ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9479 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Көрсетілетін қызметті алушы - мынадай талаптарға жауап беретін:
1) құқық, экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі бар;
2) заңгерлік, экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық, аудиторлық немесе бақылау-ревизия салаларындағы қатарынан үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұратындығы туралы мәліметтері жоқ;
4) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ;
5) соттың әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығандығы туралы мәліметтері жоқ жеке тұлға.";
6-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі өтініш және құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылдану мәртебесі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттың, өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы немесе болмауы туралы, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұратындығы/тұрмайтындығы туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішті және құжаттарды тіркеген күні оларды кейіннен орындаушыны анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің оңалту және банкроттық мәселелерін реттейтін құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Әкімшілердің кандидатураларын дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіби бірлестіктерінің (бұдан әрі – кәсіби бірлестік) мүшелері бір жылдан аспайтын мерзімге айқындайды және Комиссия құрамына қосу үшін ұсынады.
Кәсіби бірлестіктер оңалту және банкроттық саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар кандидаттарды таңдайды.
Комиссия құрамына қосу үшін ұсынылатын кандидаттар туралы мәліметтер жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірілмей мынадай ақпараттарды:
кандидатты сайлаған кәсіби бірлестіктің атауын;
кәсіби бірлестіктің сандық құрамын;
кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және оның оңалту және банкроттық саласындағы жұмыс тәжірибесін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жолданады.
Көрсетілетін қызметті берушіге кәсіби бірлестіктер таңдаған екеуден артық кандидат түскен кезде, Комиссия құрамына оңалту және банкроттық саласында жұмыс тәжірибесі көп әкімшілер енгізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге екі немесе одан көп кәсіби бірлестіктерден кандидатуралар түскен кезде, Комиссия құрамына әртүрлі кәсіби бірлестіктерден оңалту және банкроттық саласында жұмыс тәжірибесі көп әкімшілер енгізіледі.
Жұмыс өтілі тең болған жағдайда мүшелері көп кәсіби бірлестік сайлаған кандидат енгізіледі.";
мынадай мазмұндағы 3-параграфпен толықтырылсын:
"3-параграф. Бейнеконференцбайланысты қолдана отырып біліктілік емтиханын өткізу
24-1. Қазақстан Республикасының аумағына шет елден инфекциялық аурулардың әкеліну қаупі төнген кезде және республикада, Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарында және объектілерінде инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болуы кезінде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездерде, Комиссия біліктілік емтиханын бейнеконференцбайланысты қолдана отырып өткізуді бастамашылық етеді.
Бейнеконференцбайланысты қолдана отырып біліктілік емтиханын өткізу көрсетілетін қызметті берушінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық органдары ғимараттарында жүзеге асырылады.
Бейнеконференцбайланысты қолдана отырып біліктілік емтиханын өткізуді ұйымдастыру оны өткізу күнін, уақытын, орнын анықтауға, біліктілік емтиханына жіберілген көрсетілетін қызметті алушыларды және техникалық мамандарды тиісінше ақпараттандыруға негізделеді.
24-2. Бейнеконференцбайланысты қолдана отырып біліктілік емтиханын өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне компьютерлік тест тапсыру арқылы жүргізіледі.
Тестілеуде сұрақтар саны 100 (жүзден) аспайды. Тестілеу осы Қағидалардың 15-тармағымен анықталған сұрақтарды қамтиды.
Тестілеу үшін бөлінген уақыт 100 (жүз) минутты құрайды.
Тестілеу нәтижелері принтерде басылып шығарылады, Комиссия хатшысымен бұрыштама қойылады және таныстыру үшін айтылады, және кейіннен Комиссияға ұсынылады.
Бейнеконференцбайланысты қолдана отырып біліктілік емтиханын өткізу кезінде егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) және одан көп пайызын құраса, көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханынан өтті деп саналады.
Тестілеу нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы дәлелді шешім шығарады.
Комиссия шешімі біліктілік емтиханын өткізген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы жіберіледі.
24-3. Біліктілік емтиханының барысы хаттама түрінде ресімделеді, сондай-ақ жазу техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі.
Хаттамада: біліктілік емтиханының өткен күні, уақыты мен орны, бейнеконференцбайланысты қолданғаны туралы ақпарат, көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тестілеу нәтижесі, сондай-ақ Комиссия шешімі көрсетіледі, хаттамаға Комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды.
24-4. Бейнеконференцбайланысты қолдана отырып біліктілік емтиханын өткізу кезінде басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз және электрондық тасығыштардағы ақпаратты пайдалануға, бөлмеден шығуға жол берілмейді, сондай-ақ ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған ұялы байланыс заттарын ғимаратқа алып кіруге тыйым салынады.
Көрсетілген талаптарды бұзу көрсетілетін қызметті алушыны біліктілік емтиханынан шығаруға әкеліп соғады.
Мұндай көрсетілетін қызметті алушымен осы Қағидалардың 21-тармағымен белгіленген мерзімде өтінішті қайта беру жүзеге асырылады.
24-5. Біліктілік емтиханынан өтпеген тұлға осы Қағидалардың 23-тармағымен белгіленген мерзімде оны қайта тапсырады.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 1231 бұйрыққа 1-қосымша |
|
Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларына 1-қосымша |
"Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету әдістері | "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім – 2 (екі) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім. |
6 | Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және оны өндіру тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі |
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру туралы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден көрсетілетін қызметті берушінің бас тартуы үшін негіздемелер | Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 1231 бұйрығына 2-қосымша |
|
Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларына 4-қосымша |
Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім
Нөмірі
Берілген күні
Біліктілік емтиханының нәтижесі бойынша ___________________
________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
тестілеу бойынша: ________ балл;
емтихан билеті бойынша: ________ балл алды*.
Біліктілік емтиханын өткізу жөніндегі Комиссия мынадай құрамда:
Төраға: _________________
Комиссия мүшелері: _________________
_________________
_________________
_________________
Нәтиже:
____________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
біліктілік емтиханын тапсырды (тапсырмады).
Лауазымы тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басты куәландыратын
құжатта көрсетілсе)
Ескертпе: *бейнеконференцбайланысты қолдана отырып біліктілік емтиханын өткізу
кезінде толтырылмайды