"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 274-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-319/2020 бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар – намыс кодексі (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 274-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Ар-намыс кодексі Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің жалпы қағидаттары мен моральдық-этикалық нормаларының жиынтығын білдіреді.
3. Медицина және фармацевтика қызметкерлері кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде және корпоративтік мәдениет үшін осы Ар-намыс кодексінің ережелерін сақтайды.
2-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлеріне қойлатын этикалық қағидаттар мен талаптар.
4. Медицина және фармацевтика қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) бейтараптық;
2) адалдық және объективтілік;
3) әдептілік;
4) кәсіби құзыреттілік;
5) мінсіз мінез-құлық;
6) адалдық;
7) ақпараттың құпиялылығы;
8) адамгершілік;
9) тәуелсіздік.
5. Өз қызметінде медицина және фармацевтика қызметкер:
1) өзінің лауазымдық міндеттерін адал орындайды, еңбек тәртібін сақтайды, өз жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;
2) жоғары моральдық және адамгершілік өлшемшарттарға сәйкес келеді, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтайды;
3) клиникалық тиімділігі дәлелденген емдеудің заманауи әдістері мен технологияларын басшылыққа алады;
4) өзінің кәсіби білімін, дағдыларын, құзыреттері мен кәсіпқойлығын үздіксіз жетілдіреді;
5) Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкері жоғары атағының беделін түсіруге қабілетті әрекеттер немесе әрекетсіздіктер жасамайды;
6) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрады;
7) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
8) заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен бұзушылықтар жасауға жол бермейді;
9) жеке мәселелерін шешу мақсатында қызметтік жағдайды пайдалануға жол бермейді, медициналық өнімдерді жарнамалауға және қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар, қызметтер алу фактілеріне жол бермейді;
10) жеке үлгісімен орнықты моральдық-психологиялық жағдай жасауға және ұжымда корпоративтік әдеп пен қауіпсіздік қағидаттарын сақтауға ықпал етеді;
11) азаматтардың Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесіне сенімін нығайтуға ықпал етеді;
12) Ар-намыс кодексінің нормаларын сақтауға ықпал етеді.
6. Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
1) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке ұшырамайды;
2) пациенттің жеке өміріне және құпиялылық құқығына құрметпен қарайды;
3) пациенттің мүддесі үшін ғана шешім қабылдайды;
4) кәсіптік қызмет шеңберінде мұқтаж адамға оның тұрған жері мен уақытына қарамастан медициналық көмек көрсетеді;
5) өз денсаулығын сақтау үшін ортақ жауапкершілік қағидаттарын түсіндіреді.
7. Әріптестермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
1) іскери этикет пен қызметтік тәртіп ережелерін сақтайды;
2) әріптестерінің немесе ұйымның аты мен беделіне нұқсан келтіретін жанжалды жағдайлардан аулақ болдырмайды.
8. Жанжал туындаған жағдайда медицина және фармацевтика қызметкерлері тиісті шаралар қабылдау үшін тікелей басшымен қақтығыс мәселесін талқылайды.
9. Қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық көріністерін жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда медицина немесе фармацевтика қызметкері осындай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолданады.