"Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 135 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 желтоқсанда № 21733 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 29.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19679 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және бейрезидент банктер филиалдарының (бұдан әрі – банк) ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптарды орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Ақша-кредит саясаты департаменті (Шаймарданов Ж.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 30 қарашасы
№ 135 Қаулыға
қосымша
  Ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға
4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.natіonalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ЕРТ

      Кезеңділігі: әр күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күн

      Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша

      Ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, бейрезидент банктер филиалдары

      Ұсыну мерзімі: екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінің соңғы күнінен кейінгі оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей.

Ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңі

__________ - __________

Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі

__________ - __________

  мың теңгемен

Ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңі

Екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының ұлттық валютадағы міндеттемелері

Екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының шетел валютасындағы міндеттемелері

Ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар

Шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша ең төмен резервтік талаптар

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді

(2)*n1

(3)*n2

(4)*n3

(5)*n4

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы:

Ең төмен резервтік талаптар жиынтығы

Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі

Резервтік активтер

(6)+(7)+(8)+(9)

Резервтік активтер жиынтығы

Ұлттық Банктің корреспонденттік шотындағы ақша қалдығы теңгемен

Қолма-қол ақша теңгемен

(13)+(14)

10

11

12

13

14






      Екінші деңгейдегі банктің,

      бейрезидент банк филиалының атауы ________________ Мекенжайы _______________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________

      Жауапты орындаушы ___________________________ ____________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             телефоны

      Бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде - лауазымдық міндетіне қол қою кіретін қызметкер)

      _________________________________             ____________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы,                   телефоны

      Басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      _________________________________             ____________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы,                   телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

      Ескертпе:

      n1 - екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі

      n2 - екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі

      n3 - екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі

      n4 - екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативі

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме "Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат" (индекс: ЕРТ, кезеңділігі: әр күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күн)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды екінші деңгейдегі банк, бейрезидент банк филиалы әр 28 (жиырма сегіз) күн сайын толтырады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінің соңғы күнінен кейінгі оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде ұсынады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе ол қол қоюға уәкілеттік берген адам, екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының бас бухгалтері (ол болмаған кезеңде - лауазымдық міндетіне қол қою кіретін қызметкер), екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының жауапты орындаушысы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанда екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелері бойынша орташа шамалар және ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі ең төмен резервтік талаптар, резервтік активтерді қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтер бойынша орташа шамалар беріледі.

      6. 2-бағанға Қағидаларға 1-қосымшасында айқындалған тізбе бойынша екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелерді айқындау кезеңіндегі орташа алынған қалдықтар енгізіледі.

      7. 3-бағанға Қағидаларға 3-қосымшасында айқындалған тізбе бойынша екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелерді айқындау кезеңіндегі орташа алынған қалдықтар енгізіледі.

      8. 4-бағанға Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларында айқындалған тізбе бойынша екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерді айқындау кезеңіндегі орташа алынған қалдықтар енгізіледі.

      9. 5-бағанға Қағидаларға 3-қосымшасында айқындалған тізбе бойынша екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерді айқындау кезеңіндегі орташа алынған қалдықтар енгізіледі.

      10. 6, 7, 8 және 9-бағандарда 2, 3, 4 және 5-бағандарда көрсетілген міндеттемелердің тиісті санаты тиісінше бекітілген нормативке көбейтіледі.

      11. 10-бағанда 6, 7, 8 және 9-бағандар сомасы көрсетіледі.

      12. 12-бағанда 13 және 14-бағандар сомасынан тұратын қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтердің орташа шамасы көрсетіледі. Бұл ретте осы орташа шама осы кезең үшін есептелген ең төмен резервтік талаптардың мөлшерінен төмен болады.

      13. 13-бағанда екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоты бойынша қалыптастыру кезеңіндегі орташа алынған қалдық көрсетіледі.

      14. 14-бағанда айқындау кезеңіндегі ең төмен резервтік талаптардың орташа мәнінің 50 (елу) пайызынан аспайтын көлемдегі екінші деңгейдегі банктің, бейрезидент банк филиалының кассасындағы ұлттық валютамен қолма-қол ақшаны қалыптастыру кезеңіндегі орташа алынған мәні көрсетіледі.

      15. Нысандағы деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.

      16. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады