"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1124 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 тамыздағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімінің атауы мен 1-тармағында:
"Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібінде (бұдан әрі – Тәртіп):
атауында және бүкіл мәтін бойынша:
"Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | А. Табулдина |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты | |
хатшысының міндетін атқарушы | М. Шайдаров |