"Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сактау министрінің м.а. 2017 жылғы 5 мамырдағы № 251 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 маусымда № 15276 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.12.2020 № ҚР ДСМ-334/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 62-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10970 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалар санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының, ұйымдарының, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылардың өз құзыреті шегінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) орындаушы – санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар;";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамында Кодекстің 62-бабының 3-тармағында көзделген жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген) айқындалған тізбеге сәйкес құжаттарды орындаушыға жібереді.

      Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарында Кодекстің 62-бабының 3-тармағында көзделмеген объектілерге, жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін тапсырыс беруші орындаушыға мына құжаттарды:

      1) Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсерін бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму жөніндегі жобаларды және нормативтік құжаттаманы;

      3) сумен жабдықтаудың жерүсті және жерасты көздерінің, су айдындарының санитариялық қорғау аймағын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын;

      4) санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі жоба, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстары, өндіру жөніндегі жобаны жібереді.

      6. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштері (бастамасы) бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу үшін олар Кодекстің 62-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 64-2-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етеді және қажетті құжаттаманы табыс етеді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Кодекстің 62-бабының 3-тармағында көзделген жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.

      Кодекстің 62-бабының 3-тармағында көзделмеген объектілерге, жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
А. Цой

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және

      даму министрі

      ___________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 22 мамыр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 29 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады