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішіңде бекітеді.

      11. Ішкі тергеу актісінің көшірмесі оған қатысты ішкі тергеу жүзеге асырылған қызметкердің жеке ісіне тігіледі.

      12. Ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін, сондай-ақ жұмыс берушінің мүдделеріне қарамастан өзінің қызметтік жағдайын өз мүдделерінде немесе үшінші тұлғаның мүдделерінде пайдаланатын қызметкердің өзі немесе басқа адамдар үшін материалдық немесе өзге де пайда алудың орнына кінәлі әрекеттер немесе әрекетсіздік жасағанын растайтын негіздеме анықталған жағдайда, ішкі тергеп-тексеру актісі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс беруші тарапынан оған деген сенімді жоғалтуға негіз берсе, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы бойынша еңбек шартын бұзуға негіз болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады